Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


20 көлеміндегі сандарды қосу және азайту. (Қосу мен азайтудың байланысы)

26 қыркүйек 2019, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика 1 сынып
Бөлімше тақырыбы: 20 көлеміндегі сандарды қосу және азайту. (Қосу мен азайтудың байланысы)
Оқу мақсаттары (ОМ) ұзақ мерзімді жоспардан
1. 1. 2. 4 бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құру, білу және қолдану
1. 1. 2. 3 қосудың ауыстырымдылық қасиетін; 0 және 1 - дің қасиетін қолдану
Сабақ мақсаттары:
Барлығы: бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құрады; 0 және 1 – дің қасиетін біледі.
Көпшілігі: бір таңбалы сандар кестесін қолдана отырып, ауыстырымдылық қаиетке берілген тапсырмаларды орындайды.
Кейбіреуі: қосу мен азайтудың компоненттерінің кестедегі жол мен бағанға қатысын анықтайды, 0 және 1 - дің қасиетін есептеуде қолданады.

Сабақтың басы
Оқушылармен амандасып, жағымды көңіл – күй орнату. Сабағымыз көңілді өткенін қаласақ, төмендегі өлең шумақтарын айтып жіберейік.
Біздер тату баламыз,
Өсіп алға барамыз,
Есептерді шығарып,
Білімді шәкірт боламыз.

Сабақтың ортасы
«Тез есепте»
Тал басында тізіліп,
Он жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп,
Ұшып кетті біреуі.
Ізінше оның жұлынып
Түсті тағы бесеуі
Тұр әлі де ілініп,
Жапырақтың нешеуі? ( 4 )

Бір - бірімен жарысқан,
Екі қоян, бір түлкі.
Төрт аю, екі арыстан,
Бәрі нешеу кім білді? ( 9 )
Ширату.
Сыныпты төрт адамнан тұратын топтарға бөлу керек.
Үстел үстінде ойналатын ойын ойнауды ұсыну.
“Сиқырлы дорба”
- Әр топ дорбаның ішінен мысалдар құрастыруға болатын бір таңбалы сандар жазылған үш парақшаны алады.
- Қандай амалдарға мысал құрастыруға болады?
- Қосуға немесе азайтуға ма?
- Қосу және азайту өзара қалай байланысқан?
Оқушылардың жорамалын тыңдай отырып, сабақтың мақсаты осы сұраққа жауап іздеу екенін айту керек.
Ойын барысы: белгі бойынша топтағы әрбір оқушы бір мысалды жазып, оны келесі ойыншыға береді. Оқушылардың жорамалын тыңдау.
- Біздің сабағымыздың мақсаты: “Қосу мен азайту амалдары өзара қандай байланысқа ие?” деген сұраққа жауап іздеу болатын.
Егер парақшада төрт мысал жазылған болса, ойын аяқталған болып есептеледі. Ойынды аяқтаған топ бір - бірінің қолдарынан ұстап, жоғары көтеріп, мұғалімге хабарлайды. Құрастырылған мысалдар сыныппен талқылау үшін тақтаға ілінеді.
Мысалы, егер оқушы: 7, 2, 9 сандарын алса, ол мынадай мысалдар құрастырады:
7 + 2 = 9; 2 + 7 = 9; 9 – 7 = 2; 9 – 2 = 7.
Тапсырманы тез және дұрыс орындаған топ жеңіске жетеді.
Топта оқушылардың назарын диалог жүргізуге аудару маңызды:
— топтағы әрбір оқушының дауыс құқығы болуы;
— әрқайсысының пікірі маңызды;
— талқылау барысында дауыс көтеруге және қатты сөйлеуге болмайды;
— тіл табыса, келісе білу дағдысы қажет.
Диалог жүргізе отырып, оқушыларды орындаған тапсырмаға байланысты мынадай қорытынды жасауға жетелеу: қосу және азайту амалдары өзара байланысты. Қосудың әрбір мысалына қосумен орындалатын кері бір мысал және азайтуға екі мысал құрастыруға болады.
- Қосу (қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні) амалының компоненттерін атаңдар.
- Азайту (азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні) амалының компоненттерінің атауын қайталаңдар.
Қосу кестесі бойынша құрастырылған мысалдарды қарап шық. (С) Тапсырма алынған қорытындыны бекітуге бағытталғанын ескеру керек, сондықтан тағы бір рет қосу кестесін талдату.
- Қосуға және азайтуға кері мысалдарды кесте бойынша қалай құрастыруға болады?
Бұл тапсырмада модельдеу әрекетін дамытуға ерекше назар аудару қажет.
- Үшбұрыштар мен шаршылардағы сандарды қарай отырып, мысалды аяқтау керек.
Таратып берілген сандар бойынша әр топ мысалдар құрастырады.
- Бұл білім алдағы уақытта теңдеулер мен есептерді шешуге негіз болады.
Мысалды шығар: 4 + 3 =? Тапсырма қосуға берілген бір мысалға тағы үш мысал: бір мысал қосу амалына, екі мысал азайту амалына құрастыруға болатынын бекітуге бағытталған.

