Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әдістемелік нұсқаулар «Алты жасар балаларды ойын және жаттығулар арқылы оқыту»

10 желтоқсан 2017, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдістемелік нұсқаулар
«Алты жасар балаларды ойын және жаттығулар арқылы оқыту»

Әдістемелік нұсқаулар 1 - ші сынып мұғалімдеріне және мектепалды даярлық, мектепке дейінгі ұйым педагогтарына ұсынылады.

Ана тілі
Фонетикалық ойындар мен жаттығулар
КІМ НЕ ЕСТИДІ?
Дидактикалық міндеті: қоршаған әлемдегі дыбыстар туралы түсінік беру.
Құралдар: шымылдық, қоңырау, барабан, стақан, кәстрөл, ағаш қасық немесе ағаштан жасалған зат, шай қасығы.
Мазмұны: Педагог немесе балалардың біреуі шымылдықтың артында тұрып, қоңырау соғады, қасықпен шыны стақанды, металды немесе ағаш затты соғады және т. б. Балалар дыбысты және дыбыс арқылы затты анықтайды.

ДАУЫС АРҚЫЛЫ
Дидактикалық міндеті: балалардың фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Құралдар: орамал.
Мазмұны: Балалар шеңберге тұрады. Жүргізуші орамалмен көзін байлайды. Балалар шеңбермен жүріп, мынадай сөздерді айтады: «Сен жұмбақты шешіп ал, кім сені атады, соны біліп ал». Содан кейін балалардың біреуі жүргізушінің атын атайды. Егер ол дұрыс айтса, шеңберге тұрады, ал атын айтқан бала жүргізуші болады.

КІМ ЕҢ МҰҚИЯТ?
Дидактикалық міндеті: балалардың фонематикалық есту қабілетін дамыту; сөздердегі керекті дыбысты есту біліктілігін қалыптастыру.
Құралдар: жетондар.
Мазмұны: Балалар педагогтың қысқа әңгімесін немесе жаңылтпашты тыңдап алғаннан кейін, керекті дыбыстан басталатын сөздерді айтып береді. Көп сөздерді айтып берген бала, жеңімпаз болады. Тапсырманы өзгертуге болады.

ҚАНДАЙ ДЫБЫС
Дидактикалық міндеті: дауысты және дауыссыз дыбыстырды айыру біліктілігін дамыту; дыбыстарды белгілер арқылы көрсетуді үйрету.
Құралдар: дауысты және дауыссыз дыбыстардың карточкалары.
Мазмұны. Педагог түрлі дауысты және дауыссыз дыбыстарды айтады, ал балалар керекті карточкаларды көрсетеді. Ойынды қайталағанда дыбыстарды жабық көздермен естуге болады.

ЖУАН НЕМЕСЕ ЖІҢІШКЕ?
Дидактикалық міндеті: жуан және жіңішке дауыссыз дыбыстарды айыруға үйрету.
Құралдар: көк және қара түсті фишкалар.
Мазмұны. Педагог жуан және жіңішке дауыссыз дыбыстарды жұппен немесе араластырып айтады. Балалар керекті фишканы көрсетеді: жуан дыбысқа – қараны, жіңішке дауыссыз дыбысқа – көк фишканы. Кім бәрін дұрыс көрсетсе, жеңімпаз болады.

ОЙЫНШЫҚТЫ ТАҢДА
Дидактикалық міндеті: берілген сөздегі буынның санын дұрыс анықтауға үйрету.
Құралдар: ойыншықтардың түрлі жинақтары (немесе суреттер).
Мазмұны. Педагогтың тапсырмасы бойынша, балаларға ойыншықтарды немесе суреттерді көрсетеді, ал олар карточкаларды көрсетеді. Мысалы: доп – 1 буыны бар карточканы көрсету және т. б. Тапсырманы өзгертуге болады.

ШЕШІМДІ ТАҢДА
Дидактикалық міндеті: сөздің құрылымы туралы білімдерін бекіту.
Құралдар: буындар және сөздер.
Мазмұны. Педагог сөздерді және буындарды екі дыбыстан, содан соң үш дыбыстан араластырып айтады, мысалы: су, па, ме, то, доп және т. б. Балалар әрбір буынға немесе сөзге сәйкес құрылым бойынша карточканы көрсетеді. Кім қате жіберді, тұрады.

БУЫНДЫ ҚОС
Дидактикалық міндеті: сөзді буынға бөлу механизмін қалыптастыру.
Құралдар: доп, фанталар, карточкалар,
Мазмұны. Балалар шеңберге тұрады, педагог буынды айтып, бір балаға допты лақтырады. Бала допты ұстап алып, бір немесе бірнеше буынды қосып, сөзді жалғастырады. Кім дұрыс айта алмаса немесе тез буынды айтпаса, фантпен төлейді. Мысалы: ас+паз, кі+тап, ба+лық, ба+ла. Ойынды өзгертуге болады.

ҚЫЗЫҚТЫ ҚҰРЫЛЫМДАР
Дидактикалық міндеті: балаларды сөзді дыбыстық құрамына талдауға жаттықтыру.
Құралдар: сөздердің құрылымдары, жетондар.
Мазмұны. Тақтада үш сөздің құрылымдары, мысалы: доп, шана, қоян, әке және т. б. Балалар берілген құрылымдар бойынша сөздерді тауып айтады. Жеңімпаз балаларға жетондар беріледі.

Әдістемелік нұсқаулар «Алты жасар балаларды ойын және жаттығулар арқылы оқыту». жүктеу
9 202
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқаулар
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқаулар
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқаулар
3 - 4 жастағы балаларға фонематикалық есту қабілетін дамыту үшін арналған ойындар
3 - 4 жастағы балаларға фонематикалық есту қабілетін дамыту үшін арналған ойындар
ойынға 4 - 5 бала қатысады. Балалар жарты дөңгелекке турады, ортасында доппен тәрбиеші турады. Балаларға доп лақтырып бір жануарды атайды. Бала допты қағып ап сол жануардың дыбыстауын еске түсіру керек.
Балаларды дамытуға арналған психологиялық ойындар және интербелсенді жаттығулар
Балаларды дамытуға арналған психологиялық ойындар және интербелсенді жаттығулар
Балаға әртүрлі сөздерді атаңыз: үстел, кереует, кесе, қарындаш, дәптер, кітап, тоғай, шанышқы және т. б. Ол келісім бойынша белгілі бір сөздерге қимылмен жауап беруі керек.
Білім күні
Білім күні
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС - 12 орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Тулебова Назира
Үш жасар балалардың дамуы
Үш жасар балалардың дамуы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №5 "Балғын" балабақша тәрбиешісі Әлменова Ботакөз Ақылбекқызы
Әдістемелік жұмыстың қызметтері мен ерекшеліктері
Әдістемелік жұмыстың қызметтері мен ерекшеліктері
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, ІІ санатты информатика пәні мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович Әдістемелік жұмыстың қызметтері мен ерекшеліктері Білім беру үрдісін басқаруда әдістемелік жұмыс ең негізгі бөлік болып табылады. Оның негізгі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×