Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үй жануарлары мен үй құстары

11 маусым 2017, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Білім беру көздері: Экология
Тақырыбы: Үй жануарлары мен үй құстары
Мақсаты: Үй жануарлары мен үй құстары туралы түсіндіру, олардың пайдасы туралы айту. Үй жануарлары мен үй құстарына қамқорлық сезімін ояту және оларға жағдай жасауға үйрету, еңбекқорлыққа баулу.

І. Ұйымдастыру кезеңі
Қуанамын мен де
Қуанасың сен де
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге

ІІ. Қызығушылықтарын ояту
Балалар мен бүгін мектепке келе жатып сандық тауып алдым. ол жай сандық емес сиқырлы сандық екен. бұл сандықтың ішіне жануарлар мен құстарды сиқырлап салып қойыпты. оларды құтқару үшін біз сендермен жұмбақтар шешуіміз керек жұмбақтардың жауабын тапсаңдар жануарлар мен құстарды сандықтан босатады.(тапқан жануардың суретін сандықтан алып тақтаға ілу.)
Жұмбақтар
1. Кезікті бір жануар
үстінде екі тауы бар(түйе)
2. Құяды екен әр шаруа
Қазығына құт байлап
Қанша құйып алсаң да
Сарқылмайды сүт, қаймақ (сиыр)
3. Көкке шаншып құйрығын
Келді шауып жүйрігім (Жылқы)
4. Желп-желп етіп сақалы
Қолыңнан дәм татады (ешкі) Жарайсыңдар балалар. Біз жануарларды босатып алдық

Кіріспе: Төрт түлік мал - халқымыздың байлығы. Өйткені халқымыздың тарихы осы төрт түлік малмен тікелей байланысты. Ат ердің қанаты, деп айтатын дана халқымыз жылқыны қастерлеген. Жылқы мінсең - көлік, жесең - ет. Сиыр жесең - ет, кисең - киім, айран, сүті, қаймағынсыз қазақ баласы өспейді. Түйе малы нағыз көлік, қымыран мен шұбаты дертке дауа. Қой шаруашылығы Қазақстанның мал шаруашылығы халқымыздың ата кәсібі.
Осы төрт түлік халқымыздың ең басты байлықтарының бірі екенін білгеніміз жөн. Ал үй құстарына тауық, үйрек, қаз, күркетауық жатады. Олардың адамға тигізер пайдасы мол. Мамығынан көрпе, жастық жасайды. Етін, жұмыртқасын азық түлік ретінде пайдаланамыз.

ІІІ. Сұрақтар мен тапсырмалар
- Үй жануарлары мен жабайы жануарлардың айырмашылықтары қандай?
- үй жануарлары қайда мекендейді?
- үйде, қорада
- Оларға кім қарайды?
- адамдар.
- Олар немен қоректенеді?
- жем, шөп, су.
Үй құстарын ата
Малдың төлдерін атаңдар.

Әліппе дәптермен жұмыс

ІV. Ойын: айнытпай сал
Олай - былай жүгіріп
ала мысық ойнайды
Аша алмаса есікті
Дыбыстайды ол қалай? мияу
Күзетші күшік саққұлақ
Үй күзетіп шапқылап
Дыбыс шықса қаттырақ
Қалай - қалай үреді? әуп - әуп
Ойын: Ұшты - ұшты

V. Тақпақтар, мақал-мәтелдер айту.
Олардың пайдасы туралы балалардан сұрау.

Сергіту сәті. Шип - шип шөжелерім
Тыйым сөздер. Малды ұрма. малды кендірмен байлама т. б

VІ. Қорытындылау. Төлдерін тап дидактикалық ойыны.

VІІ. Өзін өзі бағалау. Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқан балаларға жұлдызша беру.
«Бағдаршам әдісімен»
Бүгінгі сабақты бағалау

Шаттық шеңбері

Толық нұсқасын жүктеу
1 924
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үй жануарлары.
Үй жануарлары.
Балалардың үй жануарлар туралы түсініктерін кеңейту, Олардың сыртқы келбетінің сипаттық ерекшеліктерімен, мінез - құлықтарымен, тіршілік әрекетімен таныстыру.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Балалардың төрт түлік мал туралы, олардың төлдерін ажырата білуге және пайдасы жайлы алған білімдерін бекіту.
Үй жануарлары мен жабайы жануарлар. Сүтқоректілер.
Үй жануарлары мен жабайы жануарлар. Сүтқоректілер.
Жануарлар және олардың тіршілігі жайлы түсінік беру. Олардың да өсімдіктер сияқты алуан түрі бар екені туралы түсінік қалыптастыру
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Балалардың үй жануарлары мен олардың төлдерін білдіретін сөздерді қолдана отырып, жануарлар туралы айту білігін бекіту.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Үй жануарлары жайында білімдерін бекіту. Жануарларды өзгешеліктеріне байланысты салыстыра білу
Үй жануарлары мен үй құстары
Үй жануарлары мен үй құстары
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы №2 орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Жолина Айгул Жамаловна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×