Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


К. Байсейітова “Қазақстан бұлбұлы”

07 желтоқсан 2012, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы,
№32 мектеп- гимназиясының
Бастауыш сынып мұғалімі Раева Айна Жылқыбайқызы

Ана тілі.
Тақырыбы: К. Байсейітова “Қазақстан бұлбұлы”
Мақсаты:
1. Оқушыларға “Қазақстан бұлбұлы” атанған Күләш Байсейітованың өмірі жайлы әңгімелей отырып, әуелеп салынған әннің құдіреттілігін сезіндіру. Балуан Қажымұқан Мұңайтпасов туралы алған білімдерін бекіту.
2. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып қиялдарын туғызу, сөздік қорын байыту, тіл байлығын арттыру.
3. Өнер адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: топтық жұмыс.
Сабақтың әдіс –тәсілдері: топпен жұмыс,ой қозғау, көрнекілікпен жұмыс, сұрақ – жауап, түсіндіру, топтастыру.
Көрнекілік: Әуелбек Қоңыратбаевтің сүреті, Қажымұқан Мұңайтпасовтың сүреті, Күләш Байсейітованың сүреті,буклеті, кітаптар “Балуандар”, “Күләш поэмасы”, “Менің елім Қазақстан”.
Техникалық құралдар: магнитофон.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Оқушыларды топқа бөлу.
3. Оқушылардың ойын сабаққа аудару.

Кіріспе сөз.
Бүгін сабағымызда балуан Қажымұқан Мұнайтпасов туралы алған білімдеріңді бекіте отырып, “Қазақстан бұлбұлы” Күләш Байсейітованың творчествосымен танысамыз.
- Ал қазір біздің сабағымыздың ұраны (қолдарын ұстап)
“Бір жерде бірге жүрсең басың қосып, біріңнің бірі сөйле сөзің тосын”
Абай.
( бір - бірімізді тыңдап, қосып бір - бірімізге жылы қарап, сабағымызды бастаймыз).

“Ой ашар ” кезеңі
- Үй тапсырмасына не берілді?
- Солай болса

І топ
- Қажымұқанмен белдескен палуан?
ІІ топ
- Сайыс қалай аталады?
ІІІ топ
- Жапон палуанымен күресу.

І топ.
Қажымұқан Мұңайтпасов: Күш атасы, цирк әртісі, алып, күшті, ержүрек, балуан, тұңғыш кәсіпқой спортшы

грек - рим (французша)
жапонша (джию джитси)
еркін күрес (қазақша)

ІІ топ.

Қажымұқанның өскен ортасы.
Қажымұқан – руы алтыбас, қыпшақ.
1871-1948 ж. – Ақмола облысы, Қараөткел ауданында Қоспада дүниеге келді.
Әкесі - Мұңайтпас
Атасы - Ернақ
Жұбайы - Надежда

ІІІ топ.

- Қажымұқанға қойылған аттары
Шын аты - Мұқан, Муханура (жасырын аты).
“Қара Иван”, “Қажымұқан”.

Сұрақтар:
Мадақтамалар – барлығы 48 медаль, алтын, күміс, қола.
“ Қазақ даласының батыры”
“ Құрмет белгісі”
“ Сигизмунд белбеуінің иегері”

- Суреттер бойынша жұмыс

- Қажымұқаннан басқа тағы қандай спорт шеберлерін білесіңдер? (мақал мәтел айту)
- Спорт өнерінен басқа, өнердің басқа қандай түрлерін білесіңдер?
- Ән өнеріндегі қандай атақты жұлдыздарды білесіңдер?

Жаңа сабақ.
Магнитофон. “Гәкку” тындату.
- “Өнердің ең жоғарғы түрі, ең саңлағы, ең сәулетшісі де – халықтың өнері, яғни жүздеген жылдар өтсе де мұқалмай, сыны қашпай, саф күйінде сақталып келе жатқан халықтың ең асыл мүлкі”.
М.И.Калинин.

