Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дос іздеген бота

27 қаңтар 2018, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Дос іздеген бота
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың үй жануарлары туралы алған білімдерін тексеріп, бекіту.
Тәрбиелік: Үй жануарларына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Дамытушылық: Ауызша сауаттылығын арттыру. Суретпен жұмыс арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Сөздік қорларын молайту.
Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Көрнекіліктер: Үй жануарларының суреттері. Интерактивті тақтадан көрсетілген слайдтар

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.
Кіріспе сөз: Балалар, бүгін біздің сабаққа көптеген қонақтар келіп отыр екен сол кісілерге жақсы тілектер айтып берейік.
Біз білімді баламыз.
Күнде бестік аламыз.
Жалқаулықты тастаймыз,
Жаңа сабақ бастаймыз.
Біз он бес баламыз.
Бүгін неше аламыз?
Бір керегі жоқ,
Екі керегі жоқ.
Үш керегі жоқ
Төрт орташа
Бес ТАМАША!
М: Жарайсыңдар балалар отырыңдар.
Кім айтады қазір қандай сабақ?
Қазақ тілі нешінші сабақ?
Бүгін аптаның қай күні?
Ертең аптаның қай күні?
Апта күндерін, демалыс күндерін атап беріңдер?
Қазір жылдың қай мезгілі?
Күз айларын атап беріңдер?
Күзде не жауады?
Сенің досың бар ма?
Оның аты кім? Ол қандай?
Жіктеу есімдіктерін еске түсіру. Я умный. Ты сильный. Она красивая. Сенің досың қандай?

II. Өткен тақырыптарды еске түсіру.
Мынау не?

А) Үй жануарларын төлдерімен атау. Оның ішінде түйенің ботасының суреті жоқ ол қайда?

III. Ғажайып сәт ( Есік қағылады) Бота келеді өзіне дос іздеп.
Ерте, ерте, ертеде бір боталы түйе болыпты. Түйе өзінің ботасына айтады. Боташым мен саған жақсы достан басқасының бәрін бердім Сен енді өзіңе ұқсайтын дос тап. Доссыз өмір қиын, әрі қызық емес.

IV. Сөздік жұмысы: Жаңа сөздерді хормен одан соң жеке – жеке қайталату
Өмір – жизнь
Қиын – трудно
Қызық емес – не интересно
Осы сөздермен сөз тіркестерін құрау.
Доссыз өмір
Доссыз қиын
Бота дос іздеп жолға шығады.
Бота, бота ботамын.
Ақылды боп атандым.
Тостағандай көзім
Әдемімін өзім деп әндетіп келе жатып лақ пен қозыға кезігеді.
Бота бө – бө мен өзіме дос іздеп жүрмін.
Лақ пен қозы бізбен дос болғың келсе біз туралы тақпақ айтып бер.

1 - тапсырма
Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың
Бұлтиып тұр бүйірің,
Қай өрістен тойдың?
Шөре, шөре лағым
Секеңдеме шырағым.
Тентек болма деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
Рахмет, біз енді сенімен доспыз!
Бота әрі қарай өзіне дос іздейді.
Бота, бота, ботамын
Ақылды боп атандым.
Тостағандай көзім
Әдемімін өзім деп әндетіп келе жатып итке жолығады. Иттің тапсырмасы таныс сөздерді тауып оқы. (Балалар көмектесеміз бе?)

№17 ұлттық өркендеу орта мектеп – кешені
Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі:
Ескендірова Қымбат Неғметжанқызы

Дос іздеген бота. жүктеу
Дос іздеген бота слайдын жүктеу
1 730
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
37 + 7, 44 - 7 түріндегі ауызша есептеу тәсілдері
37 + 7, 44 - 7 түріндегі ауызша есептеу тәсілдері
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: ондықтарды қосу және азайтуға, бірліктерді разрядтан аттау арқылы қосуға негізделген ауызша есептеу тәсілдерімен таныстыру; өтілген есептеу тәсілдерін пысықтау; оларды есеп шығару кезінде қолдана алуға үйрету.
Жаз
Жаз
ШҚО, Риддер қаласы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ергасымова Акмарал Турсынгалиевна
Өрнек 10 - а
Өрнек 10 - а
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №21 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сағызбаева Татти
Дос іздеген бота
Дос іздеген бота
СҚО, Петропавл қаласының №17 Ұлттық өркендеу орта мектеп - кешенінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ескендірова Қымбат Неғметжанқызы
Екі таңбалы санды қосу және азайту тәсілдері
Екі таңбалы санды қосу және азайту тәсілдері
Ахметжанова Гулия Слямбекқызы Бастауыш сынып мұғалімі
Үй құстары
Үй құстары
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы, №74 ЖББОМ орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Зарубаева Лилия Елеуханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×