Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


9 саны және цифры

11 ақпан 2016, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ақтау қаласы №21 орта мектеп.
бастауыш сынып мұғалімі Жұмасатова Ғайни

Математика
Сабақтың тақырыбы: 9 саны және цифры.
Сабақтың мақсаты:
1. 9 саны және цифрымен таныстыру;
2. Ұқыптылыққа баулу. Өз бетінше есептей білуге үйрету ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Есептеу дағдысын қалыптастыру. Алған білімін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Натурал сандар қатары, кестелер, суреттер.
Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.
1) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау:
1) 8 санының құрамын анықтау
2) Сандар қатарында 8 саны қай саннан кейін келеді?
3) 8 саны қандай сандардан артық?
8>7
8>5
8>1
8>6
8>4
8>2
8>0
8 саны қандай сандардан кем?

ІІІ: Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІV. Жаңа сабақ.
1. 9 санын шығарып алу үшін не істейміз?
Математикалық диктант
2+7=9 ---------- 9 - 2=7 ---------- 9 - 7=2
3+6=9 ---------- 9 - 3=6 ---------- 9 - 6=3
8+1=9 ---------- 9 - 8=1 ---------- 9 - 1=8
Кесіндінің ұзындығын өлшеу, салыстыру

9см>8см ---------- 9см>7см ---------- 9см>6см ---------- 9см>5см
9см>4см ---------- 9см>3см ---------- 9см>2см ---------- 9см>1см

2. Салыстыр: 9*8 8*9
3. Қалып қойған сандарды ата
4. Теңдіктер құр. Оларды оқы.
1 + 7 = 8
8 – 7 = 1
8 – 1 = 7
4 + 4 = 8
8 – 4 = 4

Сергіту сәті.
Алтын нұрдай тамшылап,
Жапырақтар төгілді.
Біздің өмір таң шуақ,
Біздің өмір көңілді.
Кел, ойнайық!

5. Дәптермен жұмыс: 9 9 99 99 99
V. Жаңа білімді бекіту.
Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар. – деген мақалды еске ала отырып жазамыз.

9 қандай сандардан артық?
9 қандай сандардан кем?
Қосу, азайту амалына мысал құрастыру.
8+1=9 ---------- 7+2=9 ---------- 6+3=9 ---------- 5+4=9
9 - 8=1 --------- 9 - 7=2 --------- 9 - 6=3 --------- 9 - 5=4
9 - 1=8 --------- 9 - 2=7 --------- 9 - 3=6 --------- 9 - 4=5

«Ойлан тап» ойыны.

Бесбайда бар бес іні,
Елтайда бар екі іні.
Қоссаң бес пен екіні,
Неше болар шешуі.

Аулада бес үйрек,
Қорада үш үйрек.
Бір үйрек тығылды,
Бір үйрек жығылды.
Қалғаны неше үйрек. (6)

Табақта бес өрік,
Қолымда екі өрік.
Қосқанда барлығы,
Болады неше өрік. (7)

VІ. Сабақты қорытындылау.
Сұрақ жауап әдісі
- 9 саны қазақ ұғымында қандай сан?
- 9саны тақ сан ба, жұп сан ба?
- 9 мен 8 санының айырмашылығы.

VII. Бағалау:
Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне, ынтасына қарай бағалау.

Толық нұсқасын жүктеу
3 403
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
10 саны және цифры
10 саны және цифры
10 санымен цифрымен таныстыру, құрамын анықтау.
2 саны мен цифры. Үшбұрыш. Қысқа - ұзын. Жақын - алыс.
2 саны мен цифры. Үшбұрыш. Қысқа - ұзын. Жақын - алыс.
2 цифрымен таныстыру. «Ұзын, қысқа, тар, кең» ұғымдарын және дөңгелек туралы ұғымдарын қалыптастыру.
8 саны және цифры
8 саны және цифры
Оқушыларды 8 саны және цифры мен таныстыру. 8 санын шығарып алу жолдары мен оның сандар қатарындағы орны туралы түсінік беру.
7 саны және цифры
7 саны және цифры
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №244 Ы. Жақаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ташимова Нәзігүл Ахметханқызы
7 саны және цифры
7 саны және цифры
Қарғанды облысы, Қарқаралы қаласы, №44 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Қыстаубай Арайлым Әскербекқызы
9 саны және цифры
9 саны және цифры
Тарбағатай ауданы, Қарасу ауылы, В. П. Чкалов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тунжамылова Сакен
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×