Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көп таңбалы сандарды қосудың және азайтудың жазбаша тәсілдері

02 наурыз 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Еңбек ауылы, Еңбек негізгі мектебінің
бастауыш класс мұғалімі
Тегисова Гулден Маратовна

4 сынып
Тақырыбы: Көп таңбалы сандарды қосудың және азайтудың жазбаша тәсілдері
Мақсаты: а) Оқушыларды қосу мен азайтудың қасиеттерін пайдаланып, жазбаша есептеуге үйрету
ә) Математика пәніне қызығушылықтарын арттыру. Танымдық қабілеттерін логикалық ойлауын дамыту.
б) Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: жарыс, сұрақ - жауап, ойын, рефлексия
Көрнекілігі: семантикалық карта, карточка, ммм кестесі

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен амандасу
ә) Психологиялық дайындық жасау
- Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Себебі сабаққа қонақтар қатысып отыр. Ал атамыз қазақ қауым алдында сәлемсіз сөз бастамаған. Сондықтан алдымен қонақтармен амандасып алайық.
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
-«Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады» демекші, біз ұятқа қалмауға тырысайық.
Сабақта алаңдамай, еркін еңбек етіңдер. Өз ойларыңды қысылмай, ашық айтыңдар. Мен сендерге сәттілік тілеймін.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру №8 теңдеу шешу

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту (сұрақ – жауап)
1. Теңдеу дегеніміз не?
- Теңдеу деп құрамында әріп болатын және онымен белгіленген санды іздеу мақсаты қойылатын теңдікті айтады. Демек, белгісіз саны бар теңдікті теңдеу дейміз.
2. Теңдеу шешу дегеніміз не?
- Теңдеуді сандық теңдеуге айналдыратындай белгісіз санның мәнін табу.
3. Теңдеудің кандай түрі бар?
- теңдеулер жәй және күрделі болады. Бірнеше амалдан тұратын теңдеулер күрделі теңдеулер болады.
Үй тапсырмасы орындалған дәртерлерді жинап алып, жаңа дәптерлерді таратып беру.

ІҮ. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі.
Қызығушылықты ояту: Сандар және цифрлар
Әлемде үлкен бір ел болыпты. Бұл елдің тұрғындары сандар екен. Олармен қатар бұл елде цифрлар да өмір сүріпті. Сандардың көптігі соншама, санасаң сан жетпейді екен. Ал цифрлар бар болғаны он: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 0
Сандар мен цифрлар тату - тәтті өмір сүріп жатады. Мысалы біреу он бес десе, 15 саны жетіп келеді, егер оны жазу керек болса 1 және 5 цифры қатар тұра қалып, 15 деген санды жаза қояды екен.
Күндер өтіп жатады. Неге екені белгісіз, бір күні сандар цифрларға келіп: «Біз көппіз ал сендер бар болғаны онсыңдар. Сондықтан біз сендерден мықтымыз» дейді.
Цифрлар сандарға ренжіп қалады. Сонда 0 цифры басқаларға «Мақтаншақтары жоқ басқа елге кетейік. Сандар өздері қалсын. Көрейік не істейтіндерін?» дейді
Күндердің күнінде сандар өздеріне жаңа үй салады. Енді әркім өзінің есігіне нөмірін жазайын десе, жаза алмайды. Сандар өз аттарын айтып, қанша айқайласа да, ештеңе шықпайды. Өйткені олардың қасында цифрлар жоқ. Сонда ғана сандар өз қателіктерін түсінеді. Сандар қаншама көп болса да цифрларсыз өмір сүре алмайды екен.
Сандар енді цифрларды іздеп шығады. Ақырында оларды тауып алып кешірім сұрап, елдеріне қайта алып келеді. Содан бері сандар мен цифрлар тату – тәтті, достықта өмір сүріп жатыр екен.
Ой ашар: Оқушылардан цифрлар және сандар туралы не білетіндерін сұрау.
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті
Тақтада үлгі болып көрсетілген көп таңбалы сандарды сөзбен жазу.

