Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қыс

04 қыркүйек 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Қыс.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушыларды өлеңді мәнерлеп оқуға жаттықтыру, ойын жүйелі жинақтап сөйлеуге үйрете отыра, білімдерін кеңейту.
Дамытушылығы: Оқушылардың таным қабілеттерін арттыру, ойын толық жеткізіп, сөйлеуге дағдыландыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды табиғаттың әсемділігін бақылай білуге, табиғатты қорғауға баулу. Топта жұмыс жасай отыра өзара ынтымақтастықта болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, топтастыру әдісі, ой - қозғау, сұрақ – жауап,, топпен жұмыс, көрнекілік.
Көрнекіліктер: Қыс мезгілі бейнеленген суреттер, сызбалар, суреттер, қима - қағаздар, слайд, бағалау парағы.
Түрі: Топпен және жеке жұмыс.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, компьютер, слайд, үнтаспа

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. (2минут)
Сәлемдесу: Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Топқа бөліну, топтық ережені құру (2 минут)
Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ.. Бүгін сендермен топпен жұмыс істейміз.. Бүгін біз жыл мезгілдеріне саяхат жасаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, өткенді қайталау.
«Бәйге» ойыны бойынша сұрақтарға жауап алу – ауызша. (5 минут)

1. Әріпті не істейміз?
4. Сөз неден құралады?
2. Дыбысты не істейміз?
3. Дыбысты не істейміз?
5. Жуан дауысты дыбыстарды ата.(а, о, ұ, ы)
3. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.(ә, е, ө, ү, і)
2. Сөйлем неден құралады?
6. Жыл мезгілдерін ата.
1. Қыс сөзіндегі дауысты дыбысты ата, ол қандай дыбыс?.

Жаңа сабақ.
1. Үнтаспадан түрлі дыбыстар тыңдап, есту арқылы ажырату.
(Қысқы боранның гуілі, аяздың сықыры, адамның қардағы аяқ дыбысы)
2. «Ой шақыру» стратегиясы. (2 минут)
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Кейде ұлып, кейде ысқырып,
Ұйытқып боран соғады.
Айтыңдаршы, балалар,
Бұл қай кезде болады?
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы да қыс мезгіліне байланысты болады.
Бүгін біз сендермен белгіленген аялдамалар бойынша саяхатқа шығамыз. Саяхаттағанды ұнатасыңдар ма? Ал саяхаттаған кезде адамдар шаршаған кезде не істейді?
- Әрине, дем алады. Ал біз сабағымызда аялдамаларда берілген тапсырмаларды орындаймыз.
І аялдама: «Қыс мезгілі» аялдамасы
ІI аялдама:«Көңілді қыс» аялдамасы.
ІІ аялдама: «Қысқы орман» аялдамасы.
ІІІ аялдама: «Қыс қызықтары» аялдамасы.
V аялдама: «Қысқы табиғат» аялдамасы.
Осы аялдамаларда бізді көптеген тапсырмалар күтіп тұр. Ал, балалар, біз саяхатқа дайынбыз ба? Ендеше бастайық.

І аялдама: «Қыс мезгілі» аялдамасы
Топтастыру ( 4 минут)
Музыка үзіндісі тыңдатылады. Балалар әуенді тыңдағанда көз алдарына елестегендерін диаграмма ішіне толтырып жазады. Болғанннан соң әр топтан бір оқушы шығып өз жұмыстарын көрсетіп, қорғайды. Кейін мұғалім дұрыс жауаппен салыстырады.

ІI аялдама: «Көңілді қыс» аялдамасы. (6 минут)
Кітаппен жұмыс:
Көңілді қыс өлеңін Шәміл Мұхамеджанов жазған.
Шәміл Мұхамеджанов, 1931 жылы, Қостанай облысының Әліби Жанкелдин ауданында дүниеге келген. Оқу – ағарту ісін дамытуды мақсат еткен Шәміл, 1952 жылы Абай атындағы, педагокикалық институтында білімін жетілдіреді. Өз замандастары, Сағи Жиенбаев, Тұманбай Молдағалиев, Мұқағали Мақатаевтармен жақсы жолдас болған. Биыл ақиық ақынның 80 жылдығы тойланып жатыр. Бұл «жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген аталы сөздің бекер айтылмағандығының дәлелі. Артында қалған «асыл қазыналары» жастың да кәрінің де есінде. Қадір тұтып, қастерлейді.
Көңілді қыс
Бір топ бала сырғанап,
Барады, әне, жарысып.
Қалды артында қар, алап,
Іздерінде қар ұшып.
Қырау қатып жағаға,
Аяз беттен өбеді.
Бірі мініп шанаға,
Бірі шаңғы тебеді.
Сәтке қарап тұрмайсың,
Көңілді еді қыс қандай!
Шаңғыменен зырлайсың,
Қанат бітіп ұшқандай.
- Өлеңде не туралы айтылған?
- Балалар не істейді?
Дауыстап оқыту.
Тізбектеп оқу

