Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқаулар

19 шілде 2019, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқаулар
Сабақ түрлері және оның құрылымы
Түсіндіру сабақтары: жаңа, біріккен, панорамалық, зерттеу т. б.
Пысықтау сабақтары: бекіту, саяхат, семинар, қайталау, жарыс, конференция, талқылау т. б.
Сынау сабақтары: сынақ, диспут, ойын, сахналау, жұмбақ т. б.
Жаңа сабақ – жаңа білім беру мақсатында.
Біріккен сабақ – жаңа білім мен өткенді және пәндер арасындағы байланысты көрсету мақсатында.
Зерттеу сабағы – іздендіру мақсатында.
Панорамалық сабақ – сабақ элементтерінің көрінісін іске асыру мақсатында.
Бекіту сабағы – білімді меңгеру деңгейін байқау.
Саяхат сабақ – танымдық қабілетін дамыту.
Семинар сабақ – оқушының білімін тереңдету.
Қайталау сабағы – пәндерден алған білімді толық қалыптастыру.
Жарыс сабақ – оқушылар ойларының жетіктігін байқау.
Конференция сабақ – іскерлігі мен танымдық белсенділігін қалыптастыру.
Сынақ сабақ – білім мен дағдысын бір жүйеге келтіру.
Диспут сабақ – білімі мен дағдысын қалыптастыру.
Ойын, жұмбақ – оқушылар зейінін дамыту.
Сахналау сабағы – оқушылар шығармашылығын дамыту.
Талқылау сабағы – ауызекі тілдегі, жұмыстағы жіберген қателерін арнайы талдау.

Сабақ жоспарын жасаудағы талаптар
1. Тақырыбы:
2. Мақсаты:
а) дамытушылық
ә) тәрбиелік
б) жалпы білімділік
3. Күнделікті жоспарды жасаудағы градация – күрделендіру.
а) ұйымдастыру кезеңі
ә) тіл дамыту
б) жаңа тақырыпты енгізу, сол бойынша жұмыс
в) бекіту
г) үй тапсырмасы (үйге берілген тапсырма, өтілген сабақтың 30 пайызынан көп не аз болмауы керек)
д) балалардың жұмысын бағалау
4. Дидактикалық принциптер:

1. Жай және күрделі
2. Жүйелілігі
3. Белсенділігі
4. Білімділігі
5. Көрнекілігі
6. Коммуникативті бағдары
7. Даралап оқыту
8. Ана тіліндегі оқытылуы
9. Жеке дара оқыту

Сабақ беру кезеңіндегі талаптар
1. Тақырыпты жоспарлау
2. Сабақ жоспары
3. Өз білімін көтеру жоспары
4. Жаңа бағдарламаның мазмұнын меңгеру жоспары
5. Сабақтың мақсатын айқындай білуі
6. Сабақ мақсатына қарай мазмұндай білу қабілеті
7. Түрлі әдіс қолдана білу қабілеті
8. Бағдарлама бойынша тәжірибе жұмыстарының өтілу барысы.
9. Сабаққа қызығушылығын тудыру қабілеті
10. Пән аралық байланыс
11. Сабақ кезіндегі тәртібі
12. Мақсатына қарай бағалай білуі
13. Үлгермеушілік себебін анықтай білу қабілеті
14. Кабинет жабдықтарына қосқан үлесі
15. Көрнекілікті пайдалана білу дәрежесі

Сабақтың құрылымдық сәттері
1. Ұйымдастыру кезеңі – 2 - 3 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау – 10 - 15 мин.
Әдістері: сұрақ - жауап, жазба жұмысы арқылы, әңгімелесу, жаттау, оқу, талдау, тест.
3. Үй тапсырмасын пысықтау, қорыту – 1 - 2 мин.
4. Жаңа сабаққа кіріспе – 1 - 2 мин.
5. Жаңа сабақ – 15 - 20 мин.
Әдістері: әңгіме, баяндау, көрнекі, техникалық құралдар, өткенмен байланыс т. б.
6. Жаңа сабақты пысықтау, қорыту – 1 - 2 мин.
7. Үй тапсырмасына даярлық – 2 - 3 мин.
Әдістері: сыныптағы жұмысқа ұқсас, нормаға сай 1/3 бөлік, түсіндіру, жас, жеке ерекшелікті ескеру.
8. Үйге тапсырма беру.
9. Қорытынды.

