Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жанғыш пайдалы қазбалар

30 қаңтар 2018, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Жанғыш пайдалы қазбалар
4 сынып
Сабақ мақсаты: Жанғыш пайдалы қазбалар түрі, қасиеттері, өндірілуі, еліміздегі басты кен орындарымен танысу.
Жетістік критерилері: •
Сабақтың смарт мақсаты: Барлық оқушылар орындай алады:
Жанғыш пайдалы қазбаларды анықтай алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Жанғыш пайдалы қазбалардың қасиетін айта алады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Өндірілетін кен орындарын анықтай алады.
Бағалау критерийі:
дескрипторлар
- жанғыш пайдалы қазбаларды анықтай алады.
- жанғыш пайдалы қазбалардың қасиеттерін ажыратады.
- жанғыш пайдалы қазбалардың өмірде қолданылатын біледі.
Құндылықтарға баулу
Еңбекқорлыққа, қандай нәрсенің де қасиетін бағалай білуге тәрбиелейді.
Пәнаралық байланыс: география
Алдыңғы оқу: Кенді пайдалы қазбалар

Басы Оқушыларды 3 топқа бөлу
- тас көмір
- мұнай
- газ
«Менің көңіл – күйім» жаттығуы. Смайлик арқылы көрсету.

Ортасы
«Сәйкестендіру тесті» (үй тапсырмасы)
«Кім жылдам?» әдісі ( өткен сабақты пысықтау)
Мағынаны тану. (жаңа сабақ)
«Джигсо» әдісі. Жанғыш пайдалы қазбалар.
Мәтінді оқып, постер қорғайды. Мәтінді 3 топқа бөліп беру.
1 - топ. Тас көмір
2 - топ. Мұнай
3 - топ. Газ
«Сен білесің бе?» видеоролик көру.
Көмір – өсімдік қалдықтарынан түзілген жанғыш, қатты шөгінді кен жынысы.
Көмір көп таралған пайдалы қазба. Қазақстанда аса ірі көмір кендері Қарағанды, Екібастұз көмір алаптарында орналасқан. Қазіргі таңда көмірді отын ретінде пайдаланамыз.
Мұнай - теңіз өсімдіктері мен жануарлары қалдықтары судың түбіне жинақтала беруінен болады. Мұнайдың түсі қызғылт, қоңыр қошқыл, кейде ол ашық сарғыш түсті, ақшыл болып та келеді. Мұнай судан жеңіл. Мұнай өз бойынан электр тогын өткізбейді. Мұнайдан халық шаруашылығына керекті заттар алынып отыр: бензин, керосин, парафин, көптеген иіссу түрлері, кремдер, парфюмериялық жұмсақ майлар, дәрі - дәрмектер, пластмасса, машина дөңгелектері тағы басқа заттар жасалады.
Газ - тасымалдануы жеңіл, бағалы химиялық шикізат. Өндірісте пластмасса, химия талшықтарын, синтетикалық каучук, азот тыңайткыштарын алуда қолданылады.
Сергіту сәті
«Қызыл гүлім – ай»
«Зерделейік»
Жанғыш пайдалы қазбаларды күнделікті өмірде пайдаланып жүрміз бе?

«Бумеранг» әдісі (кері байланыс, тест тапсырмасы)
1. Жанғыш пайдалы қазбаларға не жатады?
А) тас көмір, мұнай, газ Ә) мұнай, гранит, мыс
Б) газ, тас көмір, қорғасын
2. Тас көмірдің аса ірі кен орны қайда орналасқан?
А) Өскемен, Семей Ә) Қарағанды, Екібастұз
Б) Маңғыстау, Атырау
3. Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінен не өндіреді?
А) тас көмір, мұнай Ә) қорғасын, алюминий
Б) мұнай, газ
4. Мұнайдан не алынады?
А) фосфорит, мәрмәр Ә) бензин, газ, жанармай
Б) жанғыш газ, әктас
5. Мұнай неден пайда болады?
А) көмір қалдықтарынан
Ә) жәндіктер мен өсімдік шірінділерінен
Б) май қалдықтарынан
6. Газды картада қандай белгімен белгілейді?
А) қара түсті шаршы Ә) қара түсті үшбұрыш
Б) ақ түсті үшбұрыш

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,
Төребай би ауылы ауылы, №199 орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Жұматаева Айжан Айдарбайқызы

Жанғыш пайдалы қазбалар. жүктеу
21 932
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
Табиғатты аялай білуге, ел байлығын үнемдеп пайдалануға тәрбиелеу. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру
Жанғыш пайдалы қазбалар
Жанғыш пайдалы қазбалар
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №21 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Нурбаева Гулбану Сагынбаевна
Пайдалы қазбалардың түрлері
Пайдалы қазбалардың түрлері
Қостанай облысы, Рудный қаласы, №7 орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі Нусипбекова Гүлбахыт Шаяхметқызы
Пайдалы қазбалардың түрлері
Пайдалы қазбалардың түрлері
Батыс Қазақстан облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы Құлсары гуманитарлық - техникалық колледжі Бастауыш білім беру бөлімінің ІІІ (11) студенті: Батыр Нұрайым
Пайдалы қазбалардың түрлері
Пайдалы қазбалардың түрлері
Ақтөбе қаласы №34 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Сарсенгалиева Сауле Садуакасовна
Пайдалы қазбалардың түрлері
Пайдалы қазбалардың түрлері
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, № 13 орта мектеп гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×