Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің Отаным - Қазақстан!

14 мам 2016, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
ОҚО, Шымкент қаласы,
№89 мектеп - лицей бастауыш сынып мұғалімі
Жунсбекова Айнаш Умеркульевна

Тәрбие сағаты 1 сынып
Сабақ тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан!
Мақсаты: Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз – Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту.
Шеберлік: Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру.
Дағды: Оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға дағдыландыру.
Түрі: саяхат сабақ
Әдісі: топтық жұмыс, сұрақ - жауап, пікірталас, «Зымыран» сұрақтар, «Мозайка» әдісі
Көрнекіліктері: жалауша, суреттер, плакат, слайд

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
Хор: Әнұран.
Санамақ бойынша 4 топқа бөлінеді
І топ – «Аудан»
ІІ топ – «Қала»
ІІІ топ – «Облыс»
ІV топ – «Республика»
- Кәне, балалар Отан деген не?
- Адамның туып өскен жері, туған - туысқандары, біз тұратын атамекен.
- Балалар біздің отанымыз қалай аталады?
- Біздің - Отанымыз Қазақстан.
- Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымыз «Менің Отаным - Қазақстан» деп аталады.

ІІ. Негізгі бөлім.
Бүгінгі сабағымызда түрлі - түсті ұлттық оюлар жинау арқылы бал жинаймыз.

1. Балалар Отан туралы өлеңдер оқып, елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде. Ендеше өнерімізді ортаға салайық. Қоржынымызға ұпай жинайық.
Көрініс. (Музыка ойнап, аяғын ақырын басып ата шығады. Орындыққа келіп, демалып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі шығады).
Немересі: Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы: Ә, балам, атаң не ойламайды дейсін! Сенің болашағыңды ойлаймын.
Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.
Немересі: Ата, «өткен өмір» деген не?
Атасы: Балам, «өткен өмір» деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, бұл тарих емес пе?
Немересі: Ол қандай болған ата?
Атасы: Ендеше тыңда, балам! Сен тарихыңды, жеті атаңды білуге тиіссің. Отаны жоқ адам нағыз бақытсыз жан, ал біз қазақ халқы нағыз бақ қонған тәуелсіз халықпыз. Сенің ата - бабаларың бірнеше жылдар бұрын Өзбекстан Республикасында өмір сүрді. Өз Отаны Қазақстанға келу арман болатын. Сол арманымызға жетуге ел ағасы Ибадулла Жантөре ұлының еңбегі зор болды. Ол кісі біздің өз Отанымыз Қазақстанға қоныстануымызға, сендердің осындай қалада тұруларыңа, мынадай зәулім мектепте оқуларыңа орасан зор еңбек етті. Президентіміздің қолдауымен, ел ағаларының еңбектерінің арқасында осындай «Асар» атты қалашық пайда болды.
Немересі: Ата, ол кісі қалай мықты болған?
Атасы: Балам, ол кісі терең, жан - жақты білімді адам. Ендігі кезде туған жерді гүлдендірер ұл - қызы, мына, сендерсіңдер.
Немересі: Ата, ендеше мен Қазақстанды одан әрі дамыту үшін сабағымды өте жақсы оқитын боламын.
Атасы: Солай болсын балам, солай болсын. (Атасы мен немересі шығып кетеді).
Мұғалім: Ия, балалар, біздің ата - бабаларымыз бұдан бірнеше жылдар бұрын
Өзбекстан Республикасында жасағанын, президентіміздің қолдауымен, ел ағаларымыздың еңбектерінің арқасында өз отанына қоныс аударғанын білдік, біздің «Асар» мөлтек ауданы үлкен еңбектің, бірліктің арқасында құрылғанына көз жеткіздік.
Олай болса, ел ағаларына, Асарымызға шашуымызды шашайық!
(«Асар» туралы видео ролик көрсету)

Әнель: Асар - Асар болғанша не бір күндер өтті ғой,
Қанша асыл – азамат маңдай терін төкті ғой.
Өз қорынан кейбіреу қомақты көмек етті ғой
Елі үшін кейбіреу жанын да пида етті ғой.
Тар жол тайғақ кешуін бірлікпен жеңіп өтті ғой
Асардың халқы мінеки - мақсатына жетті ғой.
Дулат:
Елбасы келіп еліне, үндеуін елге жолдады,
Елімнің ой - пікірін ден қойып әбден тыңдады,
Уәде беріп ел - жұрттың көңілін көтеріп тастады,
Пилоттық жоба «Нұрлы көш» жұмысын солай бастады.

