Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күз мезгілі

22 тамыз 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
«Бейнеу гимназиясы» мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі
Бегжанова Санжан Мертеқызы

Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Күз
Сабақтың мақсаты: Күз мезгілінде табиғатта болатын өзгерістер туралы және күз мезгілінің астық, жеміс - жидек, көкөністерді жинау мезгілі екенін күздегі ауылшаруашылық еңбек түрлері жөнінен білім беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, танымдық белсенділігін арттыру, өздіктерінен жұмыс істеп қорытынды шығаруға
машықтандыру.
Тәрбиелілігі: Байқағыштыққа, еңбек сүйгіштікке, қоршаған ортаға
қамқор болуға, табиғатты сүюге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Видеопроектор, суреттер, венн диаграммасы, «Анар
теру» ойыны.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, салыстыру, бақылау.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, математика, өмірмен.

Сабақтың жүрісі.
І Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ Психологиялық дайындық.

Табиғат күлімсіреп күніменен,
Ән айтар бұлбұл сайрап түніменен.
Көркіне көз тоймайды табиғаттың,
Сұлулықты сүйе біл шыныменен.
Сабаққа психологиялық дайындық жүргізу «Өзін - өзі тану» пәнінің элементі болып табылады. Бұл әдісті қолдану арқылы оқушылардың өзіне деген сенімін арттыра отырып, табиғатты сүйе білуге, құрметтеуге тәрбиелеймін.
ІІІ « Күн көзін бұлт баспасын» ойынын ойнату арқылы өткен тақырыптарды қайталап өтеміз. Ойын шарты: берілген сұрақтарға жауап беру арқылы экраннан күлімдеген күн көзін шығару. Қойылатын сұрақтар:

1. Өсімдік қандай топтарға бөлінеді?
2. Өсімдік мүшелерін ата?
3. Тұқым деген не?
4. Көкөністерді кім айтады?
Бұл ойынды алғандағы мақсатым өткен тақырыптар бойынша білімдерін тексеру, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
5. Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?
- Күз.
- Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Күз»

ІV Жаңа сабақ
Сабақтың мақсатын хабарлау.
1. Қазір жылдың қай мезгілі?
2. Күз айларын ата?
3. Күз айларында қандай мерекелер бар?
4. Күз айларында табиғатта қандай өзгерістер болады?
5. Күзде нелер пісіп жетіледі?
6. Адамдар күз мезгілінде қандай жұмыстар атқарады?
7. Жануарлар тіршілігі туралы не білеміз?
Өсімдікті бұтақтан көбейту жолдары туралы түсінік беремін.

V Сергіту сәті.
Қоюланып қара бұлт,
Жауды жаңбыр себелеп.
Жапырақтарды жайылып,
Бұға қалды көбелек.

VІ Бақылау күнделігімен жұмыс.
Ауа райын шартты белгімен белгілеу.

VІІ «Анар теру» ойыны. Бұл ойынның мақсаты оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, ана тілі пәнімен пәнаралық байланыс жасай отырып, шығармашылық жұмыс жүргізу.
1. «Күзгі жапырақ» өлеңін жатқа айту.
2. Күз туралы өлеңді жатқа айту.
3. Аспай піскен
Қайнамай түскен.
Шешуі: Жеміс
4. Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады.
Шешуі: Пияз
5. Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні.
Құйрығынан суырып,
Әкелді әкем бір күні.
Шешуі: Сәбіз

6. Ұйқасын тап.
Күз болғанда атырап,
Сарғаяды.....(жапырақ)
Ия, оқушылар, күз мезгілінде жапырақтар сарғайып, күн салқындай бастайды. Ал күз мезгілінен кейін қай мезгіл келеді? Олай болса күз мезгілі мен қыс мезгілін салыстырып көрейік.

VІІІ Венн диаграммасы

Бұл салыстыру жұмыстарын жүргізудегі мақсатым күз бен қыс мезгілдерінің ортақ белгілерін, ерекшеліктерін табу арқылы күздің бір күні қыстың бір айын асырайтындығын, күзде аянбай еңбек етсең, қыста қысылмайтындығын ұғындыру.
ІХ Қорытынды.
Сұрақтарға жауап беру, күз мезгілін бейнелейтін сурет құрастыру.
1. Халық күзді не себепті «Жомарт күз»деп атаған?
2. «Алтын күз» деп ше?
3. Қара күзде табиғат қандай болады?
4. Бұталардағы өзгерістер туралы әңгімелеу.

ХІ Мадақтау

Рахмет! Ұнадыңдар балалар! Құштарсыңдар білімге. Аяқтап мен сабақты, Рахмет айтам сендерге.
VІІІ Венн диаграммасы.

ІХ Қорытынды.
Сұрақтарға жауап беру, күз мезгілін бейнелейтін сурет құрастыру.
1. Халық күзді не себепті «Жомарт күз» деп атаған?
2. «Алтын күз» деп ше?
3. Қара күзде табиғат қандай болады?
4. Бұталардағы өзгерістер туралы әңгімелеу.
X Үйге тапсырма
« Алтын күз» тақырыбына сурет салу.

XІ Мадақтау
Рахмет!
Ұнадыңдар, балалар!
Құштарсыңдар білімге.
Аяқтап мен сабақты,
Рахмет айтам сендерге.
Геометриялық фигуралармен бағалау.
64 051
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күз мереке, күз береке
Күз мереке, күз береке
Күз мезгілінің мерекелі, берекелі екенін ұғындыру, жемістер мен көкөністерді ажырату, пішінін ажыратуға үйрету, күз ерекшелігі туралы түсінігін кеңейту. Сөздік қорын дамыту.
Ауылдағы адам еңбегі, Кішкентай бағбан
Ауылдағы адам еңбегі, Кішкентай бағбан
Балаларды ауылдағы адамдардың еңбегімен таныстыру, ауылдағы басты еңбек түрін ажырата білуге үйрету. Жыл мезгілдеріне қарай еңбек түрлері және қолданылатын техника құралдары жайлы білімдерін дамыту. Әңгіме желісін көрініс арқылы көрсету. Әңгіме
Қыс мезгілі
Қыс мезгілі
Астана қаласы №3 мектеп-гимназиясы Қазақ тілі мұғалімі Асанова Назира Куанышовна
Жаттығу жұмысы
Жаттығу жұмысы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Бегжанова Санжан Мертеевна
Көктем келбеті
Көктем келбеті
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№4 ЖОББМ» КММ мектебі/мекемесі «Балақай» тобының тәрбиешісі Жумашова Дариға Аскеновна
Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту тәсілдері
Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту тәсілдері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы , Бейнеу гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Сабытова Салтанат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×