Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан – тәуелсіз мемлекет

18 қыркүйек 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Сабақтың атауы: Қазақстан – тәуелсіз мемлекет
Мақсаты: Қазақстан мемлекеті туралы білімдерін тереңдету;
Болашақты жасайтын – қазіргі жастар екенін ұқтыру;
Оқу нәтижесі: Мәтінмен жұмыс істеуге үйренеді;
Өз білімін тәжірибеде қолданады;
Сөздік қорларын толықтырады.
Әдіс тәсілдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;+
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;+
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;+
Оқыту мен оқуды ақпараттық - коммуникативтік технологияларды пайдалану;+
Талантты және дарынды балаларды оқыту;
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу+
Оқытуды басқару және көшбасшылық
Дереккөздер: Ноутбук. «Атамекен» қысқаметражды фильм
Оқулық
Сөздіктер

1. Психологиялық даярлық «Қала тұрғындары». Оқушыларға тренинг барысын түсіндіріп, ойынды өткіземін, олардан қандай көңіл - күйде екендерін, тренинг маңызының неде екенін сұраймын.
3. Сабақ эпиграфымен жұмыс: хормен оқу, талдау.
Өзіңдікі де Туың да,
От пен Ауа, Суың да.
Жаса, Қазақстаным,
Белді бекем буын да!
Иран - Ғайып

4. Жаңа сөздермен жүргізілетін жұмыс, жалпы орындайды. Мұғалімнің оқуы, оқушылардың айтып үйренуі, мағынасына көңіл бөлу.
Синонимдік қатар:
Ғалам - әлем - жержүзі - дүниежүзі
Таныған - білген - белгілі
Болған - мойындаған
Тәуелсіз - еггеменді - еркін - дербес
Заң - ереже - қағида
Қабылданды - бекітілді
Терезесі тең - қатар - бірдей
Тарады - жайылды
Жаңалық - хабар
Қолдады - мақұлдады
Іле - шала - лезде - тез - жылдам - сөздерді қалай түсінетіндіктерін байқау, ол үшін оқушылар топта талқылайды.

5. Мәтінмен топтық жұмыс. Әр жұп бірге оқып талдайды, бір - біріне түсіндіреді, аударады.
Қазақты ғалам таныған күн
Он алтыншы желтоқсан. Бұл күні Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң қабылданды. Ақ Жайықтан Алтайға, Атыраудан Алатауға дейінгі ұлан - байтақ жерді алып жатқан миллиондаған қазақтың Отаны болды, яғни терезесі тең мемлекет болып танылды. Енді ол - Қазақстан Республикасы.
1991жылдың 16 желтоқсанында болған бұл жаңалық ғаламға тез тарады. Бұл дүниежүзінің үлкенді - кішілі мемлекеттері қатарына тағы бір үлкен елдің, іргелі халықтың қосылғанын, адамзат тарихындағы тағы бір беттің ашылғанын қуана қолдады. Түркия бас болып, іле - шала Канада, Бразилия, Үндістан, Румыния, Швеция, Норвегия, Египет, Израиль, Куба, сондай - ақ АҚШ пен Швейцария таныды. Топта 3 - тапсырманы орындау. Диалог толықтыру.
5. Дәптердегі өзіндік жұмыс: 4 - тапсырма. Өзара дәптер алмасу және тексеру.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 000
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша туралы білімдерін дамыту, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Тілін, сөздік қорларын дамыту.
Адам – мәдениетті жасаушы
Адам – мәдениетті жасаушы
7 модульдің қолданылуы АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Зат есімнің септелуі
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі мен зат есімді қайталау Өз білімін тәжірибеде қолданады;
Қазақстан – ортақ үйіміз. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
Қазақстан – ортақ үйіміз. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
Қазақстан – ортақ үйіміз. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем Қазақстан мемлекеті туралы білімдерін тереңдету;
Қазақстан – ортақ үйіміз
Қазақстан – ортақ үйіміз
Қазақстан мемлекеті туралы білімдерін тереңдету; Болашақты жасайтын – қазіргі жастар екенін ұқтыру;
Педагогикалық іс тәжірибемдегі жаңаша өзгерістер
Педагогикалық іс тәжірибемдегі жаңаша өзгерістер
Өз тәжірибемде қандай да бір жаңашылдық көрсетуде мен «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқытуды басқару және көшбасшылық», «Талантты және дарынды балаларды оқыту»,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×