Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақсақ киік

31 наурыз 2016, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Алматы облысы, Сарқан қаласы,
Абай атындағы мектеп - гимназия
Бастауыш сынып мұғалімі
Бекболатова Дана Кайролдановна

Ана тілі
Сабақ тақырыбы: Ақсақ киік
Мақсаты: Білімділігі: 1. Өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу
Тәрбиелігі: қоршаған табиғи ортаны қорғап, сақтауға баулу, Елтануға, отансүйгіштікке баулу
Дамытушылығы: оқушылардың дүниетанымдық ой - өрісін, сөздік қорын дамыту, шығармашылыққа жетелеу
Міндеті: оқушылардың өлеңді талдайды, тапсырмаларды орындайды, өздігінен ой қосады
Әдіс - тәсіл: (анализ - синтез) логикалық, сұрақ - жауап, дәлелдеу, ізденіс

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: үн таспа, интерактивті тақта, суреттер, ҚР-ның картасы, «Қызыл кітапқа» қа енген жануарлар суреттері, «Ақсақ киік»,»Жез киік», күйі мен өлеңі, С. Сейфуллиннің суреті

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушыларды сабақта жұмыс істеуге даярлау

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Код арқылы диктант.(балаларға үлестіріп беру), (Сұрақтар интерактив тақтада жазылған)

1. Қай әңгімеде ұқыпты бала туралы айтылған?
2. Қасқырларды алдап, айла - тәсіл қолданғаны туралы қай мәтінде айтылған?
3. Қақ, бәкене деген сөздер кездескен мәтінді белгіле
4. Жаңа туған лақты «құралай» деп атайды. Қай мәтіннен үзінді?
5. Сәбит Мұқанов жазған шығарма
6. ... көркіне, көрінісіне қызыға жоғары қарай өрлей бердім. Қай мәтіннен үзінді?
7. Көзі мөлдіреп тұрады, дене құрылысы қой мен ешкі малына ұқсайды... Қай мәтінге байланысты деп ойлайсың?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Мен сендерге Оразақынованың «Сатылай талдау технологиясы» бойынша Сәкен Сейфуллиннің өмірін жазып келуді тапсырғанмын. Енді сендер соны ашып менің жазғаныммен салыстырыңдар. Қосатындарың болса қосыңдар.
Ендеше жаңа тақырыппен таныспас бұрын ақынның өмір жолын жазған жұмыстарыңды талдайық (Автордың аты - жөні лентамен жүріп тұрады.

Сәкен Сейфуллин

(Сәдуақас)
(1894 - 1938)
Қарағанды обл. Жаңаарқа ауд.
Ақын, жазушы, драматург, қоғам қайраткері
«Көкшетау»,»Қызыл ат» поэмасы,
«Қызыл сұңқарлар»,»Бақыт жолында» пьесалары
«Тар жол тайғақ кешу», мемориалы
»Жер қазғандар»роман, повесттер
«Халық жауы» ретінде кінәсіз жазаланды

- Балалар, кейбір ақын - жазушылар өздерінің басынан кешкен оқиғаларын әңгіме ретінде жазады. Бұндай шығарманы «мемориал»деп атайды. Ақында өз өміріне байланысты мемориал жазғанын көріп тұрсыңдар. Біз ақынның өмірі туралы тағы да қандай шығармасымен таныспыз?
- Кім жазып еді? («Сәкен» (жазған Мәжит Сейфуллин)
Автордың шығармасымен таныспас бұрын тақтаға назар аударайық.
- Не көріп тұрмыз? (Көкарай шалғын, жайқалған гүлдер, сарқыраған өзендер табиғатқа сән беріп, жұпар иісі мұрыныңды жарады. Осы көрініске бүркіт сияқты қыран құстардың қалықтай ұшуы, қырдың қызыл түлкісінің тұра қашуы, саққұлақ қояндардың секіруі, алаңсыз су ішіп тұрған киіктердің жайбарақат қалпы табиғат әсемдігін толықтырып тұрғандай.)
- Енді мына суретке қараңдаршы. Жаңа ғана су ішіп тұрған киіктер қашып барады.
Неліктен сонша үрікті екен?
- Жыртқыш аңнан үрікті ме?
- Әлде, аңшының атқан оғынан үрікті ме?
- Сендер қалай ойлайсыңдар? (Оқушылар әрқайсысы өз ойларын айтады?)
- Енді сендердің ойларың ақынның ойымен сәйкес келе ме екен,
- Мұны білу үшін қазір үш қатар екі шумақтан бөліп оқып, дайындаласыңдар, сосын оқыған шумақтарыңды экрандағы суретпен байланыстыра отырып әңгімелейсіңдер.(2 - 3 мин)
(Әр қатардан бір оқушыдан шығып, оқыған шумақтарының мазмұнын экрандағы суретпен байланыстыра отырып, әңгімелейді.) (Тақтадан шумақтарға арналған суреттер шығады. (Тақтадан Сәкеннің суреті, ақсақ киікпен шығады)
- Яғни талдап жатқан өлеңіміз «Ақсақ киік» деп аталады екен.
Дәптерлеріңе бүгінгі тақырыпты жазып қойыңдар.

