Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Арманымның бейнесі

09 қазан 2014, Бейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Арманымның бейнесі
Журналист - қоғамға ең керекті мамандықтардың бірі. Ел жағдайын, ауыл тынысын, қала мәселелерін айдай әлемге айқындайтын ол - журналист. Журналист – нағыз білімді, рухани бай, сөзін өзіндік ой өрнегімен астастыра білетін адам болуы қажет. Шындық жырын жырлайтын - шыншыл, кез келген мәселені шешетін - тапқыр, «бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ дейтін» - өжет, ертеңіне де бүгініне де сенетін - сенімді, істің түбіне жетпей қоймайтын - қайсар болу журналистің басты қасиеттері. Мен сондықтан да журналист болғым келеді!
Журналист болу көптеген қажыр – қайрат пен терең білім иесі болу. Полицейге қандай қырағылық керек болса, журналистке де дәл сондай қырағылық керек. Себебі, жазатын мақалаңды, қозғайтын мәселені жіті қадағалап, асқан қырағылықпен ел сезе бермейтін жәйттері білу, журналисттің міндеті.

Елімізде өзінің журналистика саласында қолтаңбасын қалдырған жандар жетерлік. Менің ойымша өзіңе, өзіндік бағытыңды айқындап алуға, жолбасшы керек. Гүлнәз Әлімгерей, Маржан Сұлтанбаева, Мақсат Толықбай мен осылар сияқты өз ісінің шеберлері болуды қалаймын.
Мен нағыз журналист болғым келеді. Нағыз журналист деген қандай болуы керек? Меніңше, нағыз журналист жағдайды бетінен емес, ішінен іздей білетін, мәселені майдаламай, турасынан шешетін, сұрақты төтесінен қоятын, өзіне сенімді, жігері мықты, тәуекелшіл жан. Міне, мен осындай болғым келеді.

Әркім өз арманына жету үшін бәрін жасайды. Әр арманның өзінің алтын көпірі болады. Мен өз арманымның көпірін – ҚазҰУ университеті деп білемін. Осы оқу орнында білім алғым келеді. Журналистиканың майын ішіп, жілігін шаққан нағыз шеберлер осы жерден білім алған. Бұл университет еліміздегі терең білім мен нәтижелі жұмыстардың ордасы, журналистиканы ең үздік оқытатын оқу орны. Бірде бір ойшылдан сіз қандай ұстазсыз деп сұрақ қойыпты. Сонда ұстаз сен менің шәкірттерімді көр деген екен. Сол сияқты осы университеттің шәкірттері еліміздің ең үздік мамандары, өз ісінің шеберлері. Арман өзіңе сенімді болғанда туады. Мен де өз арманыма сенемін. ҚазҰУ – менің арманымның бейнесі!
5 780
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Эссе: Журналист болғым келеді
Эссе: Журналист болғым келеді
Мен қалайда журналист болам. Неге дейсіз ғой, менің бала кезден арманым болған мамандық мені көп оқуға, ерінбей ізденуге, сауатты да көркем жазуға, дұрыс сөйлеуге жетелеп келеді. Журналист – мен үшін өмірдегі ең мәртебелі, қиын да қызық мамандық.
Мен және менің мамандығым
Мен және менің мамандығым
«Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» дейді дана халқымыз. Адам өмірге келген соң, алдына мақсат қойып, үлкен арманға қанат қағады. Сол арман оны биікке жетелеп, үлкен белестерге шығарады. Сол арман оның өмірден өз орнын табуға көмектеседі.
Тазалық - денсаулық  кепілі
Тазалық - денсаулық кепілі
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жақсықылыш кенті, №19 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сейтова Айгерім
Оқушылар шығармашылығы
Оқушылар шығармашылығы
Оқушылар шығармашылығы
Мамандықтың бәрі жақсы
Мамандықтың бәрі жақсы
Атырау қаласы, Дамбы селосы, № 23 «Ынтымақ» балабақшасы әдіскері Ищанова Айтбике Махыбиденқызы
Жылдық күнтізбелік жоспар (әдебиет)
Жылдық күнтізбелік жоспар (әдебиет)
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп- лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мұхтарова Гүлдана Сәрсенғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×