Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Хабарлы сөйлем

20 желтоқсан 2012, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ақтөбе облысы,
Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі
Макуова Нуршат Аманкосовна

Қазақ тілі 2 cынып
Сабақтың тақырыбы: Хабарлы сөйлем
Сабақтың мақсаты: 1. Жаңа тақырыпты ашу арқылы оқушылардың хабарлы сөйлем және оның тыныс белгісі жайындағы білімдерін қалыптастыру.
2. Оқушылардың тілін, шығармашылық қабілетін дамыту, әдемі, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру. Ой-өрістерін, өз ойын ашық әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
3. Жақсы мінез-құлыққа, сөз мағынасын түсініп, байланыстырып сөйлеуге, сөздік қорларын
молайтуға жетелеу. Сөйлеу шеберлігін, мәдениетін қадағалай отырып, өз ана тілін құрметтеуге,
сүюге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта пайдалану арқылы хабарлы сөйлем туралы
слайдтар, түрлі-түсті суреттер, ережелер, тірек схемалар, шаблондар, т. б.

Сабақтың типі: Жаңа материалдар түсіндіру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Үш өлшемді әдістемелік жүйе.
Пән аралық байланыс: бейнелеу өнері, өзін-өзі тану пәні, ана тілі, дүниетану, т. б. пәндер.
Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру кезеңі.
а)Оқушылардың сабаққа әзірлігін және құрал-жабдықтарының түгел болуын қадағалау.
б)Оқушылардың ұраны

Оқушының деңгейі
ІІ. Үй тапсырмасы:
223-жаттығу
Ребусті шешіп, шешуіндегі сөзге әңгіме құрау.
Ережені еске түсіру:
Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Сөйлемнен соң не нүкте(. ), не сұрау белгісі (?), не леп белгісі (!) қойылады.
Алгоритмдік саты
Көрініс
Сыныпқа Айжамал хабар әкеледі.

Хабарландыру
11-ші желтоқсан күні сағат 5-те “Балдәурен” фестивалінің ән байқауы өтеді. Қатынасуларыңыз сұралады. Мектеп әкімшілігі.
Оқушыларға ережені өз беттерімен шығарту.
Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатында айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейді. Хабарлы
сөйлемнің соңына нүкте (. ) қойылады:
Оқушылар мұражайға барды.
224-жаттығу
Мәтінді түсініп оқы. Әр сөйлемде не туралы айтылған?

Итбалық балықпен қоректенеді. Ол өте жақсы жүзеді, керемет сүңгиді. Аяқ орнында жүзу қанатшалары бар. Итбалықтың күшіктері де аппақ. Сондықтан оларды ақүрпек деп атайды.
Сөйлем соңындағы тыныс белгілеріне назар аудар.

Эвристикалық саты
225-жаттығу
Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып көшіріп жаз. Мәтінге ат қой.
Оқулықтағы нұсқасы: Бұлбұл - кішкентай құс ол таңертең ағашқа қонып алып сайрайды бұлбұлдың үні құлаққа өте жағымды
Оқушылардың өз бетімен орындаған жұмысы:
Бұлбұл
Бұлбұл - кішкентай құс. Ол таңертең ағашқа қонып алып сайрайды. Бұлбұлдың үні құлаққа өте жағымды.
--Бұлбұл туралы білетіндерін айту, еске түсіру;
226-жаттығу
Сөздерді оқып, әйелдердің киімін білдіретін сөздерді бір бөлек, ерлердің киімін бір бөлек
топтастыр.
Сәукеле, орамал, жейде, жаулық, күпі, құлақшын, ішік, қамзол, шәлі, шекпен.
Алдыңғы жаттығудағы қарамен жазылған сөздерді қатыстырып сөйлем құра.

227-жаттығу
1-ші қатар: ОРАМАЛ
2-ші қатар: ҚҰЛАҚШЫН
3-ші қатар: ҚАМЗОЛ
Шығармашылық саты
228-жаттығу
Берілген сөйлемдердің хабарлы сөйлем екенін дәлелде.
Менің досым Қырғызстанда тұрады. Мен оған өз елім туралы мақтанышпен жазамын.
Ол жазда Алматыға келмекші. Досымды асыға күтіп жүрмін.

Хабарлы сөйлемді тауып жаз
Ажар кітапханаға барды
Үйді кім салады
Алақай, ертең концертке барамыз
Сыныпта өнерлі оқушылар бар ма
Бүгін қар қалың жауды

Үйге: 228-жаттығу
Жоспар бойынша әңгіме құрау.
Бағалау.
8 662
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үзіліс кезінде демалуға арналған ережелерді сақтаймын. Хабарлы сөйлем
Үзіліс кезінде демалуға арналған ережелерді сақтаймын. Хабарлы сөйлем
күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу
Хабарлы сөйлем
Хабарлы сөйлем
Ашық сабақ Тақырыбы: Хабарлы сөйлем
Лепті сөйлем
Лепті сөйлем
Сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстыра білуге үйрету; сөйлемді тиісті дауыс интонациясын сақтап айтуға дағдыландыру; сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.
Сөйлем түрлері
Сөйлем түрлері
Сөйлем туралы түсінік беру. Сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру. Сөйлемдегі айтылып отырған ойды анықтай алу. Сөйлем соңына тиісті тыныс белгіні қоя алу.
Хабарлы сөйлем
Хабарлы сөйлем
Атырау облысы, Жылыой ауданы, №1 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Сөйлем
Сөйлем
Сапарова Қаламқас Қадірқызы Бастауыш сынып мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×