Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қарсы мағыналы сын есім

05 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Қарсы мағыналы сын есім
Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі: Оқушыларға мағынасы қарама - қарсы сын есімдер туралы түсінік беру,
сын есімдерді сөйлеу кезінде қолдана білуге жаттықтыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелігі: Сабақ барысында ана тілін құрметтеуге, сөздік қорын молайтуға, сауатты жазуға, білімділікке тәрбиелеу.
Технология түрі: Сын тұрғысынан ойлау әдісі
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: саяхат
Сабақтың әдісі: ой қозғау, түсіндіру, шығармашылық жұмыс,
сұрақ - жауап, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты слайдтар, кеспе қағаздар

Сабақтың барысы:
І. Бағдарлау - мотивациялық кезең.
Ұйымдастыру
Психологиялық жаттығу
Біз жайнаған гүлдейміз.
Шуағын шашқан күндейміз.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
Қызығушылығын ояту.
1) Ақ, көк, сұр, құла, күрең.
2) Биік, кіші, тар, ұзын, қысқа.
3) Жақсы, жаман, сараң, тентек, алғыр.
4) Ащы, тұщы, қышқыл, тәтті, жұмсақ.
5) Тасты, балалы, білімді, көтеріңкі, қысқы.
Бұл сөздер заттың несін білдіреді?
Сын есім дегеніміз не? Қандай сұрақ қойылады?
Ереже: Заттың сынын, сапасын, сипатын, түр - түсін, көлемін білдіріп, қандай? қай? Деген сұрақтарға жауап беретін сөз табын сын есім дейміз.

Құрамына қарай түрлері
Сын есім
негізгі туынды дара күрделі
Мысалдар келтіру:
Қара шалбар, таза дәптер (негізгі сын есім)
Кешкі ауа, өнерлі жігіт, көшпелі ел (туынды сын есім)
Көк, көкшіл, көкпеңбек (дара сын есім)
Көк ала, қара ала (күрделі сын есім)
Суреттер көрсетіп, олардың аттарын атату.
Оны немен атап тұрмыз? (сөзбен)
Сөз деген не? (зат)
Ол заттың мағынасының не екенін білесің бе?
Сөз мағынасының түрлері туралы не айта аласың? Мысал келтір.
Мағынасы жуық сөздер. (мейірімді, қайырымды, иманды)
Мағынасы қарама - қарсы сөздер. (жас - кәрі, сулы - құрғақ)
Дыбысталуы бірдей, мағыналары әр басқа сөздер.
Сызбаны көрсете отырып толық мағлұмат беру.
Үлкен – кіші
Бұл мағынасы қарама - қарсы сөздер, өйткені олар бір сөз табына жатады.
Мағынасы мәндес сөздер – олар бір сөз табына жатады, бұл сөздер мағыналары жуық, бірінің орнына бірін қолдануға болады.
Бұлар көп мағыналы.

ІІ. Операциялық - орындаушылық кезең. Жаңа тақырыпқа өту. Ал, балалар, қазақ тілі сабағы болғандықтан және тіліміздің сөздегі мағынасына мән беріп жатқанда тіліміздің тұңғиығына бойлау үшін қазақ елі атамекеніміз Қазақстан Республикасы туралы айтпай өте алмаймыз.
- Қазақстан қандай ел?
- Елбасымыз кім?
- 1 желтоқсан қандай күн?
- Қазақстанның болашағы сендер, қандай азамат болып өсулерің керек?
- Бай
- үлкен
- көп
- тату
- білімді
Осы сөздерге керісінше қандай сөздер келтіре аласыңдар?
- кедей
- кішкентай
- аз
- араз
- сауатсыз
Міне осы сөздер жаңағы сөздерге қарама - қарсы мағынадағы сөздер болып табылады. Оларды салыстыру арқылы таба аламыз, арасына сызықша қойып жазамыз. Мысалы: бай - кедей, үлкен - кіші, т. с. с.
Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы болып келетін сөздерді антоним дейміз.
Антоним - грек тілінен шыққан.
anti - қарсы, onota - атау дегенді білдіреді

ІІІ. Сызба арқылы мағынасы қарама - қарсы сөздерді көрсет.
Қысқа жең -----ауру
Алыс ---------қымбат
Арзан ---------жеңіл
Ауыр -----------аласа
Жаз -----------ыстық
Суық --------жақын
Биік ------ұзын жең
Сау-------------- қыс

ІҮ. Көркем жазу
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Көркем жазуды өздері бағалау (төмендегі сигналды карточкалар бойынша)

! Мен өзімнің жұмысма қанағаттанамын
+ Мен өзімнің жұмысыма қанағаттанбаймын, менде қателіктер бар
- Мен жиі қателестім

Ү. Жұмбақ шешу Ұлы ақын Абай ақылды, тапқырлықты қажет етеді және өте қызық ойын деп жұмбақты жақсы көріпті. Өзі де жұмбақ шығарыпты. Соның бірі мынау:
- Баяғыдан бері сегіз батыр кезек жығысып келе жатыр. Түбінде қайсысы жеңері тағы белгісіз. Сол сегіз батыр кімдер?
Шешуі:
Қыс пен жаз, күн мен түн, тақ пен жұп,
Жақсылық пен жамандық - болды сегіз (Абай)
Жұмбақтар:
Асты тігілген, үсті сөгілген (қап)
Аяғы бар, басы бар,
Арқалаған тасы бар. (тасбақа)
Түнде бар, күндіз жоқ(жұлдыз)

