Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жиынды біріктіру және бөлімдерге бөлу

14 ақпан 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жиынды біріктіру және бөлімдерге бөлу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
2. 5. 2. 2 жиынды белгілеу үшін латын алфавитінің бас әріптерін, жиын элементтерін белгілеу үшін латын алфавитінің кіші әріптерін; жиынға тиістілігін/тиісті еместігін белгілеу үшін, және таңбаларын қолдану
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Жиындарды құрастыра алады.
Көптеген оқушылар: Жиындарды жіктеуді үйренеді, жиын элементтерін белгілеу үшін латын алфавитінің кіші әріптерін; жиынға тиістілігін/тиісті еместігін белгілеу үшін, және таңбаларын қолдана алады.
Кейбір оқушылар: Жиындарды біріктіруге элементтердің тиістілігін анықтайды. Екі жиынды біріктіріп атау қоя алады. Жиын элементтерін латын әліпбиінің әріптерімен атай алады. Құрастырылған жиын бойынша және сызба бойынша екі амалмен орындалатын есеп құрастырып, шешуін таба алады.
Тілдік мақсат: Оқушылар жиынға тиісті немесе тиісті емес элементтерді қарастырады; суреттерді топтастыра отырып жиын құрайды, мысалы, құстар және хайуандар жиыны; жиындардың басқа да сипаттамаларын зерттей – бос жиын, қосалқы жиын – табиғат мысалдарында; жиындарды, оның элементтерін белгілеу және сипаттау үшін сәйкесінше таңбаларды пайдалана алады
Бағалау критерийі
• Жиындарды құрастыра алады.
• Жиындарды жіктеуді үйренеді.
• Жиын элементтерін белгілеу үшін латын алфавитін пйдаланады.
• Жиынға тиісті/тиісті емес таңбаларын қолдана алады.
* Екі жиынды біріктіріп ат қоя алады.

Құндылықтарды дамыту: Туған өлкеміздің табиғатын қорғауға баулу. Ынтымақтастықта жұмыс жасауға дағдыланады.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, жаратылыстану, әдебиет, көркем еңбек, денешынықтыру, қазақ тілі,
АКТ қолдану дағдылары
Бастапқы білім
Жиынды белгілеу үшін Эйлер - Венн диаграммасын пайдалана алады
Басталуы
5 минут Ұйымдастыру кезеңі:
Бәрі араласып, шеңбер құрып тұрады.
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
Сұлу дала, менің сүйген өлкемсің,
Жаны жайсаң жаратылған еркемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер, тамашасың, көркемсің!

Табиғат сенде бәрі ортақ,
Аспаның, күнің айың да.
Құсы, аңы, балығы,
Көз тартады барлығы,
Таулар, сулар, ормандар,
Табиғатты қорғаңдар!
Сүйейік табиғатты, аялайық,

Біз де одан жақсылықты аямайық!
Анадай табиғаттың аясында,
Жадырап жас балаша дем алайық!

Слайд (1) Табиғат
Жарайсыңдар, балалар бүгін біз туған өлкеміздің табиғатына саяхатқа шығамыз. Ең әуелі табиғатқа шығатын ұл - қызды түгендеп алайын. Саяхатқа шығарда күн өтпес үшін бас киімдерімізді киіп аламыз. Олай болса келіп жинала қойыңдар.( 3 обруч тұрады). Біреуінен ұлдар бастарын шығарып, екіншісінен қыздар басын шығарып тұрады. Үшіншісінде мен тұрамын.
- Қандай диаграмма құрдық?
- Эйлер - Венн диаграммасын құрдық.
- Неліктен олай біріктік?
- Қандай жиын құрадық? (ұлдар және қыздар жиынын)
- Әлішер, Димаш, Асыланбек т. б. сендер қай жиынға тиістісіңдер? Ұлдар жиынына.
- Адина, Ақжан т. б.
- Қай жиынға тиістісіңдер?
- Қыздар жиынына.
- Ал мен….
- Екі жиынғада тиісті емессіз.
- Эйлер - Венн диаграммасы дегеніміз не?
- Жиынды бейнелеу үшін Эйлер – Венн диаграммасы деп аталатын сызба қолданылады. Бұл ішкі жиын элементтері орналасқан дөңгелек. Жиынды латын әліпбиінің бас әрпімен белгілейді. Жиын элементтері латын әліпбиінің кіші әрпімен белгіленеді.
- Жиын дегеніміз не?
- Қасиеттері, белгілері ортақ нысандар тобын жиын деп атаймыз.
- Жиын элементтері дегеніміз не?
- Жиынды құрайтын нысандарды оның элементтері дейміз.
- Дәл қазір біз қалай сөйлесіп тұрмыз?
Диалог түрінде.
Кері байланыс:
Міне, керемет!
Жарайсыңдар! Өтілген сабаққа жақсы дайындықпен келгенсіңдер. Әсіресе Адина, Әлшер т. б.
Топқа бөлу
І топ А тобы
ІІ топ Б тобы

Байқоңыр қаласы
№275 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Рашаева Қалдыгүл Жайкожақызы

Жиынды біріктіру және бөлімдерге бөлу. жүктеу
8 520
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 2. 1. 1. 1 - тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру
«Көркем жазу» факультатив курсынан 1 - сыныпқа арналған күнтізбелік сабақ жоспары
«Көркем жазу» факультатив курсынан 1 - сыныпқа арналған күнтізбелік сабақ жоспары
Оқушының каллиграфиялық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық, қоғамдық тәрбиелік мәні зор.
Көркем жазу үйірмесінің 1 сыныбына арналған күнтізбелік жоспары
Көркем жазу үйірмесінің 1 сыныбына арналған күнтізбелік жоспары
Әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстар оқушы бойына жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы етеді. Таза, әдемі, дұрыс жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып, мінез - құлқын тәрбиелеп,
Мəліметтер жинау
Мəліметтер жинау
Бөлім. Жиынды жəне оның элементтерін белгілеу
Белгісіз азайтқышты табуға арналған есептер.
Белгісіз азайтқышты табуға арналған есептер.
Сандар мен шамалар арасында қатынастарды =, ≠, >, < таңбаларын қолдану арқылы көрсету.
Көркем жазу 2-сынып
Көркем жазу 2-сынып
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, № 13 орта мектеп гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Науризова Оразхан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×