ІІI аялдама: «Қысқы орман» аялдамасы. ( 4 минут)
Мұғалім: Мына аялдамадан өту үшін, сендер Жер - Ананың жіберген хатындағы сұрақтарға жауап беріңдер. (Қысқа жауап береді).
1 - топ: Қыста қыстайтын құстардың аттарын атаңдар. (қарға, сауысқан, суықторғай, шымшық, тоқылдақ)
2 - топ: Аңдардың қысқы тіршілігі туралы айтыңдар. (қасқыр, қоян, түлкі)
3 - топ: Қысқы табиғатты сипаттаңдар

Сергіту кезең: қимылды жаттығу (2 минут)

ІV аялдама: «Қыс қызықтары» аялдамасы (6 минут)
Жұмбақты шешейік:
1. Қыста жерді жауып кетті, ал көктемде ағып кетті. (қар)
2. Қолы жоқ, сурет салады, тісі жоқ тістеп алады. (аяз)
3. Табаныма байладым, қос аяқпен айдадым. (шаңғы)
4. Тікен, тікен тік пісте, қысы жазы бір түсте (шырша)
5. Денесі суық, айнадай тұнық. су боп ағады, тұрса күн жылып (мұз)
6. Қанаты жоқ ұшады, аяғы жоқ желеді, аузы жоқ ұлиды. (боран)
Дәптермен жұмыс: Суретке қарап, сөйлем құрастырып жазу

V аялдама: «Қысқы табиғат» аялдамасы. (7 минут)
Топтық жұмыс. (постерге орындау)
1 топ: қыс мезгіліне байланысты сөздер
2 топ: қысқы ойындар
3 топ: қысқы киімдер

Қортынды.
Бүгінгі сабағымызда не айтылды?
- Қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс)
- Қыс айларын атаңдаршы? (желтоқсан, қаңтар, ақпан)
- Жуан дауысты дыбыстарды атаңдар
- Жіңішке дыбыстарды атаңдар

Бағалау
«Өз жұмысыңды бағала» (3 минут)
Қызыл түс - мен бәрін жақсы түсіндім және досыма түсіндіре аламын
Жасыл түс - мен түсіндім, бірақ маған көмек қажет
Сары түс - маған бүгін сабақ қиын болды, түсінгем жоқ
Рефлексия кезеңі: (2 минут)
Балалар, бүгінгі сабағымыз сендерге ұнады ма? Не ұнады? Өздеріңнің пікірлерінді тақтаға шығып, белгілеңдер.
Үйге тапсырма. Көңілді қыс өлеңін мәнерлеп оқып келу.

Толық нұсқасын жүктеу
3 057
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ө. Тұрманжанов Қарлығаш
Ө. Тұрманжанов Қарлығаш
ойлау дағдыларын қалыптастыра отырып, өлеңді мәнерлеп оқуға өз сөздерімен әңгімелеуге, ауызекі сөйлеуге машықтандыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту
Жазғы демалыс
Жазғы демалыс
Жаңа сөздерді меңгеру, олармен сөз тіркестері мен сөйлемдер құрап үйрету; Өзара бағалау жүргізу арқылы тақырыпқа деген қызығушылықтарын арттыру
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
«Үш бақытым» өлеңімен таныстыру. Оқушыларды Мұқағали Мақатаев өмірімен таныстыру; Оқушыларды туған жерін, елін қорғай білуге баулу. Патриоттық сезімдерін ояту және ой белсенділігін арттыру.
Зат есім
Зат есім
Сөйлем ішінен зат есімді ажырата білуге үйрете отырып, топпен жұмыс жасай білуге, пікірлесуге, ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Құрмалас сөйлемді қайталау
Құрмалас сөйлемді қайталау
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Ш.Уәлиханов атындағы №26 мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әбдіқалықова Индира Тұрсынбайқызы
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Исмаилова Ляззат Нуржанқызы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектеп , Бастауыш пән мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×