Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


3 - 4 жастағы балаларға фонематикалық есту қабілетін дамыту үшін арналған ойындар

17 шілде 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
3 - 4 жастағы балаларға фонематикалық есту қабілетін дамыту үшін арналған ойындар

«Кім солай сөйлейді?»
Мақсаты: жануарларды дауысынан айыра білуге және дауыстарын еліктеуге үйрету.
Құрал: Доп
Ойын барысы: ойынға 4 - 5 бала қатысады. Балалар жарты дөңгелекке турады, ортасында доппен тәрбиеші турады. Балаларға доп лақтырып бір жануарды атайды. Бала допты қағып ап сол жануардың дыбыстауын еске түсіру керек.
Немесе допты лақтырып: «Ит қалай үреді көрсетші»

«Кім сені шақырды, тап?»
Мақсаты: басқа адамды дауысынан танып үйрету.
Құрал: арнайы құрал керек емес.
Ойын барысы: 3 адамнан кем адам қатыспайды. Біреуі ортаға турып көзін жұмады. Тәрбиеші көрсеткен бала, ортада турған баланы шақырады. Бала шақырған адамды дауысынан танып табу қажет. Таныса шеңберге турады – шақырған бала ортаға турады.

«Бес санына шапалақта»
Мақсаты: Беске дейін санап және әрекетті тәрбиешінің ұсынысы бойынша орындап үйрету.
Ойын барысы: ойында екеулеп және топпен ойнауға болады. Тәрбиеші балаға қарама – қарсы отырып айтады «қазір мен 5 дейін санаймын «бес» деген кезде сен бір рет шапалақтайсын»

«Бұл не қылған дыбыс?»
Мақсаты: Баланы бір дыбысты бір дыбыстан және сөздің басындағы дыбысты ажыратып үйрету.
Құрал: Бірдей дыбыстан басталатын суреттердің аттары.
Ойын барысы: Ойынға 3 - 5 балаға қатысуға болады. Ойыншылар үстел басына отырады, тәрбиеші балаларға суреттерді көрсетіп атайды. Балалар зейінді тыңдап сөздегі бірдей дыбыстарды танып білу қажет. Табылған дыбыс нақты айтылу қажет. Мысалы: ааапа, аана, ааайна, ааалма.

4 - 5 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА ФОНЕМАТИКАЛЫҚ ЕСТУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ҮШІН АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР

«Тында да айт»
Мақсаты: айналадағы заттардың дыбыстарын бір - бірінен ажырата білуге үйрету, фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Құрал: ағаш, металл қасықтар, доп, қағаз, кітап, суы бар стақан, қоңырау, кілттер.
ІІ нұсқасы ретінде музыкалық аспаптарды пайдалануға болады.
Ойын барысы:
Жеке және топпен ойнауға болады. Ең алды балалар үстелдегі заттарды қарап алады. Сосын тәрбиешіге теріс қарап отырады, ал тәрбиеші заттардың дыбысын шығарады, балалар дыбысты танып толық жауап береді: «Бұл қоңыраудың сыңғыры» т. с. с.

ІІ - нұсқа.
Заттардың орнына музыкалық аспаптар пайдаланады. Балалар аспапты дыбысынан таниды.

«Зейінді тыңда»
Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін, есту өткірлігін дамыту.
Ойын барысы: Ойын 4 - 5 баламен өткізіледі. Доңгеленіп отырады. Тәрбиеші жай дауыспен балалардан тапсырманың орындауын сұрайды, содан кейін осы тапсырманы орындайтын баланың атын сыбырлап айтады. Егер бала өз атын естімесе, басқа баланың атын айтады.

«Шапалақта»
Мақсаты: Фонематикалық қабілетін дамыту, әрекетті ересектің ауызша инструкциясы бойынша орындап үйрету.
Ойын барысы: ойынды 1 баламен де, топпен де өткізуге болады.
Тәрбиеші онға дейін санайтынын айтады, ал балалар «он» дегенді естігенде шапалақтау қажет. Тәрбиеші 1 - 2 рет дұрыс санап, сосын шатастырып санайды, ба - р тек қане «он» сөзіне шапалақтау қажет. Қателескен б - р ойыннан шығады.

«Естігенде шапалақта»
Мақсаты: Дыбыстардың арасынан берілген дыбысты ажырата білуге үйрету, фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Ойын барысы: Берілген дыбысты естігенде шапалақпен белгілеу. Тәрбиеші ең алды жеке дыбыстарды айтады, сосын буындардын арасынан берілген дыбысты белгілейді.
3 - 4 жастағы балаларға фонематикалық есту қабілетін дамыту үшін арналған ойындар. жүктеу
3 538
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Балабақшада ойналатын ойындар
Балабақшада ойналатын ойындар
Балабақшада ойналатын ойындар баланың физикалық дамуы жағынан ғана емес, ой қиял ұшқырлығын, логикасын дамытады.
Дидактикалық ойын №1
Дидактикалық ойын №1
Тәрбиеші столдың үстінде бірнеше қағаздан жасалған әртүрлі жемістің құстардың, аңдардың суретін қояды. Тәрбиеші бір баланы тақтаға шығарып, солдың үстіндегі суреттердің біреуін алып, неден жасалғандығын түсінің қандай екендігін, егер жемістің суреті
Балабақшада ойналатын балаларға арналған қимылды ойындар топтамасы
Балабақшада ойналатын балаларға арналған қимылды ойындар топтамасы
Балабақшада ойналатын балаларға арналған қимылды ойындар топтамасы
Сәбилердің бірінші тобындағы әр түрлі қимылды ойындар
Сәбилердің бірінші тобындағы әр түрлі қимылды ойындар
Тәрбиеші кезекпен кімнің жалаушаға баратынын айтады да балалардың әрқайсысының кедергіден дұрыс аттап өтуін бақылайды. Орындықтан жалаушаны алғаннан кейін бала сол жолмен кері қайтады.
Әдістемелік нұсқаулар «Алты жасар балаларды ойын және жаттығулар арқылы оқыту»
Әдістемелік нұсқаулар «Алты жасар балаларды ойын және жаттығулар арқылы оқыту»
Әдістемелік нұсқаулар 1 - ші сынып мұғалімдеріне және мектепалды даярлық, мектепке дейінгі ұйым педагогтарына ұсынылады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын жаттығулары
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын жаттығулары
№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжінің дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінің оқытушысы Мухамеджанова Улман Жұмағазиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×