- Сіздердің тыңдаған әндерің К.Байсейітованың орындалуында
“Гәкку” әні “Қыз Жібек” операсынан.
- Күләш Байсейітова (1912-1957ж) Күләш (Гүлбаһрам) Жалынқызы–қазақтың атақты әншісі, қазақ опера өнері негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері. 1934ж Күләш қазақ музыкалық театрының әншісі болды. Оның орындалуында “Жібек”, “Ақжүніс”, Сара “Татьяна” “Евгений Онегин” 24 жасында халық әртісі деген құрметке ие болды.
- Күләш қазақ әндерін европалық оркестрге қосты, қазақ операсының сахнасына европалық музыканы шығарып кетті.
- Күләштің осындай сегіз қырлы өнері мен еңбегін өте жоғары бағалап, СССР халық әртісі, Нежданова оны “Чудо” (керемет) дейтін еді.
(буклетін көрсету).
“Қазақстан бұлбұлы”атты әңгімесің жазған Қанабек Байсейітов
(1905-1979ж.) – актер, әнші, драматург, опера режиссері. Күләш Байсейітованың өмірдегі және қызметтегі серігі, осы мәтінде өзінің көрген білгендерін естелік етіп жазады. Алматыда оның қызы Раушан Байсейітова тұрады.
- Мәтінді оқу.
- Әңгіме неліктен “Қазақтың бұлбұлы” деп аталған?
- Осы тақырыппен бұлбұл құстың арасында қандай байланыс бар?
- Бұлбұл қандай құс?
- Тізбектеп оқыту.

І топ
- Күләш Байсейітованың ән күйге әуестігі туралы айтылғанын тап?
ІІ топ
- Мәтіннен Күләштің қандай рөлде ойнағанын тап?
ІІІ топ
- Халықтың Күләш өнеріне берген бағасы қандай?

Сұрақ - жауап:
- Күләштің қандай әндерін білесіңдер?
- Күләштің мінезі жөнінде айтылған тұсты тауып оқу?
- Күләштің “Қыз Жібек” жырындағы Жібектің бейнесін тап.
- 2) “Тез оқу” минутасы.
- 3) Дәптермен жұмыс.

Сөздік жұмыс
А) «Арқасы бар екен» – киелі талантты адам.
“Аруағы көтеріліп келеді екен” – дарынды қасиеті бар. Қабілеттігі көрінетін адам.
- Тізбектеп оқу.
- Тез оқу.
- Қорыту.
- Шығарма кім туралы жазылған? Күләш Байсейітоваға мінездеме бер.

Күләш:
Қазақ операсының анасы
қазақтың бұлбұлы
сегіз қырлы, бір сырлы
әртіс
опера әншісі
қоғам қайраткері
актриса

Атақ:
“Қазақтың бұлбұлы”
СССР халық әртісі

Мінезі:
жүзінен күлкі кетпес
мінезі ашық
жарқын жан адам
кек сақтамайды
көңілді жүретін адам
реніш көпке ұзамайды

карта
Әлия мен Мәншүк батыр қыздары
Тұңғыш балуаны Қажымұқан Мұңайтпасов
Күй атасы
Құрманғазы
Тұңғыш ғалымы
Қаныш Сәтбаев

- Мадақтау ------------1) Мәтінді оқу.
- Бағалау ------------- 2) Мәнжазба
- Үйге тапсырма ---- 3) Сұрақтарға жауап беру.
10 791
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қажымұқан Мұңайтпасұлы - Қазақ даласының батыры
Қажымұқан Мұңайтпасұлы - Қазақ даласының батыры
Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой палуан — Қажымұқан Мұңайтпасов
Сабақтың тақырыбы.Балуан
Сабақтың тақырыбы.Балуан
Мәтінді түсініп оқып, Қажымұқанның өмірі мен күрестегі жеткен жетістіктерін үлгі ету, мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру.
Күләш Байсейітова
Күләш Байсейітова
"Сәтбаев қаласының №1 мектеп – гимназиясы"КММ орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Исанкулова Гулбану Галымжановна
Ту тіккен Рақымжан
Ту тіккен Рақымжан
Рахымжан Қошқарбаев туралы мағлұмат беру, «Ту тіккен Рақымжан» мәтінімен таныстыру. Ұлы Отан соғысы туралы алған білімдерін бекіту, мәтін бойынша жұмыс жасау, талдау жұмыстарын жүргізу.
Математика – ақыл - ой гимнастикасы
Математика – ақыл - ой гимнастикасы
Математика – ақыл - ой гимнастикасы атты сабақтың тақырыбымен таныстыру; ойын ережелерімен таныстыру, математикалық ұғымдарды қайталау, қосу, алу, көбейту, бөлу тәсілдеріне берілген жаттығуларды орындау арқылы меңгерту;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×