Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аулақ бол, жаман әдеттен

25 желтоқсан 2012, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ақтөбе облысы,
Ақтөбе қаласы,
№32 Жалпы орта мектеп-гимназиясының
бастауыш класс мұғалімі Шамишева Бағдагүл

Пәні: тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Аулақ бол, жаман әдеттен.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге
қамқор болуға үйрету.
Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
Әдептілікке, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Көрністерге қажетті құралдар, макеттер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:
І Кіріспе.
Адам бойында жақсы-жаман қасиеттер болады. Бізге адалдықты, кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты ата-аналарымыз, ата-бабаларымыз, ұстаздарымыз үйретеді. Алдымен бұл қасиеттер біздің бойымызға ананың ақ сүтімен дариды.
Сондай-ақ адам бойында жаман, жат, теріс қасиеттер де болады.
Ол қандай қасиеттер, одан қалай сақтанамыз, оны бүгінгі «Аулақ бол , жаман әдеттен» атты сабағымыздың барысында білетін боламыз.

ІІ Негізгі бөлім.
1.Атасына келді де,
Сұрады сәби немере.
Жақсы деген немене ?,
Жаман деген немене ?.
(Тақтада жазылған адам бойында болатын қасиеттерді «жақсы», «жаман» деп бөледі.)

2.Абай атамыздың «Адам болам десеңіз» өлеңі жатқа оқылып, бес асыл іс пен бес дұшпанды ажыратады.
Үш артық: адалдық, еңбексүйгіштік, өнерпаздық.
Үш кемдік: надандық, еріншектік, зұлымдық. (Абай)

3.Көрініс «Үш ұл»
Талдау жүргізіледі.
Екі баланың осындай болуына не әсер етті деп ойлайсыңдар?
Үшінші балаға мінездеме беріңдер.(Үлкенді сыйлайтын, еңбекқор, адамгершілігі мол бала)
«Жалқаубек» әні орындалады.

4.Айтыс. «Не жақсы?» , «Не жаман?»
5.Сурет бойынша әңгіме «Екі дос»
6.Жұмбақ шешу.

Дәптеріне әріпті
Қаздай тізіп жазатын,
Үйді таза сақтайтын,
Кітаптарды шашпайтын баланы кім дейміз? (ұқыпты)
Түймесін де қадайтын,
Сабақтан да қалмайтын,
Еденді де жуатын
Еңбекті қатты сүйетін баланы кім дейміз? (еңбекқор)
Қол ұшын беріп,
Көмегін де аямайтын.
Қызығына қуанып,
Ренжи қалса , жұбататын адамды кім дейміз? (дос)
Ән де айта алатын,
Би де билеп беретін,
Домбырада күй ойнап,
Сурет сала білетін баланы кім дейміз? (өнерлі)
Жаны үнемі жадырап,
Күлімсіреп қарайтын,
Жылы сөздер айтатын,
Жүрегі жұмсақ адамды кім дейміз? (мейірімді)
Үлкеннің жолын кеспейтін,
Сәлем беріп жүретін,
Кішіге ізет білдіріп,
Қамқоршы бола білетін баланы кім дейміз? (әдепті)

7. «Мен қандаймын?»
Балалар күннің суреті салынған параққа өздерінің бойында қандай қасиеттер барын
жазады.

8. «Ыстық орындық»
Ортадағы орындықта бір оқушы отырады. Басқа оқушылар сол баланың бойында бар
қасиеттерді айтады.
Ол баланың өзі жазған пікірімен салыстырылады.

9. «Халық тағылымы»
Тыйым сөздерді оқушылар кезектесіп айтады.

10. Көрініс «Бақша ағаштары»
Талдау жүргізіледі.

ІІІ Қорытынды.
Интерактивті тақтада жаман -жақсы қасиеттер суреттер арқылы салыстырылып берілген.
Адам бойында болатын қасиеттердің ұнамды, ұнамсызын ажырата білейік.
Ата –анамыздың, ата-әжелеріміздің және ұстаздарымыздың айтқан ақыл кеңесін ойымызға тоқып, жаман әдеттерден аулақ болсақ, болашағы жарқын, адамгершілігі мол адам болып өсеміз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
64 604
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен!
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен!
Балаларға күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі жақсылықтар мен жамандықтарды ажырата білуге, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
Жақсы деген немене, жаман деген немене?
Жақсы деген немене, жаман деген немене?
Ұлы ғұламалардың жақсы мен жаман туралы айтқандарын түсіндіру, адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту.
Әдептілік - әдемілік белгісі
Әдептілік - әдемілік белгісі
Балалардың әдептілік туралы білімдерін кеңейту. Көрініс арқылы адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. Көрнекі суреттер арқылы зейін, логикалық ойлауын дамыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
Әдептілік – адамдықтың белгісі
Әдептілік – адамдықтың белгісі
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №12 бастауыш мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Нуржанова Гулжан Аманжолқызы
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Исолдаева Мирамкүл
Әдептілік - тәрбие бастауы
Әдептілік - тәрбие бастауы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Жанкелдин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Серикова Алма Төленқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×