Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ең үздік тұлға

11 қаңтар 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
ШҚО, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы
«Амангелді орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі
Ошаева Айгуль Тлектесовна

Ең үздік тұлға
Мақсаты: Оқушыларды ойлай білуге дағдыландыру, білімді, жан – жақта болуға үйрету, еліміздің керекті бір мүшесі болуды саналарына сіңіру, дарынды болуға тәрбиелеу.
Дүбірле мектеп, дүбірле
Жақсылық болсын үйінде
Жүректің әні шалқысын
Көңілдің күйі үзілме
Қуаныш толып жүзіңде
Арындап шапқан ақ боз ат
Арналы жолдан сүрінбе
Жарыста нағыз тұлпарлар
Жеңіске жетер түбінде

Ойынға қатысушы оқушыларға өлеңмен мінездеме беріліп, таныстырылады.
1. Мінезге бай салмақты,
Байыптайтын жан-жақты
Жандосжан бүгін бәйгеден
Жеңімпаз боп қалмақшы.

2. Білімді терең меңгерген
Жақсылықты жөн көрген
Назерке тұр құлшынып
Қалмаймын деп бәйгеден

3. Мың бұрала билеген
Көз тоймайды өзінен
Диана атты қызымыз
Ол да үмітті жеңістен

4. Әділдік іздеп құлшынып
Тынбайтұғын шарқ ұрып
Темірлан біздің жарыста
Озам дейді талпынып
5. Еркелеген Еркежан
Шығып ол да жарысқа
Бермеймін деп тізгінін
Сен де бәйгеден қалыспа

Бірінші кезең – «Бәйге»
Сұрақтардың жауабын айту үшін қолдағы карточкаларды бірінші көтеру керек. Қате айтса екінші сұрақты біліп тұрса да қатыспайды.
Дұрыс жауап – 10 ұпай

1. Ең кішкентай екі таңбалы сан (10(
2. 1 – қыркүйек қандай күн? (Білім күні)
3. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3)
4. Мұнай қандай пайдалы қазба? (Жанғыш)
5. Алғаш мектеп ашқан кім? (Ы.Алтынсарин)
6. Заттың сапасын, көлемін, дәмін білдіретін қай сөз табы? (сын есім)
7. Әйелдер мерекесі қай күн? (8 наурыз)
8. Үш май шам жанып тұр, екеуін сөндірсе нешеуі қалады? (2)
9. Жақия кімнің баласы? (Исатай)
10. Табиғатта су неше күйде болады? (3)

Екінші кезең – «Көкпар»
Мақалды аяқтау ( 5 ұпай)
1. Жері байдың – (елі бай)
2. Екпей егін шықпас
(Үйренбей білім жұқпас)
3. Сабағы жаман жемістің
(Дәні де жаман)
4. Оқу – білім бұлағы,
(Білім - өмір шырағы)
5. Білімдіге дүние жарық,
(Білімсіздің күні кәріп)
6. Өз елім – (өлең төсегім)
7. Ер жігіт елі үшін туады,
(Елі үшін өледі)
8. Досы көпті жау алмайды
(Ақылы көпті дау алмайды)
9. Жақсының аты өлмейді,
(жазушының хаты өлмейді)
10. Жаңбыр бір жауса,
(Терек екі жауар)
- Ойынды ары қарай жалғастырамыз.
1 минутта алдарындағы қағазға мына әріптерден сөз құрау қажет.
Әр сөз 5 ұпай.
Әріптер: М. О. Б. Д. Н. Р. І. У. А. Қ. Ы. Т.

Әділқазылардың қорытындысы.

Ойынымыздың келесі кезеңі – «Ғажайып төрттік»
Әр цифрды таңдау арқылы пәннің сұрағы шығады. Ең ұпайы аз ойынша таңдайды.

3----3---3
4----4---4
5----5---5

М---А---Д
А---М---Қ
Д---Қ---М

Математика
3) Бір кг түбіт ауыр ма, әлде 1 кг қорғасын ауыр ма? (бірдей)
4) Екі жарым кг ет екі жарым сағатта піссе, жарты кг ет неше сағатта піседі?
5) Бір торда үш қоян отыр еді. Үш оқушы оларды бір-бірден таратып алды. Бірақ торда әлі де бір қоян қалып қойды. Ол қалай? (1 қоянды тор алды)

Ана тілі
3) Абайдың әжесінің аты кім? (Зере)
4) Абылай хан қай батырды Дарабоз атаған? (Қабанбай немесе Ерасыл)

Дүниетану
3) Дәм сезу мүшесін ата
4) Желдің күші мен бағытын анықтайтын құрал(желбағар, флюгер)

Қазақ тілі
4) «Байлық» сөзі қандай зат есім? (туынды)
5) Жаңылтпаш айт

Келесі кезең – «Жанды сұрақтар»
2----2
1----1
2) Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіздік алды?
а) 1992 ә) 1991 б) 1986

2) Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?
а) Т.Тоқтаров ә) Т.Әубәкіров б) Т.Мұсабаев

1) ҚР Мемлекеттік туының авторы кім?
а) Шакен Ниязбеков
ә) Шота Уәлиханов
б) Шәмші Қалдаяқов

1) Ұзындығы 5 см, ені 3 см тік төртбұрыштың ауданын тап
а) 10 см²
ә) 15 см²
б) 20 см²

«Егер мен болсам» сайысы .(5 ұпай)
Сенімен оқитын Болат өте асығыс. Себебі сабаққа үлгеруі қажет. Көшеде немересін жетектеп келе жатқан қария кісіні қағып кетті. Ол кісі құлап түсті, немересі қорыққаннан жылап жіберді. Егер сен болсаң не істер едің?

Соңғы кезең – «Шешендер» сайысы. (5 ұпай)
«Компьютер» сөзінің біреуі пайдасын, біреуі зиянын әңгімелейді.
Қазылар алқасы қорытындылайды.
5 599
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Білімді оқушы - заман талабы
Білімді оқушы - заман талабы
Рухани жаңғыру» атты мақаласында «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет» -, дейді. Шынында, баланың білімге құштарлығы мен қызығушылығы бастауыш сыныптан бастау алары сөзсіз. Бастауыш кластан бастап баланың жан
Арманымның бейнесі
Арманымның бейнесі
А. Розыбакиев орта мектебінің 11 - сынып оқушысы Жолдасова Айзат
Білімділер порталы
Білімділер порталы
Жакашева Улбал Бейсенбаевна Алматы облысы, Райымбек ауданы, Ж. Ермегияев атындағы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Болашақтағы білім беру мекемелері осындай...
Болашақтағы білім беру мекемелері осындай...
Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы КММ “Амангелді орта мектебі Бибосинова Г. Т.
Зат есімнен өткенді қайталау
Зат есімнен өткенді қайталау
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы, «Амангелді орта мектебі»КММ Бастауыш сынып мұғалімі Ибраева Гульфаира Токтаргазиновна
Біздің Отанымыз
Біздің Отанымыз
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы, «Амангелді орта мектебі»КММ Бастауыш сынып мұғалімі Ибраева Гульфаира Токтаргазиновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×