Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бір – бірінен қарама – қарсы қозғалысқа берілген есептер

21 ақпан 2016, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы
М - С. Бабажанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
Абдрешова А.Ф.

Математика 4 - сынып.

Сабақтың тақырыбы: Бір – бірінен қарама – қарсы қозғалысқа берілген есептер
шығару.
Мақсаты: Білімділік. Сабақтың мазмұнын түсіндіре отырып, оқушылардың қызығушылығын арттырып, қозғалысқа, белгісіз үшінші қосылғышты табуға берілген есептер шығару барысында ережелерді дұрыс қолдана білуге, есте сақтау қабілеттерін одан әрі дамыта отырып, білімдерін шындау.
Дамытушылық. Тапсырмаларды орындау арқылы сын тұрғысынан ойлауын, қиялын дамыту, ауызша, жазбаша есептеуге төселдіру.
Тәрбиелік. Оқушыларды ұйымшылдыққа, адамгершілікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын әдістер: түсіндіру, сұрақ – жауап.
Көрнекілігі: Есептерге байланысты сызбалар, ережелер, үлестірмелі карточкалар.

Жоспар
І. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық – 5 минут
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру - 3 минут.
Ой қозғау: Ойлану – 1 минут
Жазу – 1 минут
ІІІ. Оқулықпен жұмыс – 20 минут
Ұжымдық жұмыс – 10 минут
Бекіту – 2 минут
ІҮ. Бағалау – 2 минут
Ү. Үй тапсырмасын беру – 1 минут

Мұғалім: - Балалар бәрімізде орнымыздан тұрайық. Бүгін бізге қонаққа келіп отырған ұстаздарымызбен сәлемдесіп жіберейік. Орнымыздан тұрып, ортаға шығайық.
Сәлемдесу сәті.
Үлкенге де сіз.
Кішіге де сіз
Құрметпенен сіздерге.
Бас иеміз біз.

Енді бәріміз шаттық шеңберіне тұрып, бір – бірімізге жүрек жылуымызды сыйлайық.
Күлім қағып қолымды,
1, 2, 3 деп соғайын.
Қарап тұрған көршіме
Мен қолымды бұлғайын.
Жылы, жылы сөзбенен, жүрегімді сыйлайын.
Жылы, жылы сөзбенен, маңдайыннан сипайын.
Ыстық алақаныммен, қолыңды бер қысайын,
Амандасып өзіңмен, құшақтасып алайын.
- Бүгінгі күндеріңізге сәттілік тілеймін, Бәріміз орнымызға жайғасайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. / Дәптерлерін жинап алау /
Ой қозғау.

Ережелерді сөйлету.
V = S: T
T = S: V
S = V х T
Vжақ = V₁ + V₂

Жылдамдық - уақыт бірлігі ішінде жүріп өткен қашықтық.

Бір – біріне және бірінен – бірі қарама – қарсы бағыттарға қозғалғандағы жақындау / қашықтау / жылдамдығы жылдамдықтрдың қосындысына тең.

ІІІ. Сараланған бөлім. Операциялық – орындаушылық кезең.
Өзіндік жұмыс
№ 1 кесте бойынша жұмыс
Мұғалімнің басшылығымен жұмыс
№2 кестедегі мәліметтерді пайдалана отырып,
есептер құрау
а/ ( 900 + 800 ) х 2 өрнегі бойынша есеп құрастыру.
Бір орманды мекендеген піл мен керік бірінен – бірі қарама – қарсы бағытта екі жаққа жолға шықты.
Пілдің жылдамдығы 900 м / мин, ал керіктің жылдамдығы 800 м/ минут. Олар 2 минуттан кейін қандай қашықтықта болады?
Пілдің V – 900 м / минут
Керік V – 800 м / минут
t – 2 минут
S -?
Шешуі: ( 900+800 ) х 2 =3400м. Яғни – 3400м = 3км400м
Жауабы: 2 минуттан кейін 3400 м қашықтықта болады.

№ 3
2 костюм – 7200 тг
Пальто -? 2 есе қымбат
3 пальто -?