Сабаққа қойылатын негізгі талаптар
І. Сабақ мазмұнының халықтығы.
ІІ. Оқу материалының ғылымилығы.
Сабақ барысында берілетін мәліметтерді айрықша тексеріп барып пайдалану. Материал сенімді, дәлелді болуы керек. Негізгі айтылар ой алдын ала саралану керек.
ІІІ. Сабақтың тәрбиелік мәні төмендегі тәрбие түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін қамтиды.
1. Ақыл - ой тәрбиесі.
2. Адамгершілік тәрбиесі:
а) ұлтжандылық;
ә) ұлтаралық қатынас сыйластығы;
б) мейірімділік, ізгілік, имандылық.
3. Саяси - идеялық тәрбие.
4. Еңбек тәрбиесі.
5. Әсемдік тәрбиесі.
6. Дене тәрбиесі.
7. Құқық тәрбиесі.
8. Экологиялық тәрбие.
9. Экономикалық тәрбие.
10. Отбасы тәрбиесі
ІV. Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар.
Бұл талаптар негізгі сабақ жұмыстарында көрсетіледі. Сабақ мерзімі, тақырыбы, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсат, көрнекілік, қолданылатын әдістер жүйесі.
Өткен сабақпен байланыс, проблемалық жағдайларды шешу жолдары да көрсетіледі.
V. Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар.
Мұғалімнің өзін - өзі ұстауы, дұрыс көңіл - күйі, балалармен ұстаздық этикаға сай қатынаста болуы.
VI. Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар.
Бұл балалардың артық шаршамауы, физкультминут, ойын элементтерін дұрыс қолдану. Сынып бөлмесі, кабинеттердің, ойын алаңдарының талапқа сай болуы.

Қостанай ауданыны әкімдігінің білім бөлімі «Садовый орта мектебі» ММ
Бастауыш сынып мұғалімдері: Алибеков Ж. С.
4 977
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстан тарихын инновациялық әдістемелік оқыту жолдары
Қазақстан тарихын инновациялық әдістемелік оқыту жолдары
М. М. Жанпейісова бойынша білімді толық меңгерту әдістемесіндегі мұғалімнің жүйеде құрылатын жұмысы: оқу модулі - оқу ақпаратының біршама дербес блогы, оған оқу мақсаты мен міндеттері, әдістемелік нұсқаулар, шамамен алғандағы іс - әрекеттер негізі,
Оқушылардың әдебиет сабағына қызығушылығын арттыруда дәстүрлі емес сабақтардың маңызы
Оқушылардың әдебиет сабағына қызығушылығын арттыруда дәстүрлі емес сабақтардың маңызы
Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты - адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның ұлттық дүниетанымын қалыптастыру, сол арқылы оқушының жан дүниесінің баюына, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына
Тікбұрышты үшбұрышты шешу
Тікбұрышты үшбұрышты шешу
Қарағанды облысы. математика және информатика пәні мұғалімі Макажанова Зауре Шамшиевна
Бастауыш сыныптан сабақтар топтамасы
Бастауыш сыныптан сабақтар топтамасы
Алматы қаласы, Бостандық ауданы, №146 мектеп - лицейінің жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі Алимбаева Жаныл Байназаровна
«Халық ауыз әдебиеті даярлық сыныбында» атты үйірме сағатына арналған оқу бағдарламасы
«Халық ауыз әдебиеті даярлық сыныбында» атты үйірме сағатына арналған оқу бағдарламасы
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қарасу ауылы, В. П. Чкалов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тоқтасынова Динара Қапорқызы
Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру
Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қарасу ауылындағы В. П. Чкалов атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Бердигожанова Нурлан Шаймардановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×