Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға разрядтан аттамай жазбаша көбейту

29 желтоқсан 2012, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
ШҚО Аягөз қаласы КММ «К. Бозтаев атындағы
жалпы білім беру мектебі» бастауыш сынып мұғалімі
Слямғазина Нұргүл Мұратқызы


Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға разрядтан аттамай жазбаша көбейту.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға разрядтан аттамай жазбаша көбейту тәсілін үйрету, бекіту.
Дамытушылық:Оқушылардың логикалық ойлау, жылдам ойша есептеу қабілеттерін дамыту. Білім деңгейлерін арттыру, нығайту.
Тәрбиелік:Тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа және еліміздің дамуына өз үлесін қосатын білімді, еңбек сүйгіш азаматтар болып өсуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тест, слайдтар, бағалау парағы, алқалар.
Сабақтың түрі:Топтық жұмыс.
Сабақтың әдіс-тәсілі:Түсіндіру, көрнекілік.
Сабақтың құрылымы:
1. "Дайындық"кезеңі
2. "Мектеп салу" кезеңі
3. "Көгалдандыру" кезеңі
4. "Сергіту"кезеңі
5. "Класс ішін безендіру"
6. "Класс ішін гүлдендіру"
7. "Кім жүйрік?"

Сабақтың барысы:
1). "Дайындық кезеңі"
1. Кіріспе сөз.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасы Қазақстандағы әр облыс, әр аудан бойынша іске асырылып жатқандығы туралы айтылады. (1-ші Слайд - Қазақстанның картасы және Аягөз қаласы көрсетіледі. Бұл бағдарлама Аягөз ауданы бойынша да жүзеге асырылып жатыр. Әлі де, келешекте Аягөз қаласына жаңа мектептер салынбақшы.
Ендеше балалар бізге бүгін өз білімімізді көрсете отырып "100 аурухана, 100 мектеп "бағдарламасына өз үлесімізді қосып мектеп салайық.

Содан кейін мектеп ауласын көгалдандырып гүлдер егейік.
Себебі, Аудан бойынша 1 сәуірден 1 мамырға дейін тазалық айлығы өтіп жатыр.
Жұмысқа кіріспес бұрын 3 бригадаға бөлініп жұмыс жасаймыз. Әр бригада және бригада мүшелерінің жұмыстары бағалау парағына белгіленеді. Соңынан бағаланады, ұпай санына қарай.
(Бағалау парағымен таныстырылады. )

2). 2-ші слайд. Психологиялық икемдеу
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Жаңа білім алуға,
Алға қадам бастаймыз.
Оң жақтағы көршіге,
Сол жақтағы көршіге.
Сәттілік біз тілейміз,
Содан кейін баршаға
Қайырлы күн!- дейміз біз.
2. 3-ші слайд. "Мектеп салу "кезеңі. Өткенді пысықтау.
- Балалар біз мектеп салмас бұрын оны неден бастауымыз керек?
- Іргетасынан.
- Салатын мектебіміздің мықты болуы үшін, іргетасымыз мықты болу керек, сондықтан берілген тест тапсырмаларын дұрыс орындайық..
1). 24 пен 2-нің көбейтіндісі:
а)84
ә)68
б)48
2). 96 мен 3-тің бөліндісі:
а)23
ә)32
б)64
3). 66: * = 2072 теңдігіндегі белгісіз санды тап:
а)3
ә)2
б)22
4). х:4=20 теңдеуінің шешімі:
а)24
ә)80
б)5
5). 360:9 өрнегінің мәнін тап:
а)60
ә)90
б)40
(Әр жұп көршісімен алмастырып, тексереді әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. )

4-ші слайд. Тесті тексеру.
5-еуі дұрыс-5
4- еуі дұрыс-4
3- еуі дұрыс-3
Соңынан 5, 4, 3 алған оқушылар саны анықталады.

