Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөйлем

25 желтоқсан 2012, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы,
№32 Жалпы орта мектеп - гимназиясының
бастауыш класс мұғалімі Шамишева Бағдагүл


Сабақтың тақырыбы: Сөйлем
Сабақтың мақсаты: 1. 2- 3 сыныптарда сөйлем туралы берілген ұғымдарды еске түсіріп,
жинақтау. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуі туралы еске түсіру. Әр сөйлем түрінің өзіндік айтылу ырғағы болатынын, олардың тыныс белгілерін, сұраулық шылаулардың жазылу емлесін саналы түрде ұғындыру.
2. Сауатты жазу дағдысын, тілін , ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Сөздік қорын молайту.
3. Орындалатын жаттығулардың мазмұнын түсіндіре отырып, елін, жерін сүюге, мәдениетті сөйлей білуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, түсіндіру, практикалық, топтастыру.
Сабақтың типі: Білімді қайталау сабағы.
Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс
Пән аралық байланыс: Дүние тану, әдебиет, еңбек

Сабақтың барысы:

І Алғашқы ұйымдастыру кезеңі
Класс үш топқа бөлінеді, сабаққа дайындықтары тексеріледі.

ІІ Білімді жан - жақты сұрау
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Мұнда назар аударайық. Жапырақ, күз, сарғайды.
- Бұлар не?
- Сөздерден не құралады?
- Сөйлем дегеніміз не?
- Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
- Жай сөйлемнің неше түрі бар?
- Жалаң сөйлем деген не?
- Жайылма сөйлем деген не?
- Балалар біз бүгінгі сабағымызда сөйлем туралы берілген ұғымдарды еске түсіріп, жаттығу
жұмыстарын орындаймыз.

ІІІ Қайталау
137- жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін табады. Шешуі: бұлт.
- Жұмбақ неше сөйлемнен құралған?

138- жаттығу. Мәтінді рөлге бөліп оқиды. Сөйлем түрлерін анықтайды. . Қарамен жазылған
сөйлемдерді көшіріп жазып, тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіреді.
І топ - Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.
ІІ топ – Кейіпкерлерге мінездеме береді.
ІІІ топ – Мәтін түрін анықтайды.

І топ – Аю туралы мәтіннің сөйлемдерінің орны ауыстырылып беріледі.
Сөйлемдерді орнына қойып оқиды.
ІІ топ – Еліктің лағы туралы сөйлемдер беріледі. Тыныс белгілерін қояды.
ІІІ топ – Арыстан туралы мәтін құрады. Дені лепті сөйлемнен тұратын.

139- жаттығу. Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқиды. Сөйлем соңында леп белгісінің
қойылу себебін түсіндіреді.
Қазақстан туралы бейне таспа көрсетіліп, табиғаттың тамаша екендігі айтылады
І топ – Қазақстан туралы хабарлы сөйлем құрайды.
ІІ топ – Лепті сөйлем құрайды.
ІІІ топ – Сұраулы сөйлем құрайды.

140- жаттығу. Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқиды.
І топ – Алғыс, ризалық сөздер ойлау.
ІІ топ – Айналып, толғану сөздері.
ІІІ топ – Қошемет, қоштау сөздер.

141- жаттығу. Өлеңді тиісті тыныс белгісін қойып, жатқа жазады. Сұраулық мағына
беріп тұрған сөздердің астын сызады. Әр топтан бір оқушы шығып,
тақтаға жазады.

ІV Қорыту
Төмендегі сұрақтарға иә немесе жоқ деп жауап береді.
1. Мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен мәтін құралады. (Иә)
2. Айнұр қызық кітап оқыды. Бұл –жайылма сөйлем. (Иә)
3. Мен саған жол берейін бе. Бұл - лепті сөйлем. (Жоқ)
4. Астана - қала әдемі. Бұл - дұрыс құрастырылған сөйлем. (Жоқ)
5. Сөйлем сөзден құралады. (Иә)
6. Бастауыш пен баяндауыш –сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. (Иә)

Оқушылардың қолында гүл күлтешелері болады. Жауапты қатесіз тапқан оқушының жапсырған күлтешелері бір түсті болады.

V Бағалау
Топтар бағаланады.
Жауап берген оқушыларға фишкалар беріледі, сол бойынша жеке оқушылар бағаланады

V Үйге тапсырма
142- жаттығу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 910
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Cөйлем
Cөйлем
Сөйлем және оның түрлері жайлы білімдерін еске түсіре отырып толықтыру. Сөйлемді айтылу мақсатына қарай ажырата білуге машықтандыру және сауаттылықтарын арттыру.
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Қарақобда ауылы, Қарақобда орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Раимкулова Анаргүл Есенқызы
Тік төртбұрыштың (шаршының) ауданын есептеу
Тік төртбұрыштың (шаршының) ауданын есептеу
Сабақтың мақсаты: Тік төртбұрыштың (шаршының) ауданының формуласын пайдалана отырып ауданды таба білуге үйрету.
Санды теңдіктер және теңсіздіктер
Санды теңдіктер және теңсіздіктер
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 Жалпы орта мектеп-гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Шамишева Бағдагүл
Сөйлем. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері
Сөйлем. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы Х. Наубетов атындағы орта мектептің ұстазы Шарбану Нурмашева
Сөйлем
Сөйлем
Атырау қаласы Ы. Алтынсарин атындағы №11 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Құбиева Зауреш Паңгерейқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×