Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бір – біріне қарама – қарсы қозғалыс

25 қаңтар 2018, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Бір – біріне қарама – қарсы қозғалыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Әр түрлі жылдамдықтағы денелердің қозғалысына байланысты есептерді шығаруға оқушыны дағдыландыру. Өткен сабақты бекіту, тиянақтау.
Дамытушылық: Оқушыларды белсенді шығармашылық жұмысқа баулу, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушының зейінін шоғырландыру ұқыптылыққа, дәлділікке, ұжым намысын жоғары қоюға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: дәстүрлі
Сабақ әдісі: ұжымдық
Көрнекілігі: интерактивті тақта, дидактикалық ойын, кестелер

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі
Үйге берілген тапсырманы тексеру
Психологиялық дайындық
Шырылдайды қоңырау
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Табыс тілеп көзбенен
Алға қадам бастаймыз.

Қызығушылықты ояту
Жасырын сөзді тап" ойыны
1есеп. Велосипедші 3 сағатта 20 км/сағ жылдамдықпен қанша километр жол жүрді?
2есеп. 7м/с жылдамдықпен жүгірген спортшы 14 секундта неше метр жүгіріп өтеді?
3есеп. Ит 15м/с жылдамдықпен жүгіреді. 8 секундта неше метр қашықтықты жүгіріп өтеді.
4есеп. Автобус 68км/сағ жылдамдықпен 4 сағат жүрді. Осы уақытта қанша километр қашықтықты жүреді?
5есеп. Саяхатшы 10минутта 92 м/м жылдамдықпен неше метр жол жүреді?
6 есеп. Спорт машинасымен жарысушы тас жолда 78км/сағ жылдамдықпен қозғалады. Ол 2 сағатта қандай қашықтықты жүріп өтеді?
7 есеп. Велосипедші 2 сағатта 45 км/сағ жылдамдықпен неше километр жүреді?
8 есеп. Мотоциклші 30км/сағ жылдамдықпен 5 сағатта неше километр жүреді?
9 есеп. Жеңіл машина 35 км/сағ жылдамдықпен 2 сағатта неше километр жүреді?
Өткенді қайталау
Қозғалысқа байланысты ережелерді қайталайды және қозғалысқа байланысты ұғымдарға қарай сыныпты топқа бөлемін.
І топ Жылдамдық
ІІ топ Уақыт
ІІІ топ Қашықтық
Мағынаны тану
Оқулық бойынша топпен жұмыс

І топ Арасы 4О км болатын екі ауылдан бірдей уақытта бірінен – бірі қарама – қарсы бағытта екі шаңғышы жолға шықты. Бірінші шаңғышы12 км/сағ жылдамдықпен, екіншісі 1О км /сағ жылдамдықпен сырғанады. 2 сағаттан кейін олардың арақашықтығы қандай болады.

Жалпы білім беретін Шипов орта мектебі
Өткізген: Лукпанова Ф. Р.

Бір – біріне қарама – қарсы қозғалыс. жүктеу
2 765
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бір – біріне қарама - қарсы қозғалысқа есептер
Бір – біріне қарама - қарсы қозғалысқа есептер
Велосипедші сағатына 30 км жылдамдықпен 60 км қашықтықты жүріп өтті. Ол қанша уақыт жол жүрді?
Санды көбейтіндіге бөлу және көбейту қасиеттеріне негізделген есептер шығару
Санды көбейтіндіге бөлу және көбейту қасиеттеріне негізделген есептер шығару
Оқушыларда санды көбейтіндіге бөлу және көбейту тәсілдері жайлы білім қалыптастыру, бөлу және көбейту амалына байланысты ауыстырымдылық, терімділік заңдарын қайталау;
Бір - біріне қарама - қарсы қозғалысқа есептер
Бір - біріне қарама - қарсы қозғалысқа есептер
Қашықтықты табуға берілген есептерді шығаруға, есепке сызба құруға үйрету; есептеу дағдыларын жетілдіру.
Бақылау жұмыстары (Математика 4 сынып)
Бақылау жұмыстары (Математика 4 сынып)
Арақашықтығы 240 км тең екі кемежайдан бір уақытты бірбіріне қарама - қарсы бағытта екі кеме шықты. Олар 3 сағаттан кейін кездесті. Бірінші кеменің жылдамдығы сағатына 42 км. Екінші кеменің жылдамдығын тап.
Бір - біріне қарама - қарсы қозғалыс. Жақындау жылдамдығы.
Бір - біріне қарама - қарсы қозғалыс. Жақындау жылдамдығы.
Бір – біріне қарама - қарсы қозғалыстарға есептер шығару әдістерімен таныстыру, жақындау жылдамдығы деген ұғым беру. Оқушыларды қозғалысқа қатысты есептерді шығару дағдыларын, ақыл - ойын, ой - өрісін, танымдық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту.
Физикадан бақылау жұмысы
Физикадан бақылау жұмысы
Ғылыми дүниетанымын арттыру, алған білімді өмірде пайдалана білу, өз бетінше ізденуге дағдыландыру, еңбекке баулу, ғылымға қызығушылығын арттыру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×