Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Массаны өлшеу. Масса бірліктерінің арақатынасы

17 қаңтар 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика 3 сынып
Тақырыбы: Массаны өлшеу. Масса бірліктерінің арақатынасы.
Мақсаты: әр түрлі заттардың массаларын әр түрлі өлшем бірліктеріне өрнектеуге үйрету;
Сабақтың көрнекілігі: слайд, кесте ережесі, қима қағаз
Сабақтың әдіс - тәсілдері: АКТ, сәйкестендіру, логика, түсіндіру, топтастыру.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Бүгін сабағымызды бастамас бұрын әдемі бейне ролик көрсеткім келіп тұр. Кәне, тамашалайық!
- Қазақстан жері өте әдемі, ғажайып, тамаша, керемет! Шет елдердің кез келген атақты демалыс орындарынан кем түспейді. Осындай әдемі, байтақ, әдемі, бейбіт жерде, мәңгілік елде тұрып жатқанымызды мақтаныш етейік!
Қазақстан ғажап ел, мәңгілік ел! Әрдайым еліміз үшін мақтаныш сезіміміз кеудемізде жүрсін!
- Енді сабағымызды бастайық.
2 - слайд. Логикалық тапсырма. «Ширату»
Арман тақта шоколадты екіге бөлді, содан соң оның бөлінген бөліктерін тағы да екіге бөлді. Сонда Әсет шоколадты неше бөлікке бөлген? 4
810 санындағы цифрлардың орындарын ауыстырып жазғанда 630 - ға кемитін болсын. Ол қандай сан? 180
3 - слайд. Үй тапсырмасын сұрау.
Дәптерлерінен үй тапсырмасын тексеру, талдау, түзету.
Қорытынды жасау.
Ұзындықты, массаны, көлемді, ауданды, сыйымдылықты жалпы қалай айтамыз? Шамалар.
4 - слайд. « Артығын алып таста»
Килограмм, тонна, метр, центнер, сағат, грамм, минут, миллиметр, тәулік. Осы сөздердің ішінен масса бірліктерін алып, топтастырамыз.
Масса бірліктерінен артығын алып тастайық. Масса бірліктерін топтастырайық.
5 - слайд. Масса бірліктері.
Грамм, килограмм, центнер, тонна. Сұрақтар қою.
Қандай заттың массаларын өлшейміз? Заттардың массасына сәйкес өз өлшем бірліктері болады. Ең жеңіл зат граммен өлшенеді, ең ауыр зат тоннамен өлшенеді.
Оқулықтағы тапсырма.
№1. ә.
Пілдің, сырғаның, бірнеше кәмпиттің, сақинаның, ұшақтың, бір жәшік алманың, машинаның, асқабақтың массасын өлшеу үшін қандай өлшем бірліктері қажет болады?
6 - слайд. Массаны қалай өлшейміз? Массаны қандай құралмен өлшейміз?
Таразы түрлеріне түсінік беру.
Таразыны қолдану кезеңдеріне түсінік беру.
Ең жеңіл затты қандай таразымен өлшейміз? Ең ауыр затты ше?
7 - слайд. Кестені жаттап ал!
1 кг= 1000 г
1 ц = 100 кг
1 т = 1000 кг=10 ц
8 - слайд. Сен білесің бе? Айдарына назар аударайық.
Әлемдегі ең ауыр жануар ол піл. Пілдің массасы 7 тоннадан да көп болады.
9 - слайд. Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы № 2 тапсырма.
Қалып қойған сандарды орнына қой.
2 кг=... г -------- 4 т=... кг
3 ц =... кг ------- 6 т=... ц
50 ц =... т ------ 700 кг=... ц
10 - слайд. Сәйкестендір.
Қима қағазды таратып беру. Тапсырманы орындатып болған соң, тақтадағы жауаппен тексереміз, түзетеміз. Дәптерімізге жазып аламыз.
2 кг= 2000 г ---------- 4 т= 4000 кг
3 ц = 300 кг ---------- 6 т= 60 ц
50 ц = 5 т ---------- 700 кг= 7. ц
11 - слайд. Сергіту сәті.
12 - слайд. Кенеттен сұрау. №4 тапсырма.
- Не артық? 99 кг ба, әлде 1 ц ма?
- Не кем? 11 ц ма, әлде 11 кг ба?
- Үлкен шаманы ата: 7 кг, 800 г.
- Кіші шаманы ата: 600 кг, 20 ц.
- Үлкен шаманы таңда: 80 ц, 80 кг, 80 г
1 ц артық, 11 кг кем, 7 кг, 600 кг, 80 ц, 1000 кг.
13 - слайд. № 5 тапсырма. Кесте бойынша есеп құрастыру.
Дәптерге шешуі мен жауабын жазу.

Массаны өлшеу. Масса бірліктерінің арақатынасы. жүктеу
7 376
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ауданды өлшеу. Аудан бірліктерінің арақатынасы
Ауданды өлшеу. Аудан бірліктерінің арақатынасы
Ауданды өлшеу. Аудан бірліктерінің арақатынасы жайында және есептердің шығарылу жолдарын өз бетінше меңгеруге жағдай жасау.
Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. Ұзындық бірліктерінің арақатынасы
Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. Ұзындық бірліктерінің арақатынасы
ұзындық өлшем бірлігі - миллиметр (мм) бірлігін енгізу және оны басқа өлшем бірлігіне айналдыруды үйрету;
Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. Ұзындық бірліктерінің арақатынасы
Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. Ұзындық бірліктерінің арақатынасы
ұзындық өлшем бірлігі - миллиметр (мм) бірлігін енгізу және оны басқа өлшем бірлігіне айналдыруды үйрету; шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін дамыту.
Массаны өлшеу. Масса бірліктерінің арақатынасы.
Массаны өлшеу. Масса бірліктерінің арақатынасы.
Оқушыларды масса және оның өлшем бірліктерімен таныстыру, өлшем бірліктері туралы білімін кеңейту. өлшем бірліктерін өмірде пайдалану; - Оқушылар шағын топтар құрамында тиімді түрде жұмыс ұйымдастырады, шығармашылық атмосферасын қалыптастыруға ат
Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. Ұзындық бірліктерінің арақатынасы.
Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. Ұзындық бірліктерінің арақатынасы.
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті - көбейткіштердің орындарын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді.
Массаны өлшеу. Масса бірліктерінің арақатынасы
Массаны өлшеу. Масса бірліктерінің арақатынасы
Қарағанды қаласы, «№92 гимназия» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Акмагамбетова Акшегуль Мажитовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×