Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан – ортақ үйіміз. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем

18 қыркүйек 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың атауы: Қазақстан – ортақ үйіміз. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
Мақсаты: Қазақстан мемлекеті туралы білімдерін тереңдету;
Болашақты жасайтын – қазіргі жастар екенін ұқтыру;
Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары туралы білімдерін тереңдету, пайдалана білуге үйрету.
Оқу нәтижесі: Өз білімін тәжірибеде қолданады;
Сөздік қорларын толықтырады.
Әдіс тәсілдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;+
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;+
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;+
Оқыту мен оқуды ақпараттық - коммуникативтік технологияларды пайдалану;+
Талантты және дарынды балаларды оқыту;
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу+
Оқытуды басқару және көшбасшылық
Дереккөздер: Оқулық
Сөздіктер

Ұйымдастыру кезеңі:
1. Психологиялық даярлық «Атом молекулалары»
2. Үй тапсырмасын тексеру:
Кіндік қаным тамған жер - туған жер; ержетіп - өсіп, қарым - қатына жасайды - байланыс жасайды. Контексте қарастыру.

3. Жаңа сабақ. Сөйлесім.
2 - тапсырма бойынша жұмыс:
Сен қай елде тұрасың?
Сенің Отаның жер көлемі бойынша әлемде нешінші орын алады?
Шекарасы неше шақырымнан асады?
Қай елдермен шектеседі?
Еліңде қандай үлкен қалалар бар?
Туған жеріңнің қандай биік таулары мен ірі өзен – көлдерін білесіңдер?
Атамекен жайында қандай мақал - мәтелдер білесің?
3. Грамматика бойынша жұмыс:
Кластерді топ ішінде талқылау, топ басшысының түсіндіруі.

4. Жаттығулар орындау. 3 - тапсырма. Жазылым. ҚСҚС теріп жазу:
«Қазақстан - 2050» бағдарламасында белгіленген міндеттердің бәріне бірдей қол жете қоймас, сонда да қазақстандықтарға оны жүзеге асыруға сенімді беталыс керек.
4 - тапсырма. Өздеріне берілген сөйлемдерден ҚСҚС құрау:
Қазақстан Республикасында негізгі мемлекет құрушы ұлт – қазақтар, алайда мемлекетімізде түрлі ұлт өкілдері өте көп. Республикамыз пайдалы қазбаларға бай, дегенмен табиғаты әр өңірде әртүрлі. Жаз маусымнан басталады, бірақ қыркүйекке дейін созылады. Бұл – көпшілікке ұнайтын мезгіл, дегенмен өте суық қыс ұзаққа созылады.
5 - тапсырманы топ ішінде орындау. Берілген диалогты толықтыру, оқу, аудару.
Қысқа тестілеу. Құрмалас сөйлем. Тәжірибе.

1. Қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Айман дүкенге кетті.
В) Біресе ол барады, біресе Айгүл барады.
С) Күн де шығып тұр, жел де соғып тұр.
Д) Бұл шөп әдемі, бірақ зияны да бар.
Е) Мен кеше сабаққа келген жоқпын
2. Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрамы қалай анықталатынын көрсетіңіз.
А) Екі жай сөйлем.
В) Атаулы сөйлем, түсіндірмелі сөйлем.
С) Жалғаулықты сөйлем, жалғаулықсыз сөйлем.
Д) Бағыныңқы, басыңқы.
Е) Толымды, толымсыз сөйлем.
3. Салаластың түрін ажыратыңыз.
Ән басылып қалды, алайда гитара сазы тоқталған жоқ.
А) Ыңғайлас.
В) Қарсылықты.
С) Түсіндірмелі.
Д) Кезектес.
Е) Талғаулы.
4. Құрмалас сөйлемдерден қарсылықты салалас түрін табыңыз.
А) Таңат біресе сұрланды, біресе бозарды.
В) Үлкендер төрде отыр, жастар босағада.
С) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарнын тіленбей.
Д) Жазира осы жұмысқа орналасты, себебі мамандығына сәйкес еді.
Е) Өлең жазуға ыңғайландым, бірақ шабытым келмеді.
5. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулығын көрсетіңіз.
А) Сонымен.
В) Сондықтан.
С) Да.
Д) Бірақ.
Е) Немесе.

Қазақстан – ортақ үйіміз. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем жүктеу
2 553
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
Қарсылықты салалас құрмалас және оның жалғаулықты, жалғаулықсыз түрлерінің жасалу жолдарын меңгерту. Зейін, ынта қабілеттерін, ой - өрістерін дамыту, ББД қалыптастыру.
Талғаулы салалас
Талғаулы салалас
Оқушылардың салалас құрмалас сөйлем және оның түрлері туралы білімдерін нығайту, талғаулы салалас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын ұғындыру, өзге салалас сөйлемдерден ажырата білуге дағдыландыру. Білім - білік дағдыны қалыптастыру.
Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлем
Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлем
Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлем Өзіндік оқу арқылы салалас құрмалас сөйлемдердің, ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары туралы түсінік қалыптастыруы тиіс, тілдік талдау жасауға үйренеді.
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Зат есімнің септелуі
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі мен зат есімді қайталау Өз білімін тәжірибеде қолданады;
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет
Қазақстан мемлекеті туралы білімдерін тереңдету; Болашақты жасайтын – қазіргі жастар екенін ұқтыру
Қазақстан – ортақ үйіміз
Қазақстан – ортақ үйіміз
Қазақстан мемлекеті туралы білімдерін тереңдету; Болашақты жасайтын – қазіргі жастар екенін ұқтыру;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×