Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қарсы мағыналы сөздер

02 желтоқсан 2016, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Қарсы мағыналы сөздер
Қазақ тілі 4 сынып
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың сөз және оның мағынасы туралы білімдерін тереңдету. Мағынасы қарама - қарсы сөздер туралы түсінік беру;
2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу дағдыларын жетілдіру, байланыстырып сөйлей білуге машықтандыру;
3. Сауатты көркем жазуға, бірін - бірі тыңдауға, сыйлауға үйрету;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, ой қозғау, талдау, жұппен жұмыс, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, бағалау парағы.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:
4 «Ә» сыныбының оқушылары:
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- «Құлынның туған күнінде» деген тақырыпта әңгіме жазып келу.
- Балалар, осы жазған әңгімелеріңді жұптасып бір - бірімізге оқып берейік.
Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
Ұлы ақын Абай ақылды, тапқырлықты қажет ететін жұмбақ ойлапты. Соны сендерге ұсынғым келіп тұр.
Баяғыдан бері сегіз батыр кезек - кезек жығысып келе жатыр. Түбінде қайсысы жеңері тағы белгісіз. Сол батыр кімдер?
Шешуі: қыс пен жаз, күн мен түн, тақ пен жұп, жақсылық пен жамандық
болды егіз.
- Жұмбақтың шешуіндегі сөздер қандай сөздер?
- Олай болса біздің сабағымыздың тақырыбы: «Қарсы мағыналы сөздер»
Бүгінгі күнді жазайық.
Көркем жазу минуты: - қалпақ киетін бас әріптерді жазу.
Т, П, Г, Ғ, Б.
- дәптерге әріптерді әдемі, әрі көлбеу және қатесіз жазуымыз керек. Сендердің жазғандарыңды бақылаушы МАИ қызметкері мен боламын.
Оқулықпен жұмыс жасамас бұрын: Алан мен Дананың түсіндірмесін бейнефильмнен тыңдайық.
Біздің сабағымыз 5 кезеңнен тұрады.
Әр турдағы тапсырма аяқталған соң, қолымыздағы сілтемелер арқылы ауысып отырамыз.
8 - жаттығу 1. Өлеңді мәнерлеп оқу.
2. Мағынасы – қарама - қарсы сөздерді табу.
Енді балалар сабағымыздың бірінші кезеңін бастаймыз.
9 - жаттығу 1. Мақалдарды оқып, жатқа жазу.
1. Мейірімді алғыс алса,
Мейірімсіз қарғыс алар.
2. Ақылды іс тындырады,
Ақымақ іс тындырады.
- Осы мақал - мәтелдегі қандай екі сөзді жұптастыруға болады?
- Олар қандай сөздер?
- Балалар, бірінші кезеңіміз аяқталды.
- Сілтемеге қарап, орнымызды табайық.
10 - жаттығу 1. Берілген сөздерге мағынасы қарама - қарсы сөздерді
табу.
Мейірімді – мейірімсіз сұйық - қою
Жуас - қатал қашық - жақын
Қымбат - арзан
Екінші кезеңіміз аяқталды.
11 - жаттығу 1. Тек мағынасы қарама - қарсы сөздер жұбын теріп жазу.
2. Неліктен кейбір жұптары мағынасы қарама - қарсы сөздер тобын құрай алмайтынын дәлелде.
Үшінші кезеңіміз аяқталды. Төртінші кезеңді бастамас бұрын, сілмеге қарап орнымызды табайық.
Сергіту сәтін орындау.

12 - жаттығу 1. Сызық бағытымен бір әріпті қалдыра отырып, жаңылтпаш құрастыр. Үтір мен нүктелердің орнында бір әріп бар деп есептеңдер.
Топпен жұмыс.
Төртінші кезеңіміз аяқталды, бесінші кезеңге өтейік.
13 - жаттығу 1. Тиісті мағынасы қарама - қарсы сөздерді қойып, мақал - мәтелдерді көшіріп жазу.
Керекті сөздер: қорқақ - батыр, күні - түні, жаманға - жақсыға.
Бесінші кезеңіміз аяқталды, сілтемеге қарап орнымызды табайық.

Сабақты қорыту: Топпен жұмыс «Мазмұнды сызба» деп аталады
Мұғалімнің қорытуы: Данышпандар кітабы
Біз жасап тұрған өмір қарама - қарсылықтан тұрады. Күн мен түннің ауысуы, ыстық пен суықтың болуы табиғи болса, бейбітшілік пен соғыс адамның жақсы, жаман әрекетімен байланысты. Адам баласы көңіліне ақылды көп түйсе, білгір болатыны ал аз түйсе надан болатыны анық. Адам өзінің оңы мен солын кішкене кезінен осылай таныса, әрине, оның жас шағы кемелдене отырып, ардақты кәрілікке жеткізетіні белгілі.

Бағалау: Әр кезеңде жауап берген бағалау парағына қарап бағалаймыз.
Рефлексия бағдаршам арқылы

Алматы облысы, Талдықорған қаласы,
"Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" КММ - нің бастауыш сынып мұғалімі
Әлия Алихановна
3 705
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөз мағынасы
Сөз мағынасы
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сол арқылы сөз байлығын арттыру, сөйлеу дағдыларын жетілдіру, зеректілікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу.
Сөз және оның мағынасы
Сөз және оның мағынасы
Қызылорда қаласы, №112 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Караулова Гүлбарам Нұрсұлтанқызы
Сөз мағынасы
Сөз мағынасы
Атырау қаласы, Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназия Шахшаева Лиза Нагимбековна
Қарама-қарсы мағыналы сөздер
Қарама-қарсы мағыналы сөздер
Темірғалиева Назым Фатихқызы Бастауыш сынып мұғалімі БҚО, Казталов ауданы, Сатыбалы ОЖББМ
Қарсы мағыналы сын есім
Қарсы мағыналы сын есім
Сабақтың тақырыбы: Қарсы мағыналы сын есім
Қарсы мәндес сөздер
Қарсы мәндес сөздер
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, №42 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сейпіл Гүлжан Жеткергенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×