Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өрнектерді салыстыру

06 тамыз 2016, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
«ШҚО Семей қаласының білім бөлімі» ММ
«№27 ЖОББМ» КММ бастауыш сынып мұғалімі
Медеуқанова Лаура Қайнарқызы

Сабақтың тақырыбы: Өрнектерді салыстыру.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сандарды, өрнек пен өрнекті салыстырылып, салыстыру теңсіздік түрінде жазылатынын түсіндіру, өрнектерді салыстыру нәтижесін таңбалары арқылы өрнектеуді орындауға үйрету. Өткен тақырыптарды бекіту.
Дамытушылық: Сандарды салыстыру дағдысын дамыту, оқушының танымдық қасиеттерін арттыру. Есте сақтауын, ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Тапсырмаларды орындауда шапшаңдыққа тәрбиелеу. Тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақ түрі: Саяхат сабақ
Қажетті көрнекіліктер: Үлестірмелі материалдар. Қима цифрлар. «Қызықты математика» әлемінің картасы, интерактивті тақта, теледидар, геометриялық фигуралар, бейнетаспа.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Оқушы зейінін сабаққа аудару.
ә) Психологиялық дайындық.
Ал, балақай, тұрайық,
Көңіліміз қандай?! (мынандай)
Талабымыз қандай?! (таудай)
Жігеріміз қандай?!
Жарайсыңдар, балақай,
Назар сал, енді, сабаққа!
- «Қызықты математика әлеміне» қош келдіңдер!

2. Өткен сабақты еске түсіру. / Ауызша есептеу
Алғашқы аялдама: Сан сарайы.

1. Тауық жұмыртқасын өсу ретімен орналастыр.
Алдымен, әр оқушы қима цифр көмегімен сандарды өсу ретімен орналастырады, бір оқушы тақтада орындайды. Нәтижесін оқиды.
2. «Қалып қойған санды тап» ойыны. Көрші сандарды атау.

Әр аялдамадан өткен сайын аялдаманың жарығы жанып отырады.
Екінші аялдама: «Кім жылдам?»

1. 1 мен 2 - нің қосындысын жаз. Бірінші қосылғыш, екінші қосылғыш, қосындының мәнін ата.
2. Қосылғыштардың орнын ауыстырып, қосынды құрастырыңдар.
3. Қосудың қандай қасиетін орындадық?
4. 5 пен 2 - нің айырмасын жаз.
5. Өрнектердің мәнін тап: интерактивті тақтада берілген өрнектерді оқып, мәнін атайды.

Үшінші аялдама: «Тең. Артық. Кем»

1. Сандарды салыстыр, тексер: интерактивті тақтада берілген сандарды салыстырады, оқиды.
2 мен 1 - ді, 3 пен 2 - ні, 2 мен 0 - ді, 5 пен 7, 1 мен 1 - ді салыстыр.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Мұғалімнің түсіндірмесі.
Үшінші аялдаманың екінші тапсырмасында оқушылар берілген геометриялық фигуралар арқылы өрнек жазады

- Өрнек оқылып, оны тақтада оқушылар жазады. Екі өрнек салыстырылады. Ол үшін, екі өрнектің де мәні табылады, қайсысы артық болса, сол өрнектің артық екендігі анықталады.
Теңсіздіктің бір жағында сан, екінші жағында өрнек жазылған, сондықтан біз өрнекті санмен салыстырамыз.
Өрнекпен санды салыстыру үшін өрнектің мәнін тауып оны санмен салыстырамыз.
Мысалы 5 + 3 пен 1+ 3 салыстыру керек. Онда 5 + 3 = 8, 1+ 3 = 4 8>4, сондықтан, 5 + 3>1+3.
О қ у л ы қ п е н ж ұ м ы с.
1 - тапсырма бойынша келесі жұмыс жүргізіледі: дөңгелек нешеу? Үшбұрыш нешеу? Өрнектерді салыстыра келе олар тең болуы немесе біреуі екіншісінен артық (кем) болуы мүмкін екеніне, көз жеткізіп, жазылуын қайталайды. Оқиды. нәтижесін теңсіздік түрінде >, < таңбаларын қолданып жазуға болатынын көреді.
Төртінші аялдама: «Кесінділер алаңы»

Кесінді дегеніміз не?
Кесіндіні немен сызамыз?
Оқулықтағы 2 тапсырмадағы кесінділерді өлше. Нәтижесі ауызша айтылып, салыстырылады.
Соңғы аялдама: «Өрнектер көшесі»

Оқулықтағы 4 - тапсырма жаңа тақырыпты бекітуге, яғни өрнекті өрнекпен салыстыруға берілген. Тапсырма дәптерге орындалады. әр қатар өз көшесіне берілген тапсырманы орындайды. Әр қатардан бір - бір оқушы тақтада орындайды. Оқиды.

IV. Бекіту.
- Сонымен, бүгінгі сабақта сендер нені үйрендіңдер?
Сабақ несімен ұнады? т. с. с

V. Қорытынды
- «Қызықты математика әлемінің» барлық жарығын жақтық. Жұлдыздай жарық! Сендер де осы жұлдыздай әр дайым жарқырап жүріңдер! (барлық оқушыларға жұлдызшалар таратылады)
Үзіліске шығыңдар!

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
8 290
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Санды өрнектерді салыстыру
Санды өрнектерді салыстыру
Қосумен берілген өрнек мәндерін салыстыру мен өрнекті құрастыруды үйрету; сандар, шамалар және санды өрнектер арасындағы қатынасты анықтау­ дағдысын дамыту; салыстыру нәтижесін салыстыру белгілерінің көмегімен жазу, есептеу дағды­ларын­ дамыту, сын
Санды өрнектерді салыстыру
Санды өрнектерді салыстыру
Қосу мен алу арасындағы байланысты әріптік теңдік түрінде көрсету және қолдану
Санды өрнектерді салыстыру
Санды өрнектерді салыстыру
Қосумен берілген өрнек мәндерін салыстыру мен өрнекті құрастыруды үйрету; сандар, шамалар және санды өрнектер арасындағы қатынасты анықтау­ дағдысын дамыту.
Тура және тура емес теңдіктер
Тура және тура емес теңдіктер
Тура және тура емес теңдіктер туралы білімдерін қалыптастыру, логикалық ойлау және салыстыру қабілетін дамыту.
Аудан бірлігі – квадрат сантиметр
Аудан бірлігі – квадрат сантиметр
Аудан бірлігі – квадрат сантиметрмен таныстыру. Есептерді шығара білу және есептеуге дағдыландыру; Өткен тақырыптарды бекіту.
Санды өрнектерді салыстыру
Санды өрнектерді салыстыру
Cандарды салыстыру мен санды өрнектерді салыстырудың айырмашылығын түсіндіру. Оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтауын, логикалық ой – өрісін, пәнге қызығушылығын, ауызша есептеу дағдысын дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×