Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелдеулі зат есімнің септелуі

04 желтоқсан 2012, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Тәуелдеулі зат есімнің септелуі.
Сабақтың мақсаты: Балаларға жай және тәуелді септеудің жалғауларын, тәуелді зат есімдердің септелуіндегі ерекшеліктерін меңгерту.
Олардың сөздік қорын, тілін дамыту, сөз құрамын талдауды, жалғау түрлерін ажырата білуін дамыту.
Оқушыларға дастархан басындағы отбасы мүшелерінің орны туралы айта отырып, отбасы сыйластығын қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, мазмұнды суреттер, кестелер.

Сабақтың жүрісі
I. Ұйымдастыруы.
II. Өткенді қайталау.
- Балалар барлығыңыз электронды оқулықтарыңызды ашып, зат есімнің септік жалғау жалғауларын қайталап жіберейік.
/Электронды оқулық. Қазақ тілі. 4-сынып. Менің көшем. Нәтижені тексеру. 4-тест /
Оқушылар жұмысын тексеру.
- Сонымен септіктер туралы не айта аласыз?
Атау септіктегі сөздер сөйлемде бастауыш болады. Мыс: Ақтау теңіз жағасында орналасқан.
Атау септіктегі сөздер басқа септіктегі сөздерге негіз болады.
Атау септіктегі сөздер тәуелдік жалғауына қарай: кімім? нем? кімің? нең? кімі? несі? деген сұрақтарға жауап береді.
Сөйлем соңында баяндауыш болады. Айгүл-тәрбиеші.
Ілік септігіндегі сөздер дыбыс үндестігі мен буын үндестік заңдарын сақтайды.
Мыс: Әйнек+ тің
Ілік септігіндегі жалғаулар кейде жасырын тұрады. Мыс: Балалар үйі.
Ілік септігіндегі сөздер анықтауыш болады. Мыс: Алыстан әкемнің даусы шықты.
Барыс септігіндегі сөздер де дыбыс үндестігі мен буын үндестік заңдарына бағынады.
Мыс: Асқар+ға, береке+ге, ат+қа, ет+ке
Барыс септігіндегі сөздер толықтауыш болады. Мыс: Айнұр гүлге су құйды.
Табыс септігіндегі сөздер де толықтауыш болады.
Табыс септігіндегі сөздер дыбыс үндестігі мен буын үндестік заңдарын сақтайды.
Мыс: Жақсылық+ ты, қарыз+ды, жүк+ті
Жатыс септігіндегі сөздер дыбыс үндестігі мен буын үндестік заңдарына бағынады.
Жатыс септігіндегі сөздер кімде? неде? деген сұрақтарға жауап беріп сөйлемде толықтауыш болады. Мыс: Менде бір ой бар.
Жатыс септігіндегі сөздер қайда? деген сұраққа жауап беріп пысықтауыш қызметін атқарады. Мыс: Атам ауылда тұрады.
Шығыс септігіндегі сөздер буын және дыбыс үндестіктері бойынша жалғанады.
Мыс: Кітап+тан, көңіл+ден, аспан+нан
Кімнен? Неден? сұрақтарына жауап берсе, сөйлемде толықтауыш болады.
Мыс: Асан қағаздан гүл жасады.
Қайда? қашан? сұрақтарына жауап беріп пысықтауыш қызметін атқарады.
Көмектес септігінің : жалғаулары кейде дыбыс үндестігіне бағынбайды.
Мыс: тарақ+пен, ағаш+пен.
Кіммен? немен? сұрақтарына жауап бергенде, толықтауыш болады.
Мыс: Асанмен демалыста бірге болдым.
Қалай? Сұрағына жауап бергенде пысықтауыш болады. Мыс: Тапсырманы абыроймен орындапты.