Ү. Жаңа сабақ ой қозғау.
1. Ой қозғау. Оқу - білім туралы мақал - мәтел айтқызу.
Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар
Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
Алтын алма, білім ал.
Ақыл - тозбайтын тон, білім - таусылмайтын кен.
Оқымаған бір бала, оқыған екі бала
Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
- Бұған дейін екі таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін меңгердік. Үлкен сандарды ауызша қосу және азайту қиын. Нәтижелерді есте сақтау оңай емес. Сондықтан жазбаша орындау оңай.
24950
+ 22610
47560

68125
+ 45615
113740

68125
- 45615
22510

«Кім жылдам?» ойыны. №2

№6. Математикалық диктант
а) 8057 және 5903 сандарының қосындысын 4825 – ке кеміту.
ә) 25002 және 8782 сандарының айырмасын 10008 – ге арттыру.
б) 12987 және 2987 сандарының айырмасына 7892 санын қосу.
Карточка таратып беру. №3
Азайтуды орында:
5891 – 971 = 4920 5м 88 мм – 3 м 27мм = 2м 61 мм
4920 + 971 = 5891 2м 61 мм + 3 м 27мм =5м 88 мм

9082 – 8048 = 1034 42 ц 42кг – 8 ц 37 кг =34 ц 5 кг
1034 + 8048 = 9082 3т 256 кг – 1т 34 кг =2т 222 кг
52 м 586 мм – 27 м 397 мм = 25м 189 мм
29м 189 мм + 27м 397 мм = 52м 586 мм
Есепті шығар. №7
Кітапхана алды:
Қазақ тілінде – 1200 оқулық
Орыс тілінде – одан 3 есе кем
Барлығы -?
Ш: 1200+ (1200: 3) =1200 + 400 =1600
Жауабы: кітапхана 1600 оқулық алды

Сергіту сәті. Музыка әуенімен орындалады.
Өз бетімен жұмыс. №4
х + 205 = 1708
х = 1708 – 205
х = 1503
1503 + 205 = 1708

х – 96 = 705
х = 705 + 96
х = 801
801 – 96 = 705

890 – х = 605
х = 890 – 605
х = 285
890 - 285 = 605

290+х=1505
х=1505 - 290
х =1215
290+1215=1505

Семантикалық карта №9
Есептің мәні

Есептің берілуі -------- 211 ----- 0 ----- 1608 ----- 606 ------ 162 ----- 192
48: 24 - □ =2
320 × 5 + 8=□
300: 50 +205=□
108×6 - □ =42
107× 6 - □ = 480
308 ×2 + □ = 808
ҮІ. Рефлексия (ммм кестесін толтыру)
Маған.... қиын болды
Мені.... қызықтырды
Мен...... игердім
ҮІІ. Үйге тапсырма
№5, 67 - бет
ҮІІІ. Бағалау

Толық нұсқасын жүктеу
18 183
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту
Көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту
Теңдеу және оны шешу тәсілдерін есептер шығару барысында пысықтау. Логикалық ойлау есептеумен танымдық қабілеттерін, зейінін, есте сақтауын дамыту, өздіктерінен жұмыс істей білуіне дағдыландыру.
Көп таңбалы сандарды қосудың және азайтудың жазбаша тәсілдері
Көп таңбалы сандарды қосудың және азайтудың жазбаша тәсілдері
Оқушыларға жаңа тақырып бойынша түсінік қалыптастыру. көп таңбалы сандарды қосу және азайтудың жазбаша есептеу тәсілдерін орындауға үйрету; есептеу тәсілдерін жетілдіру.
Үш таңбалы сандарды салыстыру
Үш таңбалы сандарды салыстыру
Үш таңбалы сандарды салыстыру. Нөлмен аяқталатын үш таңбалы сандарды қосу және азайтудың ауызша тәсілдерімен таныстыру; разрядтық қосылғыштарға жіктеу;
35 - 7 түріндегі жағдайлар үшін есептеу тәсілдері
35 - 7 түріндегі жағдайлар үшін есептеу тәсілдері
Екі таңбалы сандарға бір таңбалы сандарды қосу мен азайтудың тиімді тәсілдерін меңгерту, ауызша есептеу дағдыларын жетілдіру. Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын, белсенділігін, ойлау - танымдық қабілеттерін дамыту.
Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері»
Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері»
Атырау қаласының жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Хасанова Галя Санахқызы
Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері
Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері
Атырау қаласы, Жаңаталап селосы,Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Измұханова Салтанат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×