Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біздің Отанымыз – Қазақстан

09 қазан 2015, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Біздің Отанымыз – Қазақстан
Мақсаты: Оқушыларға өз елін, жерін, отаның сүюге тәрбиелеу.
Ұқыптылыққа, тазалыққа балу.
Білімділік: Өз туған жерлеріне және рәміздерге тоқталу.
Дамытушылық: Негізгі идеяларды суреттей отырып, балалардың сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Өз халқын, Отаның, туған жерін сүюге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Суреттер, буклеттер, жазулар.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Әнұран орындалады.
Балалар сендер қай елде тұрасыңдар? /Қазақстанда/
Биыл тәуелсіздікке неше жыл болады? /20жыл/
Біздің бас қаламыз? /Астана/
Астанада сендер нені білесіңдер? /Бәйтерек/
Онда кім тұрады? /Біздің Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев/
Мынау біздің рәміздер.
Мынау ненің суреті? /тудың/ түсі қандай? /көгілдір/
Елтаңба, Әнұран
Хор: «Атамекен»

Дильназ:
Қазақстан байрағы

Зеңгір аспан көгілдір,
Алтын күні төрінде.
Тамылжытып төгіп тұр,
Шаттық сыйлар көңілге.

Көк аспандай көгілдір,
Қазақстан байрағы.
Тұрса күндей төгіп нұр,
Жылдарымыз жайдарлы.

Көк байрақтың бетінде,
Қыран бүркіт қанатты.
Сол қырандай еркіндеп,
Бала өседі талапты.

Ерсұлтан:

Біздің Отанымыз – Қазақстан. Кім Отан туралы тақпақ айтады?
Назар:
Қазақстан - менің Отаным.

Асыл өлкем ерекше,
Қазақстан – мекенім!
Беп - белгілі емес пе,
Сенің ғажап екенің!

Биік болсын шоқтығың,
Атыңды айтам ән қылып.
Желбірейді көк туың,-
Төбемізде мәңгілік!

Айбар:

Отан
Отан - сенің ата - анаң,
Отан - досың, бауырың.
Отан - өлең, астанан,
Отан - аудан, ауылың.

Отан - тарих, Отан - тіл,
Жасаған - елің, өз халқың.
Отан - өлкең, Отан - жыр,
Көтерген көпке ел даңқын.
Ал енді туған жер, Отан туралы мақал - мәтелдер айтайық.
1. Туған жердің туын тік.
2. Отан - отбасыдан басталады.
3. Отансыз адам ормансыз бұлбұл.
4. Отан – оттан да ыстық.
Бәрі: «Әрқашан күн сөнбесін»
Желтоқсан оқиғасына тоқталу. Мына суретте көрсетілген аға - апайларымыз 1986 жылдың 16 - желтоқсанда болған көтерілістің құрбандары. Сәбира (өзіміздің жерлесіміз Ақмектеп ауылының тумасы) Қайрат, Ербол, Ләззат.

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы,
Қазақстан ауылы, "Қазақстан бастауыш мектебі"
мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Кадирова Мархаббат Бакыткановна

Толық нұсқасын жүктеу
4 336
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Елін сүйген Елбасы
Елін сүйген Елбасы
Рәміздермен таныстыру, президентіміздің ұстанымы мен өмір жолын үлгі етіп, балалардың ой – өрісін дамыту. Балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Отан неден басталады?
Отан неден басталады?
Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған еліне, жеріне, отбасына деген сүйіспеншіліктерін арттыруға, ұлтжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Менің Отаным – Қазақстан
Менің Отаным – Қазақстан
Балаларға Қазақстан Республикасы туралы білім беру. Балалардың тіл байлығын, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту, туған елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Елін сүйген Президент
Елін сүйген Президент
Балаларға еліміздің Президентін, рәміздерімізді таныстыру. Өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Мәнерлеп тақпақ айтуға үйрету.
Менің Қазақстаным!
Менің Қазақстаным!
Сабақ тақырыбы: «Менің Қазақстаным!»
Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш
Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш
Атамекен, туған жер, ел рәміздерін құрметтеуге, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×