Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кім жылдам?

24 ақпан 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ақмола облысы, Атбасар ауданы,
Полтавка ауылы, Полтавка орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Кисекова Гульнар Наймановна

Қазақ тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Кім жылдам?»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: «Қазақ тілі» сабағында қолданылатын сөздерді тілдік қатынаста пайдалануды үйрену, мемлекеттік тіл меңгеру дәрежесін алған білімдерін байқау. Жинақталған білімдерін пайдалана отырып, сөздік қорларын толықтыру, ауыз екі тілде еркін жеткізуін қалыптастыру.
2. Дамытушылық: қазақ тіліне, әдебиетіне, тарихына қызығушылығын арттыру, ой - өрісін, дұрыс сөйлеу дағдыларын, қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: тілге деген қызығушылықты арттыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес жарыс сабағы.
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдері. сұрақ - жауап, жазу, еркін сөйлеу.

Оқушылар екі топқа бөлінеді.
І. Бір топ «Жабайы аңдар», екінші топ «Үй жануарлары» тақырыбынан тапсырма беріледі.
Бес қадам жүріп, 5 аңның ( 5 үй жануарлардың) атын атау.

Мысалы: І. Қасқыр, түлкі, қоян, аю, арыстан т. б.
ІІ. Сиыр, қой, шошқа, жылқы, түйе.

ІІ. Төмендегі шаршыға сәйкес келетін тағам аттарын кім жылдам толтырады?
Е
Н
Қ
Ш
К
І
Ж

ІІІ. Ойын:«Аквариум». Кім көп балық аулайды?
Екі топқа балық суретті қиықшалар таратылады. Балықтың артқы жағында тапсырма берілген.
Қай топ тапсырманы дұрыс және шапшаң орындаса, солар жеңеді.
ІҮ. Жұмбақтар шешу.

І. Ащы емес, тәттімін
Жұмсақ емес, қаттымын.
Бұл не?
(Қант)

ІІ. Қыс болса үйде тұрмайды,
Қырдан төмен зырлайды.
(Шана)

І. Шыр - шыр етеді,
Құлағынан өтеді,
Ұстай алсаң,
Сөйлеп кетеді.
(Телефон)

ІІ. Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар.
(Ешкі)

Ү. Сөйлемдерді дұрыс құрастыру.
Әр топтан үш оқушы шығады. Ә оқушыға қиықшаға жазылған бір сөзден беріледі.
Мақсаты: осы сөздерден дұрыс сөйлемдер құрастыру.
Қағазды босқа қима
Киімді күтіп ки

ҮІ. Сөзжұмбақ: «Дене мүшелері».
Қай топ сөзжұмбақты көп шешеді, жеңіс солардікі.
1 - шаш, 2 - ауыз, 3 - маңдай, 4 - қас, 5 - қол.
ҮІІ. Сөзжұмбақты шешу.
3
7
50
100
Қай топ тез осы цифрларымен сөздер құрастырады?
(Үшқұдық, Жетісай, Жетісу, Елубай, жүзім)

ҮІІІ. Жаңылтпаштар. Жаңылтпашты шапшаң және жаңылыспай оқу.

1. Көк тырна ---------- 2. Шемішке шақсаң шақ,
Көп тырна. --------------- Шапшаң шақ.
Тыраулап ----------------- Шөбіңді шабан шап,
Көп тұрма. --------------- Шапшаң шап.

ІХ. Дөңгелек кесте. Мына дөңгелек кестеден қандай сөздер шығаруға болады?
Қа - ла, қа - сық, қа - лам, қа - зақ, қа - ғаз, қа - уын

Х. Балалардың аты кім?
Екі топқа тапсырма беріледі. Бір топ жылдам көкөністерді атайды, екінші топ жылдам жемістерді атайды.
Әр топтың, әр мүшесі бір жемісті (көкөністі) атап шығуы қажет. Қай команда бұрын атап шыққаны жетеді.

ХІ. Қорыту.
Қазылар алқасы жеңген топты атайды. Балаларға тәтті сыйлықтар таратылады.
15 246
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет (қысқа мерзімді жоспар)
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет (қысқа мерзімді жоспар)
Мәтіннің мазмұнын меңгерту, Қазақстан туралы білімдерін толықтыру, білім алушылардың сөйлеу қабілеті мен танымдық деңгейін арттыру, сөздік қорын молайту.
Жабайы аңдар «Тапқыр қоян»
Жабайы аңдар «Тапқыр қоян»
Жабайы жануарлардың мекені, қоректенуі және олардың жабайы деп аталуы туралы түсінік беру. Балаларға ертегінің жоспар бойынша мазмұнын айтуды үйрету арқылы зейіндерін дамыту.
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, "Ақтоғай жалпы білім беретін орта мектеп" КММ даярлық тобының тәрбиешісі: Майликутова Сайлаухан
Жабайы және үй жануарлары
Жабайы және үй жануарлары
Сабақтың тақырыбы: Жабайы және үй жануарлары
Жабайы аңдар (6 сынып)
Жабайы аңдар (6 сынып)
Қарағанды қаласы, № 74 ЖББОМ орыс сыныптарына қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сембаева Асель Сериковна
Етістіктің болымсыз түрі
Етістіктің болымсыз түрі
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, № 31 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Шильдебаева Сәуле
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×