2. Тәуелдеулі зат есімнің септік жалғауларын қайталау.
/ Электронды оқулық. Қазақ тілі. 4-сынып. Отбасындағы қарым-қатынас. Оқылым. /
Тәуелдеулі сөздерді септеп жазыңдар.
Атам, әжең, әкесі, анам, орамалдары, камзолың, немерем, сыйлығым, балалары, қызымыз, ағасы, апаң, қарындасым.
/ереже сұрау/
Ендеше тәуелдеулі зат есімнің қандай ерекшеліктері бар?
- Олай болса, бүгінгі сабағымыз да тәуелдеулі зат есімдердің ерекшеліктерімен жете таныса отырып, отбасындағы қарым-қатынас, отбасы мүшелерінің дастархан басында орны туралы болмақ.
- Үйімізде дастархан төрінде кім отырады?
- Әрине атамыз. Ата-береке, өнеге даналықтың қайнар көзі.
Атаның тапсырмасы: 364- жаттығу.
- Алдымен дәптерлерімізді ашып, күннің жадын жазамыз.

Тақтамен жұмыс.
Барыс, табыс септігіндегі сөздерді тауып, сөз құрамына талдау. /Атаның алғысы/.
- Атадан кейін төрде кім отырады?
Әже. Әже - аналардың анасы, мейірімді жан.
- Әжемізбен бірге жаңылтпаш жаттап көрейікші. 366-жаттығуды орындау
- Жаңылтпашты қалай түсінесіңдер? /Әженің алғысы/
- Сонымен үйдегі қарттарымыздан кейін кім отырады?
Атамыздың оң жағына. Әке – ақылшымыз, үлгі-өнеге беруші, әке тұрып, ұл сөйлегеннен без дейді халқымыз.
Әкенің тапсырмасы:
Әкеміз бізге жаңа сөз ала келіпті, енді 365-жаттығуды орындай отырып, жаңа сөзбен танысамыз.
Жұмбақты шешіп, тапсырмаларын орындау.
Темір төс деген не? Түсіндіру. /Әкенің алғысы/
- Ал анамыз қайда отырады?
- Әкеміздің жанынан табылады. Дұрыс айтасыңдар. Әлемнің жарығын сыйлаған ана.
Ананың тапсырмасы: 367- жаттығу.
Бір септіктегі сөздерге септік жалғауының әртүрлі жалғануын түсіндіру.
/Анамыздың алғысы/
- Ал балалар қайда отырады?
Жастарына қарай әжесінің жанына отырады.
Балалардың тапсырмасы: 368 жаттығу.
Өз бетімен жұмыс.
Өлеңнің алғашқы жолын жатқа жазу, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойып, септігін ажырату.

Сабақты қорытындылау.
Отбасындағы сыйластық бұл – Қуаныш
Бақыт
Қызықты өмір
- Дастархан басындағы отбасы мүшелерінің орнына тоқталу.
- Тәуелдеулі зат есімнің септелуіндегі ерекшеліктер
«Ұйқасын тап» ойыны.
Құрметтейік атамды,
Ардақтаймын апамды.
Көкемді жақсы көремін
Үнемі көмек беремін:
Үлкенді сыйлау – кішілік
Үлгілі мінез - кісілік
60 900
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табыс септік
Табыс септік
Зат есімнің септелуі туралы біледі. Септік жалғауларын және сұрақтарын толық меңгереді. Табыс септіктегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінімен және оның жалғауларын біледі.
Барыс септік
Барыс септік
Зат есімнің септелуі туралы түсініктерін кеңейте түсу, өз бетімен жұмыс жасау арқылы барыс септік туралы білімдерін одан әрі кеңейте түсу. Сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдана білу.
Жатыс септік
Жатыс септік
Жалғауларды сөздерге дұрыс жалғай білуге үйрету, жаттығулар орындау. Танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше жұмыс жүргізу және ой қорытуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту.
Зат есімнің септелуі. Тест
Зат есімнің септелуі. Тест
1. Көмектес септікте тұрған зат есімді көрсетіңіз. A) Дәптердің. B) Қызбен. C) Кітапты. D) Гүлдер. E) Балаға.
Тәуелдеулі зат есімнің септелуі
Тәуелдеулі зат есімнің септелуі
Оқушыларды тәуелдеулі зат есімдердің септелу жолдарымен таныстыру; Сөйлем ішінен сұрақ қою арқылы септеулі зат есімдерді таба білу.
Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі
Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі
Тәуелдеулі зат есімдердің септелуін түсіндіру, зат есімнің жай түрі мен тәуелдеулі түрінің септелуін салыстыру арқылы өзгешеліктерін байқату.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×