Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


М.Дулатұлы "Байлық"

28 сәуір 2018, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Дене мүшем сау болсын. М. Дулатұлы «Байлық»

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары):
2. 2. 3. 1 - мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау
2. 3. 2. 1. мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер, жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастықтарды қатыстырып шумақтар мен санамақтар құрастыру
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
• Мәтінді оқиды, түсінеді, бағалауға қатысады, жазба жұмысын орындайды
Оқушылардың басым бөлігі:
• Тақырыпты болжайды, қажетті және мағыналас сөздерді табады
Кейбір оқушылар:
• Жазушыға еліктеп көркем сөйлей алады, нақты дәлелдер келтіріп жаза алады
Бағалау критерий: Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Құндылық: Жан мен тәннің саулығы және рух тазалығы.
Ресурстар: Оқулық, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі маркерлер, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер, смайликтер, А3
АКТ қолдану дағдылары: Интербелсенді тақта, слайд, аудиожазылым, видеоролик
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану
Алдыңғы білім: Менің туған өлкем

Сабақтың басы
Тренинг: «Күлімдеген күн»
Күлімдеп күн бүгін,
Қарайды маған да.
Күлімдеп күн бүгін,
Қарайды саған да.
Күлімдеп күн бүгін,
Қарайды бәріне.
Топқа бөлу. Мақал – мәтелдер арқылы
1. «Дені саудың жаны сау»
2. «Денсаулық – саулық негізі,
Саулық – байлық негізі.»
Үй жұмысы
Ойын: «Сиқырлы қорапша»
1. «Менің туған өлкем» бөлімінде немен таныстық
2. «Отан» дегеніміз не?
3. Кімнің мекені жақсы деп ойлайсың?
4. Тәуелсіздікті қашан алдық?
Ортасы
Мағынаны ажырату.
Сөзжұмбақ
1. Шар тәрізді кәдімгі,
Ол мүшең ең қадірлі. (Бас)
2. Кезек - кезек ауысар,
Жолды аттаумен тауысар. (Аяқ)
3. Сезінбейсің тек оны,
Көтерер бар денені. (Сүйек)
4. Табады ұлан болса үздік,
Ұсталмайды олсыз түк. (Қол)
5. Екі көздің арасын,
Мекен еткен дара шың. (Мұрын)
6. Бұл бір мүше бек сыйлы,
Бар дыбысты естиді. (Құлақ)
Ой қозғау
«Байлық» деген не?
Мен үшін байлық...
Оқулықпен жұмыс
Автор туралы түсінік.
Оқылым.
«Байлық» мәтінін түсініп оқу, рөлге болып оқу
Сом – теңге шыққанға дейінгі қолданылған ақшаның аты.
Ауызша тапсырма
Мәтінге сүйеніп, жарлы сөзіне мағынасы жуық сөздерді ата.
Топтық жұмыс
1топ. Мәтінге сүйеніп қажетті сөздерді тап.
... көздерім
Қандай?... құлақтарым
... аяқтарым
2топ. «Денсаулық – зор байлық» екендігіне дәлелдер келтіріңдер.
Үлгі: Денсаулық – зор байлық. Өйткені... көздерім болмаса, не істер едім?
Жетістік критерийі:
Қажетті сөздерді таба алады.
Пікіріне дәлелдер келтіре алады
Сергіту сәті
«Көңілді шырша»
Постер қорғау
«Байлық», «Денсаулық» сөздерін топтастыру
Дәптермен жұмыс
Ой толғау.
Жазылым.
Дайын ұйқастықтарды қатыстырып өлең шумақтарын, мақал – мәтелдер, әңгіме құрастыру
Үйге тапсырма
Мәтінді оқу, «Денсаулық» туралы мақал – мәтелдер жазып, мағынасын түсіндіру
Рефлексия
«Бүгін мен мәтін арқылы... түсіндім»
Кері байланыс
«Блоб ағашы»
6 232
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 2. 1. 1. 1 - тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: 6. 3. 1. 9 – Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын анықтау; 6. 2. 3. 4 – М. Х. Дулатидің «Тарихи - Рашиди» еңбегінің маңыздылығын түсіндіру; 6. 3. 1. 10 – қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау; 6.
Біз өсіп жатқан өлке
Біз өсіп жатқан өлке
Алған білім дағдыларын, өмірде қажетінше қолданады.
Сөйлеу мәдениеті
Сөйлеу мәдениеті
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату
Жолбарыс пен түлкі
Жолбарыс пен түлкі
Шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау Мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу) табу
Есептер шығару
Есептер шығару
Санаудың ірі бірлігі – жүздікті құрастыру; 1000 - ға дейін жүздіктермен санау, жазу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×