Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тамсандырған дала

03 қараша 2018, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу 3 сынып
Тақырыбы: Тамсандырған дала
Мақсаты:
1. Оқушыларға әртүрлі әдіс - тәсіл арқылы мәтінді өздігінен оқып, түсініп, талдауға мүмкіндік беру.
2. туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
3. Туған елдің байлығын, табиғатын тереңірек танып білу, топпен жұмыс істеуге баулу.
Көрнекілік: интербелсенді тақта, кәрзеңке, бағалау кестесі, портрет.
Әдіс - тәсілі: СТО стратегиялары
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.»Үш бақытым» өлеңін жатқа 3 - 4 бала жатқа айтады, «Менің бақытым» тақырыбына шағын эссе жазу, 2 - 3 бала оқиды.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Психологиялық ахуал.
Тыныштық сәті. Музыка ойнап тұрады. Қазақстанның табиғатын суреттейтін мәтін оқимын.
- Көз алдарыңа не елестеді?
1. Қызығушылықты ояту. Тақырыпты жариялау. «Тамсандырған дала»
Ойлар себеті: - Бұл әңгіме не туралы болуы мүмкін? (Оқушылар өз ойын стикерге жазып ойлар себетіне жапсырады)
- Біз Қазақстанның далаларының атауы бойынша топқа бөлініп отырайық.
1 топ - Сыр елі 4 топ – Кереку елі
2 топ – Сарыарқа елі 5 топ – Алтай елі
3 топ – Жетісу елі
- Бұл өңірлер несімен мақтана алады екен? Мына мәтіндерді оқып шығыңдар - деп әр өңір туралы қысқаша мәтін беремін. (Оқушылар мәтінмен танысып, бұл өңірлер қазақстанның қай тұстары екенін анықтайды, яғни, оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс)
2. мағынаны тану.
Әр топ мәтіннің өзіне берілген бөлімін оқып шығады. Әр топтан бір оқушы шығып сол бөлімді мазмұндап береді.
Әлемді шарлау. Әр топ өзінің оқыған бөлімінің суретін салады. Дайын суреттерді топтар бір - бірін бағалайды.
Бағалау парағы.
Мысалы Кереку өңірінің бағалау парағы

Әр топтан бір оқушы шығып жалпы бағаны шығарып, келісетінін не келіспейтінін айтады. Суретте нені көрсеткендерін айтады.
- Ал осы әңгіме кімдердің арасында болған әңгіме?
- Ендеше тақтаға Қаныш пен Михаил Антонович туралы не білдік, жазып шығайық. (интербелсенді тақтаға жазады) Венн Диаграммасы арқылы салыстырады. Ортақ белгілері екеуі де « ғалым» деп жазады.
- Осы ғалым сөзін үш тілде айтқызу.
- Енді манағы ойлар себетіне қайта келейік. Оқушылардың жазғанын оқып шығып, болжамдарының дұрыстығын, бұрыстығын анықтау, қорытындылау.
3. Ой толғау.
Алты түсті ойлау қалпағы. Алты оқушы киеді. Бүгінгі сабақ, мәтіннің мазмұны бойынша өз сезімдерін, жақсы және нашар ойын, алған ақпаратын, тілегін және өз ойын айтып шығады.
4. Қорытындылау үшін «Қазақстанның табиғаты» деген бейнефильм көреді.
- Қазақстанның табиғаты расында да адамды тамсандырғандай көркем, сұлу, жері шұрайлы т. б деп қорытындылайды.

ІV. Үйге тапсырма.
Үшінші топ Апақ Байжановтың кім екенін айтты, бірақ Қосым Пішенбаевтың кім екенін біле алмады. Ендеше, Қосым Пішенбаев кім? – біліп, мәлімет жазып келеміз.
- Әр өңірдің жер асты байлықтары жайлы біліп келеміз.
- Мәтінді тағы қайталап оқу.

V. Бағалау.
Топ басшылары топ мүшелерін қалай бағалағанын оқып шығады, мұғалім өз бағасын қойып, ортақ баға шығарылады.

Степногорск қаласы,
№ 2 Бестобе орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Вайсова Майра Барлыбаевна
Тамсандырған дала. жүктеу
7 195
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған елім, туған жерім бөлімін қайталау.
Туған елім, туған жерім бөлімін қайталау.
Мақсатын жетілдіруге ұмтылуға. ұқыптылыққа, байланыстырып сөйлеуге, сауатты жазу дағдыларын жетілдіруге, өздігінен жұмыс істеуге, өз жұмысын бақылауға тәрбиелеу.
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
«Үш бақытым» өлеңімен таныстыру. Оқушыларды Мұқағали Мақатаев өмірімен таныстыру; Оқушыларды туған жерін, елін қорғай білуге баулу. Патриоттық сезімдерін ояту және ой белсенділігін арттыру.
Тамсандырған дала
Тамсандырған дала
Оқушыларға әртүрлі әдіс-тәсіл арқылы мәтінді өздігінен оқып, түсініп, талдауға мүмкіндік беру. Туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Өзен. Көл
Өзен. Көл
туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, құрметпен қарауға тәрбиелеу. сөздік қорын, тіл байлықтарын дамыта отырып, көркем сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Үш бақытым
Үш бақытым
Өлеңді мәнерлеп, түсініп, жатқа оқуға дағдыландыру. Ақын өлеңіндегі айтылар негізгі ойды анықтау. Өлеңді талдай отырып, әр оқушының сөйлеу тілін дамыту. Өз бетінше ізденуге, шығармашылыққа баулу, өз пікірін еркін жеткізуге дағдыландыру.
Қазақстан - біздің Отанымыз
Қазақстан - біздің Отанымыз
Павлодар облысы, Ақсу қаласы, №7 орта мектеп Айнура Жармуханбетова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×