Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөйлем

04 наурыз 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: оқушылардың сөйлем туралы білімдерін пысықтау, тиянақтау.
Дамытушылығы: оқушыны сын тұрғысынан ойлауға, шығармашылық қабілетін дамытуға баулу.
Тәрбиелігі: бірігіп жұмыс жасауын ұйымдастыра отырып, ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тірек - сызба, сурет, шығармашылық тапсырма, интерактивті тақта.
Әдісі: сұрақ - жауап, топтық жұмыс.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың жүрісі:
Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын сұрау
Жаңа сабақ
Ой қозғау
1. Сөйлем неден құралады?
2. Сөйлемнің түрлерін ата?
3. Сөйлемнің соңында қандай тыныс белгілері қойылады?
Қызығушылықты ояту
Сөзжұмбақ «Сөйлем»
1. Қыстың алғашқы айы.
2. Тілден ұшып, құлаққа қонады.
3. Түйістіреді көзіңді көзіңе,
Жолықтырады өзіңді өзіңе.
4. Таудан биік, баудан аласа.
5. Көзге көрінбейді,
Қолға ілінбейді.
Кейде сипап өтер,
Кейде желпіп өтер.
6. Суға батпайды,
Отқа жанбайды.
Мағынаны таны
Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Сөйлем сөзден құралады. Сөйлем хабарлы, сұраулы, лепті болып бөлінеді. Сөйлемдерден кейін сұрау белгісі, леп белгісі,
нүкте қойылады.

Оқулықпен жұмыс
1 - жаттығу.
Берілген сұраулы сөйлемдерді хабарлы сөйлемдерге айналдырып жаз.
2 - жаттығу.
Өлеңді түсініп оқы. Өлеңдегі сөйлем түрлерін ажырат.
3 - жаттығу.
Мәтінді түсініп оқып, ондағы сөйлем санын анықта. Тиісті тыныс белгісін қойып, бір сұраулы, бір хабарлы сөйлемді көшіріп жаз.
Сергіту сәті
Кәне, қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып - ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
«Жүйрік ойлы, тапқыр кім?»
Өзім сөзден тұрамын,
Хабар мен нүкте жинағым.

Мен де сөзден тұрамын,
Сұраулы ойды құрадым,
Өзгеден жауап сұрадым.

Қуану, өкіну, ренжу,
Мақсатым соны сездіру,
Ұранды да айтамын,
Қарқындап барып қайтамын.
«Адасқан сөздер»
тепті коньки балалар қыста
сұлу неткен тамаша
бардың қайда сен бүгін
Өз бетімен жұмыс
Сөйлемдер құрау.
Қорытындылау.
Бағалау.
Үйге тапсырма: Ереже жаттау. 4 - жаттығу.
6 455
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үзіліс кезінде демалуға арналған ережелерді сақтаймын. Хабарлы сөйлем
Үзіліс кезінде демалуға арналған ережелерді сақтаймын. Хабарлы сөйлем
күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу
Сөйлем түрлері
Сөйлем түрлері
Сөйлем туралы түсінік беру. Сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру. Сөйлемдегі айтылып отырған ойды анықтай алу. Сөйлем соңына тиісті тыныс белгіні қоя алу.
Хабарлы сөйлем
Хабарлы сөйлем
Атырау облысы, Жылыой ауданы, №1 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Сөйлем
Сөйлем
Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназия Бастауыш сынып мұғалімі Молжигитова Адина Жалгасовна
Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері
Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері
№ 65 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нурбекова Салтанат Карыбаевна
Сөйлем
Сөйлем
Атырау қаласы Ы. Алтынсарин атындағы №11 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Құбиева Зауреш Паңгерейқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×