(Ж) Қырықбуындар. Тапсырма қосу амалына берілген мысалға кері азайту амалымен мысал құрастыра білу дағдысын бекітуге бағытталған. Оқушылар тапсырманы орындау үшін, қосу кестесіне және қосу мен азайту амалдары арасындағы тәуелділікке сүйену керек.
Жауабы: 4, 4; 2, 7; 10, 6, 4.
(Т) Шығарып көр. Тапсырмада бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай орындайтын қосу мен азайтуға мысалдар келтірілген.

Берілген мысалдарды қосу және азайту амалдары арасындағы тәуелділікке байланысты білімдерін қолданып шығаруы тиіс.
Жауабы: 11 – 2 = 9; 11 – 9 = 2.

(Ж) Орындап көр. Өзара кері төрт мысал құрастыруға және оқушының байқампаздық қабілетін дамытуға бағытталған тапсырма.
Жауабы: бір мысал ғана келтіруге болады, себебі бірдей сандарды қостық.
Мысалы: 5 + 5 = 10; 10 – 5 = 5.

Мұғалім: Баймаканова Рыскелды Иманбековна

20 көлеміндегі сандарды қосу және азайту. (Қосу мен азайтудың байланысы). жүктеу
10 299
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тура және тура емес теңдіктер
Тура және тура емес теңдіктер
20 көлеміндегі сандарды ондықтан аттамай ауызша қосу және азайту/ондықтарды ауызша қосу және азайту амалдарын орындайды.
Бір таңбалы сандарды ондықтан аттау арқылы қосу тәсіл
Бір таңбалы сандарды ондықтан аттау арқылы қосу тәсіл
Бір таңбалы сандарды ондықтан аттау арқылы қосу дағдысын жетілдіру.
Қосудың ауыстырымдылық қасиеті
Қосудың ауыстырымдылық қасиеті
қосудың ауыстырымдылық қасиетін; 0 және 1 - дің қасиетін қолданады; бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін біледі, құрады және қолданады.
20 - ға дейінгі сандарды қосу және азайту
20 - ға дейінгі сандарды қосу және азайту
Қосу кестесі қосу амалының нәтижесін тез есептеу үшін қажет. Сабақта оқушылар барлық бір таңбалы сандарды қосу үшін қосу кестесін құрастырып және пайдаланып үйренеді.
Кестелік қосу және азайту
Кестелік қосу және азайту
Сандардың құрамы, қосу мен азайтудың кестелік жағдайлары туралы білімін бекіту. Кестелік қосу, азайтудың 2 – кезеңін қалыптастыру
5 санын қосу және азайту
5 санын қосу және азайту
Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден селосы, Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ақтаева Жанна Тұрланқызы Сабақтың тақырыбы: 5 санын қосу және азайту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×