Картамен жұмыс.
- Балалар, бұл жағдай Арқаның Бетпақдала деген жерінде болған екен. Арқа Сарыарқаның ауданы 1млн. км алып жатыр. Сарыарқаға Қарағанды, Жезқазған, Ақмола жерлері толық, Көкшетау Павлодар, Семей, Торғай өлкесінің біраз жерлері кіреді. Бетпақдала шөлейтті өңір. Ауданы - 75000 км. Бұл жағдай осы өңірде болған екен.
- Қалай ойлайсыңдар бұл шын болған ба, әлде өтірік пе?
Тақтадағы керекті дүниені жазып алайық. (Өзім жазамын.)
Арқа Сарыарқаның ауданы 1млн жерді алып жатыр. Бетпақдала шөлейтті өңір. Ауданы - 75000 км.

Оқулықпен жұмыс
- Балалар Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңін әнмен тыңдайық Сендер өлең айтылып жатқанда кітапқа назар аударып, түсініксіз сөздер болса белгілеп отырыңдар.
- Өлең сендерге қалай әсер етте?
Сөздік жұмыс
Төменде берілген сөздердің мағынасын ашу
Мерген - дәл тигізетін адам
Арқа - кең дала, жазық дала
Бетпақдала - жері құрғақ, шөбі сирек, шөл дала

Жоспар құру
Енді ойымызды жүйелеу үшін жоспар құрып алайық. Сол жоспарды маған ілесе отырып жазып алыңдар. (Тақтаға жазамын.)
1. Бетпақдала
2. Мергендер
3. Кербез киік
4. Ақсақ киік
Осы жоспар бойынша жауабын іздеп көрелік (Оқушылар табады.)
- Өлеңде неше шумақ бар?
- Бір шумақта неше тармақ бар?

«Ойыңды жинақта» (тақтадағы сөздердің дұрысына + қою)
Шығармадағы мерген
Қайырымды
Мейірімді
Ер жүрек
Пайдақұмар
Қатыгез
Рақымсыз
ақылды

Рефлексиялық тапсырма.
- Оқ тиіп жараланған киіктің хәлі қандай деп ойлайсыңдар?
- Осы өлеңде киіктің монологы бар, соған назар аударыңдаршы (тақтадан көрсетіледі)
Келеді қаңғырақтап жалғыз өзі
Тілі жоқ, құр жүрекке айтар сөзі
- Балалар, ойланып көріңдерші, егер киікке тіл бітсе, ол не деп айтар еді? (Балалар ойланып, болғаннан кейін сурет салынған кіші тақтаның артына барып киік болып сөйлейді)
Қорытынды. Балалар, біз алдыңғы сабақта «Қызыл кітапқа» енген жануарлар туралы айтқанмын, соның ішінде киікке де тоқталғанмын - Н. Ә. Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі Қазақстан халқына арналған жолдауында табиғатты қорғау туралы айтылғанын. Сондықтан киікті атуға болмайды. табиғатты, туған жерді аялап, оны қорғап, сүйе білейік.

Бағалау. Үйге тапсырма. Өлең жолымен сурет салу. «Ақсақ құлан» мультфилімін іздеп келу. Сұрақтарын талдап, мәнерлеп оқу.

Суретшілер де, ақындарда табиғатқа керемет шығармаларын арнаған. Сондай әсерлі күйлердің бірі «Ақсақ құлан» күйін тыңдап, сабағымызды аяқтайық.

Толық нұсқасын жүктеу
3 074
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин (Сәдуақас) (1894 - 1938) Қазақтың көрнекті жазушысы, ақын, қоғам қайраткері.
Сәкен Сейфуллин "Ақсақ киік"
Сәкен Сейфуллин "Ақсақ киік"
Ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлұматтар алуына жағдай жасау, «Ақсақ киік» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу. Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып, жаңа деректер ашуға жағдай туғызу, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу, автор шеберлігін тануына көмектесу, өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету. Ақын жайлы жаңа деректер алады, өлеңнің тақырыбы
«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин
«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин
Бастауыш сынып мұғалімі Жолшибекова Индира Тұрғанбекқызы
Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік»
Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік»
Астана қалас, № 8 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ермаганбетова Марал Маратовна
Сәкен Сейфуллин"Ақсақ киік"
Сәкен Сейфуллин"Ақсақ киік"
Алматы облысы, Көксу ауданы, Жапсарбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Көшенова Шара Шаймұханбетқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×