Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өзіңді тексер /қайталау сабағы/

18 қаңтар 2018, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу 3 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Өзіңді тексер/қайталау сабағы/
«Табиғат – менің өз үйім» тарауы бойынша
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Өтілген материалдар бойынша білімді жаңғырту, тиянақтай түсу, білімді қайталаудың қажеттілігін ұғындыру
2. Дамытушылық: оқушылардың танымдық қызығушылықтарын, ой белсенділіктерін арттыру, өз бетімен орындау дағдысын қалыптастыру
3. Тәрбиелік: табиғатты сүюге, қорғауға үйрете отырып, білімпаздыққа, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес ойын сабағы
Әдістері: сұрақ - жауап, СТО

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
А/ Сыныппен амандасу, сыныпты түгендеу
Ә/Ынталандыру сезімді ояту
Көп қызық бар әлемде,
Құштар бол сен білімге.
Бізбен оқы, жалықпа,
Білмегенді анықта.
Ойланайық, ойлайық,
Кітаптарды оқиық.
Жеңістерге әрдайым
Білімменнен жетейік.

б/ Шаттық шеңбері:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Барша жұртты құрметтеп
Бас иеміз біз.
Сізге де, сізге де, сізге де,
Саулық тілейміз біз!

Мұғалім: Бүгінгі сабақта өтілген материалдарды қайталай отырып, білім баспалдағымен білім шыңына жетіп, еліміздің көк туын желбіретеміз. Білім шыңына жету үшін әр баспалдақтың тапсырмасын орындаймыз және қоржындарымызға білім дәнін жинап отырамыз. Сабақ соңында жинаған дәндеріңді, яғни ұпайларыңды санаймыз. Кім көп ұпай жинаса, сол оқушы білім шыңын бағындырған болып саналады. Іске сәт, балалар!

ІІ. Үй жұмысын тексеру
1 слайдпен жұмыс
а/Суретте қандай құс бейнеленген? /дуадақ/
ә/ Ол туралы не білесіңдер?
2 «Орамал тастамақ» ойыны. Үйге берілген «Дуадақ» тапсырмасын сұрау, мазмұндату, тапсырмаларын орындау.

ІІІ. «Қылқалам шеберлері» басқышы
Қыстың суретін бейнелеу

ІҮ. «Поэзия жырлайды» басқышы
- Балалар, қазір бізде қандай жыл мезгілі?
- Қыс мезгіліне байланысты қандай өлең, тақпақ үйрендік?
- «Ақ қыс» өлеңі кімдікі?
- Қане, кім жатқа айтып береді?
М. Мақатаевтың «Ақ қала – ақ бала» өлеңінен үзінді оқыту.

Ү. « Мақал – мәтел» басқышы
Мақалдардың жалғасын табу.
1. Білгенім бір тоғыз, -------
2. Қыстың қамын жаз ойла, ------
3. Қыс – қысыларсың, -----
4. Қыстағы қар - жерге ырыс, -----
5. Өнер көпке де жеткізеді, ----

ҮІ. Сергіту сәті
Қане, балалар, тұрайық,
Құшақты кең ашайық.
Айналаға зер салып,
Жаттығуды бастайық!
Оңға, солға бұрылып,
Қайыңдарша ырғалып.
Самал желмен тербелген
Жапыраққа ұқсайық

ҮІІ. «Жаңылтпаштар әлемі» баспалдағы
Тараудағы жаңылтпаштарды қайталап, жатқа айту.
Шымшық шып - шып,
Шоқып шық - шық.
Ұшты шымшық,
Шошып быт - шыт.

ҮІІІ. «Жұмбақ әлемі» баспалдағы
«Тары, арпа, бидай, жүгері» туралы жұмбақтарды бір - бірлеріне жасыру. Оқушыларға ізденіп келуге тапсырылды. Сыныпта жұмбақты бір - біріне жасырады.

ІХ. «Құстар әлемі» баспалдағы
1 - тапсырма:
Құс – табиғат, өмір көркі.... Ертеде байлар мен патшалар, хандар бағында бұлбұл сайратып, үйінде тоты ұстаған, көлінде аққу жүздіртіп, қолына сұңқар қондырған. Боз даланың бозала таңынан шырылдап әнге басар құсы - қандай мәтіннен алынған. Мәтіннің тақырынбы қалай аталады?
Жауабы:«Бозторғай – дала сәні» мәтіні
2 - тапсырма:
Мынау қандай құс?

Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы,
«Жаңақоныс негізгі мектебі» бастауыш сынып мұғалімі
Утебаева Ж. С.

Өзіңді тексер /қайталау сабағы/. жүктеу
2 920
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сәбит Дөнентаев “Бозторғай”, “Заман кімдікі?
Сәбит Дөнентаев “Бозторғай”, “Заман кімдікі?
Сәбит Дөнентаев “Бозторғай”, “Заман кімдікі?
Бөлімді қайталау. Өзіңді тексер
Бөлімді қайталау. Өзіңді тексер
Ойын, есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, қыс мезгіліндегі табиғат ерекшеліктерін сүйе білуге тәрбиелеу. Көктем көрінісін ерекше табиғи көрініске деген қызығушылықтарын дамыту.
Бөлімді қайталау. Өзіңді тексер
Бөлімді қайталау. Өзіңді тексер
Тарау бойынша алған білімдерін қорытындылау. Ойын, есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, көктем мезгіліндегі табиғат ерекшеліктерін сүйе білуге тәрбиелеу.
Өзіңді тексер!
Өзіңді тексер!
Өтілген материалдарды қайталай отырып, өз ойларын қорытындылай білуге үйрету. Білім алуға, алған білімдерін ұштастыра білуге тәрбиелеу
Өзіңді өзің тексер
Өзіңді өзің тексер
Оқушылардың алған білімдерін тексеру және тереңдете түсу. Көркем, сауатты жазға төселдіру. Оқушының ой - өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту, алған білімдерін қолдана білуге қалыптастыру. Шапшаңдыққа оқуға, білімге деген құштарлығын арттыруға
Өзіңді-өзің тексер
Өзіңді-өзің тексер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы № 100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қиятбаева Дана Дүйсенқызы Өзіңді-өзің тексер Тоқсан бойына алған білімдерін қайталап,пысықтап өзін-өзі тексере білуге үйрету. Есте сақтау қабілетін арттыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×