Ұлжамал:
Көп ұлттың еңбек өкілі еңбек етті еселі
Жемісін көріп еңбектің мерейлері өседі.
Бос жатқан жердің орнына, құрдығой көркем жас қала
Елге оралған ағайын құтты болсын баспана.

Абылай:
Құрылып мектеп, бақшасы, суы менен жарық, газы бар
Жұмыс орны болсын деп, құрылды алып заводтар.
Бау - бақшамен, жылы жай, саябағы тағы бар
Қоныстанған Асарға елімнің сондай бағы бар.

Нұрбибі:
Ел басқарған ағалар, еңбегін ел бағалар
Жетелеп елді қашанда жеңістерге жете бер.
Дендерің сау боп шаршамай,
Мың жасай бер - Ағалар!
Әниса:
Тым аяулы мекенді қойнауы құт
Қоныстанған бұл жерге оралман жұрт.
Аталады мекенім Асарым деп,
Көк аспанын ешқашан жаппаған бұлт.
Мөлдір:
Асарымда мектеп бар тәрбиенің ұйытқысы
Бала – бақша мешіт бар имандылық белгісі.
Қажеттінің бәрі бар табылады не керек,
Жарасып тұр емхана адамдарды емдемек.
Дархан:
Өлкем менің көркейсін дәулетпенен бақ дарып,
Садулла ағай үлесті қосар әлі шаттанып.
Береке мен бірлігі ынтымағы жарасқан,
Асарым менің осы деп айта аламын мақтанып.
Қоңырат:
Он жыл болды Асарым жайнап келеді,
Халық саны көбейіп дамып келеді.
Ел жағдайын жасаған Ибадулла ағай,
Тек халықтың алғысын алып келеді.
Жумағали:
Асарым да толып жатыр 10 жасқа
Біздің Асар өзгеше ғой, бір басқа
Құлпырады жылдан - жылға гүлденіп
Мәңгі жаса осылайша түрленіп.

2. - Балалар, біз қай қалада тұрамыз?
- Шымкент қаласында
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем! деп ақын ағаларымыз жырлағандай сұлу да, көркем Шырайлы Шымкентке сапар шегеміз.
«Менің қалам», «Сөз ойла, тез ойла» әдісі бойынша суретке қарап әңгіме құрау.
3.- Біз қай облыста жасаймыз?
- Оңтүстік Қазақстан облысында
- Оңтүстік Қазақстан облысында қанша аудан бар?
- 14 аудан бар
Ендеше «Мозайка» әдісі бойынша аудандарды біріктіру арқылы Оңтүстік Қазақстан облысының картасын жасайық.
Олай болса облыс орталығына қарай сапарымызды жалғастырайық.

- Оңтүстік Қазақстан облысы жайлы мәлімет...

4. – Біз қай Республикада жасаймыз?
- Қазақстан
- Республикаға саяхатымызды жалғастырамыз.

5. Оқушылар Отан туралы өлең оқиды
Аселя: Отан - менің ата - анам,
Отан - досым, бауырым,
Отан - өлкем астанам,
Отан - аудан, ауылым.
Нұрдос: Отанды біз атамекен,
Деп аялап атаймыз.
Өйткені оны мекен еткен.
Бабамыз бен атамыз.
Байдаулет: Азаматқа лайық,
Отанымның ұлымын.
Отанымды қорғайтын,
Азаматтың бірімін.

Толық нұсқасын жүктеу
15 924
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
"Менің Отаным"
"Менің Отаным"
Мақсаты: Балаларды Отан – сүйгіштікке баулу, еліміздің рәміздерімен таныстыру. Әдісі: сұрақ – жауап, әңгіме. Көрнекілігі: ҚР президентінің портреті, еліміздің рәміздері, Астана қаласы туралы суреттер. Ұйымдастыру кезеңі:
Менің Қазақстаным
Менің Қазақстаным
Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз – Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту.
Біздің Отанымыз – Қазақстан
Біздің Отанымыз – Қазақстан
Біздің Отанымыз – Қазақстан Асыл өлкем ерекше, Қазақстан – мекенім! Беп - белгілі емес пе, Сенің ғажап екенің!
Менің Отаным - Қазақстан!
Менің Отаным - Қазақстан!
Ақтөбе қаласы, №1 жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Мурынова Алия Ордабаевна
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Астана қаласы, «Көпбейінді колледж»МКҚК Қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы: Айсариева П. А
Біздің Отанымыз
Біздің Отанымыз
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы, «Амангелді орта мектебі»КММ Бастауыш сынып мұғалімі Ибраева Гульфаира Токтаргазиновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×