2. 5-ші слайд. "Мектептің қабырғасын" қалау. Жаңа сабақ.
1-ші тапсырма
Оқушылар өрнектің мәнін тауып, әр құсты өз ұясына қондырады. Интерактивті тақтадағы суретті сәйкес өрнекпен байланыстырады.
3. 6-шы слайд. "Мектептің шатырын "тұрғызу.
2-ші тапсырма
Есептің берілгенін кітаптан оқып, талданады. Есептің шарты 5-ші слайдтан көрсетіледі. Оқушылар шешуі мен жауабын тақтаға жазады.
4. Мектептің терезелерін, есігін орнату.
3-ші тапсырма:
Тақтада өрнектер жазылған, оқушылар мәнін тауып жазады.
(16см+16см)*2=
(28дм+5дм)*3=
5. «Көгалдандыру».
1). Мектеп ауласына көшеттер отырғызады.
4-ші тапсырма
Қателерін тап, оларды түзе:
23*2=49
41*2=82
32*3=69
21*4=84
2). Мектеп ауласына гүл егу.
5-ші тапсырма
Тапсырманы оқып, есепті шығару.
1-ші топта-32 құс
2-ші топта -?, 2 есе артық ↑
Нешеуі артық -?
Барлығы -? құс
Теңдеу құрып оны шығару. Тақтаға шығарады.
1) а:23=4:2
а:23=2
а=2*23
а=46
46:23=4:2
2=2
4. "Сергіту сәті".
Көбелек тұрып ертемен,
Күлімсіреп керіледі.
Бір дегенде - шықпен бетін жуды,
Екі дегенде - шыр көбелек айналып бұрылды,
Үш дегенде - еңкейіп жерге жетті,
Төрт дегенде - ұшып кетті.
5. "Класс ішін безендіру ".
Енді балалар жаңа мектеп салып біттіңдер, болашаққа осындай мектептің ішінде бізде отыруымыз мүмкін, ендеше жаңа заман талабына сай жабдықтармен ішін безендірейік.
1)Парталар қою:6-шы тапсырма
Белгісіз сандарды тауып орнына қояды.
2)Интерактивті тақта мен компьютерді орналастыру.
7-ші тапсырма
Тапсырма оқылып шешуін табады баған түрінде көбейтеді:
12*4=48
22*4=88
3). Шкафтар қою.
8-ші тапсырма
Ұзындығы 8 сантиметрге тең АВ кесіндісін сыз. АС кесіндісінің ұзындығы 6см, СВ кесіндісінің ұзындығы 2см болатындай етіп С нүктесін белгіле.
(Тапсырманы дәптерге орындайды)
6. «Класс ішін гүлдендіру». Қалдықпен бөлудегі белгісіз санды табу. Ауызша орындау.
16:*=3(қалд. 1 )
*:9 =9(қалд. 1 )
73:*=9(қалд. 1 )
Балалар барлық жұмысты ойдағыдай аяқтап өз білімдерің мен еңбектеріңді көрсете білдіңдер. Ендеше соңғы кезең.
7. "Кім жүйрік? ". Қорытынды.
1). 11-ші тапсырма (ауызша орындалады)
Тапсырма бір-бірден көрсетіліп отырады.
14*2=
22*3=
33*2=
21*4=
21*3=
44*2=
33*3=
13*2=
2). «Сен маған, мен саған» ойыны. Мақал-мәтелдің бірінші жолын бір оқушы айтады екінші оқушы оны жалғастырып айтады.
Еңбек, оқу, білім туралы.

3). Сабақты қорытындылау.
1). "Бағалау" (оқушылар жеке бағалау парағы бойынша бағаланады және ең көп ұпай жинаған, яғни ең көп жұмыс істеген бригада анықталады, алқалармен марапатталады).
2). Үйге:
9 814
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар, Математика 3 - сынып
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар, Математика 3 - сынып
Математика пәні бойынша күнтізбелік - тақырыптық жоспар. Математика, 3 - сынып.
Разрядтан аттамай үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту
Разрядтан аттамай үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту
екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану.
Разрядтан аттамай үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту
Разрядтан аттамай үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту
екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану
43∙2, 143∙2 түріндегі жазбаша көбейту тәсілі
43∙2, 143∙2 түріндегі жазбаша көбейту тәсілі
Екі таңбалы және үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша баған түрінде көбейту тәсілін үйрету;
Үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға разрядтан аттамай жазбаша көбейту
Үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға разрядтан аттамай жазбаша көбейту
Атырау облысы, Құлсары қаласы, №21 жалпы негізгі білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Аманиязова Шынар Болатқызы
Ғарышқа саяхат. Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттап жазбаша  көбейту
Ғарышқа саяхат. Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттап жазбаша көбейту
ШҚО, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастауыш класс мұғалімі Құспанова Ләззат Рымғалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×