Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біздің Отанымыз

29 желтоқсан 2012, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дамытушылық сабақ «Біздің Отанымыз»
Дүниетану 2-сынып

Сабақтың тақырыбы: Біздің Отанымыз.
Сабақтың мақсаты: 1. Отан – Қазақстан, туған елі туралы түсініктерін кеңейту. Отан – өзінің тұратын, өмір сүретін жері ретінде түсіндіру.
2. Оқушылардың ой-өрісін, сана сезімін дамыту. Туған ел, Отан туралы оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
3. Оқушының еліне деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімі арқылы патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ.
Сабақта қолданылатын әдістер: ой қозғау, қызығушылықты ояту, мағынаны таныту, ой толғаныс, Жигсо. 1.
Сабақтың көрнекілігі: Карта, деңгейлік тапсырмалар салынған конверттер, Конституция кітапшасы, жазылған мақал-мәтелдер, суреттер.

Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Психологиялық дайындық.
Мұғалім: Балалар бүгінгі сабақ ерекше өтпек. Себебі бізге қонақтар келіп отыр. Кәне, бәріміз орынымыздан тұрып, күлімдеп алғысымызды айтайық. Және де бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік.
- Балалар, бізге қонаққа алтын балық та келіпті. Ол текке келмепті. Ол айтады: - «Мен баяғыда шалдың көптеген тілектерін орындаған едім, бірақ кемпірі қанағат етпей мені ренжіткен еді. Енді сендер менің тілектерімді орындаңдар. Сонда мен де сендердің барлық тілектеріңді орындаймын».
Мұғалім: - Келісеміз бе, балалар?
- Олай болса, алғашқы 3 тілегі үй тапсырмасы бойынша. (үйге берілген тапсырма: Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясынан үзінділер тақырыбы бойынша тексеру. )
1. Деңгейлік тапсырмалар орындау. (конвертке «3», «4», «5»-тікке арналған сұрақтар салынған. Оқушылар таңдағандарын алып, жауап береді.

«3»-тік сұрақтары: 1. Конституция деген нені білдіреді?
2. Конституция қай күн?
3. Заңды кімдер шығарады?

«4»-тік сұрақтары: 1. 26-бапта не жазылған?
2. Заңда жазылмағандардың бәрін адамдар сақтамаса не болар еді?
3. Қатал қатынас жасау деген не?

«5»-тік сұрақтары: 1. Мектептегі тәртіп ережесін сақтауға ережелер құра.
2. 19-бапта не айтылған?
3. Адамдар бір-біріне қатал қатынас жасамау үшін не істеу керек?
4. Өзің оқыған кез-келген ертегі, әңгіме немесе көрген фильмдерінде адам құқығының бұзылғаны туралы айт.
2. Декларацияның қай бабына сәйкес келеді?
Үйден салып келген суреттері бойынша бір-бірінікін шешеді.
3. Үйде дайындап келген көріністері бойынша 2 топ бір-бірінікін шешеді.
Мұғалім: Жақсы балалар. Алтын балық үй тапсырмасы бойынша риза.

1. Ой қозғау.
Мұғалім: Балалар, мен өлең жолдарын оқимын, мұқият тыңдаңдар.
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
- Бұл өлең не туралы?
- Отан туралы.
- Ендеше, балалар бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: Біздің Отанымыз.

2. Қызығушылықты ояту. Отан туралы бұрынғы білетіндерін. (оқушылар айтады, мұғалім тақтаға жазады. )
3. Сергіту сәті. «Өз елім» әнінің әуенімен би билеу.
4. Мәтінмен жұмыс. ЖИГСО 1 әдісі.
Әр топ бөлімдерге бөліп оқиды. (4 бөлім) Өз оқығандарын ретімен бір-біріне айтады.
Сөздікпен жұмыс: Отан деген сөзді басқа қандай сөздермен алмастыруға болады?
Туған жер, Атамекен, Туған өлке. (осы сөздерді дәптерге жаздырту).
5. Топпен жұмыс. 1топ: Отанымыздың байлығы туралы айту. 2 топ: Ауылым.
6. Инсерт әдісі.
Бұрынғы білетінім
Жаңа білім
Оқушылар жазады.

7. Венн диаграммасы.
Қазақстан -------------------- Ауылым

Ойын. Әріп теру. Отан деген сөздің әр әріптен өз Отанын қорғайтын азамат қандай болу керек? Соған байланысты сөздер ойлайық.
О – оқымысты, Отан сүйгіш.
Т – тәртіпті, талапты.
А – ақылды, адал.
Н – намысшыл, нағыз ер.
Мұғалім: Балалар, сендер тәуелсіз Қазақ елінің ең жас ұланысыңдар. Сондықтан өз жерің мен өз еліңді әкелерің мен аталарың сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екендеріңді есте сақтаңдар!
Үйге тапсырма: «Біздің Отанымыз» мәтінін оқу. Отан туралы мақал-мәтелдер жинау. Отан туралы өлең құрау.

Қорытынды: - Сабақ ұнады ма?
- Сабақта не істедік?
- Кімнің жауабы ұнады?
- Маған да сендер ұнадыңдар. Сабаққа жақсы қатыстыңдар. (бағалау)
- Рахмет. Алтын балық та сендерге риза. Сыйы. (бағалар)
12 460
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан
ашық сабақ жоспары беріледі. мұғалімдерге көмек ретінде
Менің Қазақстаным
Менің Қазақстаным
Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз – Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту.
Жақан Смақов «Отан»
Жақан Смақов «Отан»
Біздің Отан анамыз Қазақстан республикасы. Біздің ата - бабаларымыз, әкелеріміз Қазақстанда туып өсті. Бізде осында туып өстік. Өз ана тілімізде сөйлейміз. Мұндағының бәрі бізге етене жақын. Сондықтан оны біз Отанымыз дейміз. Отанымыз бізді нанымен,
Біздің Отанымыз – Қазақстан
Біздің Отанымыз – Қазақстан
Біздің Отанымыз – Қазақстан Асыл өлкем ерекше, Қазақстан – мекенім! Беп - белгілі емес пе, Сенің ғажап екенің!
Менің Отаным - Қазақстан!
Менің Отаным - Қазақстан!
Ақтөбе қаласы, №1 жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Мурынова Алия Ордабаевна
Біздің Отанымыз
Біздің Отанымыз
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы, «Амангелді орта мектебі»КММ Бастауыш сынып мұғалімі Ибраева Гульфаира Токтаргазиновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×