ҮІ. Оқулықпен жұмыс №14, 138 бет
ҮІІ. Сергіту сәті (Музыкалық)
Сөз мерген ( мақалдар бойынша тапқырлық сайысы)
«ЖАҚСЫ» сөзіне қатысты мақал - мәтел айту. Мұнда «сөз» «жақсылық», «Ай мен Күн» сөздерін қатыстырып, 3 мақал - мәтел айту.
Жақсы сөз – жарым ырыс.
Жақсы – Ай мен Күндей, бәріңе бірдей.
Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын.
«БІЛІМ» сөзіне қатысты мақал - мәтел айту. Мұнда «кітап», «қымбат», «жібек», «сөз» сөздерін қатыстырып, 3 мақал - мәтел айту.
Кітап – білім бұлағы.
Білім – қымбат, білу – қиын.
Білімдінің сөзі жібектей, білімсіздің сөзі – білектей.

ҮІІІ. Дұрыс ойла!
Жастайыңнан еріншек бол. Еріншектік бәрін де жеңеді. Еріншектік адамды қуанышқа бөлейді. Ол адамды қорқақ атандырады.
(Жастайыңнан еңбекқор бол. Еңбек бәрін де жеңеді. Еңбек адамды қуанышқа бөлейді. Ол адамды батыр атандырады.

ІХ. «Өз жартыңды тап» оқыта үйрету ойыны
(мағынасы қарама - қарсы сөздер беріледі, жұптасып жұмыс жасайды)
Жатқа жазу
Жомарт дос көбейтеді,
Сараң мал көбейтеді.
(Бірін - бірі тексереді)

Х. Суреттерге қатысты сын есім ойла, сөйлем құрып талда!
ХІ. Рефлексиялық – бағалау кезеңі. Сабаққа қорытынды жасау.
Данышпандар кітабы
Біз жасап тұрған өмір қарама - қарсылықтан тұрады. Күн мен түннің ауысуы, ыстық пен суықтың болуы табиғи болса, бейбітшілік пен соғыс адамның жақсы, жаман әрекетімен байланысты. Адам баласы көңіліне ақылды көп түйсе, білгір болатыны ал аз түйсе надан болатыны анық. Адам өзінің оңы мен солын кішкене кезінен осылай таныса, әрине, оның жас шағы кемелдене отырып, ардақты кәрілікке жеткізетіні белгілі. ( мәтіннен қарсы мағыналы сөздерді тапқызу)

ХІІ. мағынасы қарама - қарсы қызық сөздер
Ыстықта туып та,
Шыдаймыз суыққа.
Ащы терім ақты,
Жеміс өсті тәтті.
Халқың үшін жаныңды сал:
Қарғыс алма, алғыс ал!
Ақылсыздар ұқпайды:
Аққа қара жұқпайды

ХІІІ. Семантикалық картамен жұмыс (сын есімдерді белгілеу)
Мысалдар Зат есім Сын есім Етістік
Ащы - тәтті
Күн – түн
Қуану – ренжу
Ақ - қара

Ал енді ойнайық «Сөйлемді аяқта!»
Бағалау (Оқушылар өздерін бағалайды)
Үйге тапсырма №18. 139бет ереже жаттау
Қосымша:
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, антонимдерді тап.
1. Өлі арыстаннан.... тышқан артық.
2. Еріншек егіншіден.... масақшы озады.
3. Палуанға оң.... бірдей.
4. Ит үрер жақсыға да,.... да.
37 815
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Оқушылардың есте сақтау қабілетін, ой-өрісін, шығармашылығын, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, өз ойын толық жеткізе білуге үйрете отырып, әрбір оқушының жеке даралығын дамыту, тәрбиелеу.
Қарама - қарсы мағыналы сөздер
Қарама - қарсы мағыналы сөздер
Целиноград ауданы, № 10 орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі: Кусаинова Ж.Қ.
Қарама – қарсы мағыналы сөздер (антоним)
Қарама – қарсы мағыналы сөздер (антоним)
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Алға қаласы, «Алға мектеп - бақшасы» ММ бастауыш сынып мұғалімі Давлетова Шолпан Избасхановна
Мәндес сөздер. Қарама - қарсы сөздер. Әр түрлі мағыналы сөздер
Мәндес сөздер. Қарама - қарсы сөздер. Әр түрлі мағыналы сөздер
Атырау қаласы, Жанаталап селосы, Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қадесова Салтанат Әлімжанқызы
Қарама-қарсы мағыналы сөздер
Қарама-қарсы мағыналы сөздер
Темірғалиева Назым Фатихқызы Бастауыш сынып мұғалімі БҚО, Казталов ауданы, Сатыбалы ОЖББМ
Қарсы мәндес сөздер
Қарсы мәндес сөздер
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, №42 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сейпіл Гүлжан Жеткергенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×