Шешуі: 7200: 2 = 3600 тг / костюмнің құны /
3600 х 2 = 7200/ 1 пальтоның құны /
7200х 3 = 21600
Жауабы: 3 пальто 21600 теңге

№ 4
І күні – 22000 тг
ІІ күні -? 2 есе кем ------------------------ 42000 тг
ІІІ күні -?

Шешуі: 22000: 2 =11000
42000 – ( 22000 + 11000 )=9000
Жауабы: ІІІ күні – 900 теңге

№ 5
а/ 1896: 8 = 237
7524: 6 = 1254
15780: 5 = 3156
956: 4 = 239

ә/ 846 х 8 = 6768
615 х 5 = 3075
6004 х 2 = 12008
1983 х 9 = 17847

№ 7 ІІ бағаны
Х + 3020= 5827
Х= 5827 - 3020
Х= 2807
---------------------------
2807 +3020 = 5827
5827 =5827

30030: Х = 6
Х = 30030: 6
Х = 5005
-------------------
30030: 5005 = 6
6=6

Сергіту сәті
«2» дегенің нашар баға, алады оны нашар бала.
«3» дегенің орта баға, сапасы да орта ғана.
«4» дегенің жақсы баға, алады оны жақсы бала.
«5» дегенің үздік баға, оқитын бол үздік қана.

Ұжымдық жұмыс
№ 8
48 т + 507 кг = 48507 кг
90 м+075 мм = 90075 мм
8 км +027 м = 8027 м
8 ц + 97 кг = 897 кг
95 тг + 59 тиын = 9559 тиын
9 кг + 514 г = 9514 г

№ 9
Сүйір бұрыштар: АDС. FMK. DEB. AOC. OCA. AKB
1. Уақытты табу үшін не істейміз? T = S: V
2. Жылдамдықты табу үшін не істейміз? V = S: T
3. Қашықтықты табу үшін не істейміз? S = V х T
4. Жақындау, қашықтау жылдамдығын табу үшін
не істейміз? Vжақ = V₁ + V₂

Ү. Кіріктірілген бөлім. Рефлексиялық бағалау кезеңі.
Оқушылар сабаққа қатысуы бойынша бағаланады.
ҮІ. Үйге тапсырма.

Толық нұсқасын жүктеу
18 212
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бір – біріне қарама - қарсы қозғалысқа есептер
Бір – біріне қарама - қарсы қозғалысқа есептер
Велосипедші сағатына 30 км жылдамдықпен 60 км қашықтықты жүріп өтті. Ол қанша уақыт жол жүрді?
Бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептер
Бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептер
Оқушыларға қозғалысқа арналған есептер және сол есептерге кері есептер шығару жолдарын меңгерту. Бір бағыттағы қозғалысқа арналған есептерді шешуді үйрету. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Бір - біріне қарама - қарсы қозғалысқа есептер
Бір - біріне қарама - қарсы қозғалысқа есептер
Қашықтықты табуға берілген есептерді шығаруға, есепке сызба құруға үйрету; есептеу дағдыларын жетілдіру.
Бір - біріне қарама - қарсы қозғалысқа есептер
Бір - біріне қарама - қарсы қозғалысқа есептер
Оқушылар бір - біріне қарама - қарсы қозғалысқа берілген есептерді шығаруы, қозғалыстағы денелердің жылдамдығын, уақытын, қашықтығын табуы тиіс, өзіндік іс - әрекеттер қалыптастыру арқылы білімдерін дамытуы тиіс.
Бір - біріне қарама - қарсы қозғалысқа есептер
Бір - біріне қарама - қарсы қозғалысқа есептер
Қашықтықты табу үшін, қозғалыс жылдамдығын уақытқа көбейту керек.
Қозғалысқа байланысты есептер. Бір - бірінен қарама қарсы бағыттағы қозғалыс
Қозғалысқа байланысты есептер. Бір - бірінен қарама қарсы бағыттағы қозғалыс
Атырау қаласы, Амангелді селосы, Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Башиева Ақерке Шамилқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×