Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жолбарыс пен түлкі \Тәжік ертегісі желісімен\

29 қаңтар 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Жолбарыс пен түлкі \Тәжік ертегісі желісімен\
Сабақтың мақсаты: М. Әлімбаев туралы мағлұмат беру, мысал өлеңінің мазмұнын ашу.
Сабақтың міндеті:
а\Ертегі туралы түсініктерін кеңейту.
б\Ой өрісін дамыту, адам бойындағы сезімдерді тануға, байқауға, оқушы қиялын дамытуға жол ашу.
в\Өтірік пен шынның, әділдік пен зұлымдықтың, мақтаныш пен қарапайымдылықтың арасындағы айырмашылықты тану, адал болуға тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже:
а\Ертегінің негізгі идеясын түсінеді
б\Ертегі кейіпкерлерін салыстырады
в\Қорытынды шығара алады.
г\Сыни тұрғыдан ойлай алады
д\Автор орнында болып ой толғау жаза алады
е\ Бес жолды өлең жаза алады
ж\Жеке жұмыс жасайды, топта пікір алмасады
Сабақтың әдісі: Топтасу, Диалогтық оқыту, Кубизм стратегиясы, өзің үшін жазу стратегиясы
Сабақтың көрнекілігі: М. Әлімбаевтың суреті, жолбарыс пен түлкінің суреттері, кестелер, автор орындығы
Сабақтың түрі: жаңа сабақ, түсіндіру, сұрақ жауап
Бағалау критерийі:
Өзіңді бағала кестесі беріледі

Бүгінгі сабақтан не түсіндің?
Бүгінгі түсінгеніңді қаншаға бағалар едің?
Осы бағаны неліктен таңдадың?

Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру
Үй жануарлары
Жабайы аңдар
Құстар бойынша топтасу

ІІ Үй тапсырмасын сұрау
Автор орындығына отырып,
Бала көбелекке ақыл көзбен қарап отырып не айтар едің? Жазған хаттарын оқыту
Осы мәтін негізіне сүйене отырып қандай мақал мәтел айтуға болады?
Әр топ мақал мәтелдер айтады
Жаңа сабақ
Сабақ барысында қалай топтастық? Әр топ өздерінің топтасқан суреттері бойынша әңгімелеп береді
Бүгін біз сендермен М. Әлімбаевтың «Жолбарыс пен түлкі» \тәжік ертегісі желісімен\ ертегісін оқимыз
М. Әлімбаев 1923 жылы Павлодар облысының Шарбақты ауданындағы Маралды ауылында дүниеге келген. Қазақстанның халық жазушысы, еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, балалар поэзиясының классигі. Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер жазушы. 1956 - 1986 жылдары «Балдырған» журналының бас редакторы болды. Ақынның алғашқы жинағы «Қарағанды жырлары»1 952 жылы жарық көрді. Ақынның 52 кітабы жарыққа шыққан. Бірнеше ордендермен марапатталған.

Жолбарыс пен түлкі ертегісін мәнерлеп оқыту
Мәтіндегі негізгі ой неде?
Топта ақылдасып жауап беру

«Кубизм» стратегиясы
І топ Түлкі бейнесін басқа ертегідегі түлкілермен салыстыру
ІІ топ Егер сені басқа біреу мақтаса қандай сезім билеп кетеді?
ІІІ топ Ертегіден қандай қорытынды ой шығаруға болады?
Топ бойынша талқылап, қорғайды
Осы ертегіге қандай мақал мәтел сәйкес келеді? Жазыңдар мағынасын ашыңдар
Мақал мәтелдер
а\Жағымпаз жасқаншақ
Жаман мақтаншақ
б\Даңқ қуған далада қалады
Мақтан қуған масқара болады
в\Мақтанғаннан сақтан

Мақтаншақтықты жаман қасиеттердің бірі деген ақын жазушы кім еді?

Жолбарыс пен түлкі Тәжік ертегісі желісімен. жүктеу
3 969
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
М. Әлімбаев Жолбарыс пен түлкі
М. Әлімбаев Жолбарыс пен түлкі
Ертегідегі ойды түсіне білуге және ертегіні шебер мазмұндау дәрежесінің артуына жағдай жасау, қазіргі өмірмен байланыс жасау. Оқушы қиялының дамуына, көркем әдеби сөйлеу шеберлігінің дамуына ықпал ету.
Солдат хаты
Солдат хаты
С. Қалиұлы туралы мағлұмат беру, өлеңнің мазмұнымен таныстыру. Өлеңнің негізгі идеясын аша алады.
М. Әлімбаев Жолбарыс пен түлкі
М. Әлімбаев Жолбарыс пен түлкі
Ертегідегі ойды түсіне білуге және ертегіні шебер мазмұндау дәрежесінің артуына жағдай жасау, қазіргі өмірмен байланыс жасау. Оқушы қиялының дамуына, көркем әдеби сөйлеу шеберлігінің дамуына ықпал ету.
Қасқыр мен түлкі (ауған ертегісі)
Қасқыр мен түлкі (ауған ертегісі)
Сыбырласу, сөз тасу жақсылыққа жеткізбейтінің түсіну. Күнделікті өмірде қолдана білу
Жолбарыс пен түлкі
Жолбарыс пен түлкі
Ақтөбе қаласындағы № 51 гимназияның бастауыш класс мұғалімі Бердеева Айнагуль
Үйшік (орыс ертегісі)
Үйшік (орыс ертегісі)
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қойшибаева Хадиша Оңғарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×