Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Санды көбейтіндіге бөлу және көбейту қасиеттеріне негізделген есептер шығару

11 наурыз 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика 4 сынып
Тақырыбы: Санды көбейтіндіге бөлу және көбейту қасиеттеріне негізделген есептер шығару
Мақсаты: Оқушыларда санды көбейтіндіге бөлу және көбейту тәсілдері жайлы білім қалыптастыру, бөлу және көбейту амалына байланысты ауыстырымдылық, терімділік заңдарын қайталау; балалардың дүниетанымын кеңейту, экологиялық тәрбие беру; «Көбейту және бөлу» тарауынан алған білім - икемділіктерін іске асыра білуге дағдыландыру; туған жерін, табиғатын сүюге және қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: зерттеу сабағы
Көрнекілігі: Бағалау парағы, тест, суреттер, қима қағаздар.
Сабақтың барысы:
Зерттеу сабағы Тік бұрышты параллелипедтің көлемін әртүрлі тәсілмен табуға болады:
V=a b c = a c b = b c a = b a c = c a b = c b a
Бүгінгі біздің сабағымызға жануарлар әлемі қонаққа келіпті. Олар сендердің қалай оқитындарыңды білгісі келеді екен. Олар өздерімен бірге тапсырмаларын ала келіпті. Қанекей енді балалар жануарларға өзіміздің қандай білімді, тапқыр, алғыр екенімізді дәлелдейік. Ендеше біз 2 топқа бөлінеміз.
1 топ – Алғырлар
2 топ – Тапқырлар
Дұрыс орындаған тапсырмалар үшін жетондар беріліп отырады. Қай топта жетон көп болады, сол топ жеңіске жетеді. Балалар бүгін сендер бағалау парағын үлестірем. Сол бағалау парағына өздерін орындаған тапсырмалар бойынша баға қоясыңдар. Тапсырмалардың барлығын орындағаннан кейін жалпы баға қоясыңдар.

Қонжықтың тапсырмасы
1 - тапсырма
87 бет «Кім жылдам» ойыны
52*(2*5) = 520
220*(5*2) = 2200
4*17*25 = 1700
24*5*3*2 = 720
25*(12*4) = 1200
15*(13*4) = 780
50*76*2 = 7600
5*37*4*24 = 17760

Пілдің тапсырмасы
Оқулығымыздағы
2 – тапсырма
87 бет V = 50см*10см*2см = 1000
V = 20 см*100см*100см = 200000
V = 40см*100см*20см = 80000
V = 40см*200см*20см = 160000
V = 5см*100см*20см = 10000
V = 4см*10см*20см = 800

Қоянның тапсырмасы
Сергіту сәті Балалар қоян алыс жолдан шаршап келіпті. Шаршағаның басу үшін сендермен бірге сергіп алғысы келеді екен. Балалар сендер қоян туралы сергіту сәтін білесіңдер ме?
Ендеше орнымыздан тұрып бір сергіп алайық.
Кірпінің тапсырмасы
Сөз есеп 1. Жаяу жүргінші 5 км/сағ жылдамдықпен қозғалды. Ол 2 сағатта неше километр жол жүреді?
V=5 км/сағ
T= 2сағ
S= v*t
Шешуі: 5 км/сағ*2сағ= 10км
Жауабы: 10 км жол жүрді
2. Велосипедші 15км/сағ жылдамдықпен жүреді. Ол 5 сағатта қанша жол жүріп өтеді?
V=15 км/сағ
T= 5сағ
S= v*t
Шешуі: 15 км/сағ*5сағ= 75км
Жауабы: 75 км жол жүріп өтті
3. Егер спортшы 200м/мин жылдамдықпен 5минут жүгірген болса, онда неше метр арақашықтықты жүгіріп өтеді?
V=200м/мин
T= 5мин
S= v*t
Шешуі: 200м/мин *5мин = 1000 мин
Жауабы: 1000мин жүгіріп өтеді
4. Велосипедші 24 км/сағ жылдамдықпен 4 сағат жүрді. Осы
Уақыт ішінде қанша арақашықтықты жүріп өтті?
V=24 км/сағ
T= 4сағ
S= v*t
Шешуі: 24 км/сағ*4сағ= 96км
Жауабы: 96 км жүріп өтті
Санды көбейтіндіге бөлу және көбейту қасиеттеріне негізделген есептер шығару жүктеу
3 905
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Санды көбейтіндіге бөлу және көбейту қасиеті
Санды көбейтіндіге бөлу және көбейту қасиеті
Есепті шешу және есептеуді тиімді орындау кезінде амалдардың өтілген қасиеттерін қолдануға үйрету;
Санды көбейтіндіге бөлу
Санды көбейтіндіге бөлу
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан, Математикаға орын берсең басыңнан, Барлық ғылым саған үйір болады, Досың солар табылатын қасыңнан!
Санды көбейтіндіге бөлу
Санды көбейтіндіге бөлу
Санды көбейтіндіге бөлу тәсілдері бойынша оқушыларда білім қалыптастыру. Оқушылардың логикалық қабілетін дамыту, оқушының белсенділігін арттыра отырып, өзін бақылауға, бағалауға дағдыландыру.
Санды көбейтіндіге көбейту
Санды көбейтіндіге көбейту
Санды көбейтіндіге көбейту, көбейтудің терімділік қасиеті арасындағы тәуелділік тәсілдері арқылы есептер шығару түсінігін қалыптастырады.
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау, білімдерін бекіту. Ауызша көбейту және бөлу дағдысын қалыптастыру, өз бетінше есептей білуге машықтандыру; Ұқыптылыққа, шапшаң есептей білуге тәрбиелеу;
Санды 9 - ға көбейту және бөлу
Санды 9 - ға көбейту және бөлу
Санды 9 - ға көбейту және бөлу кестесін біліп, түсінеді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×