Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


С дыбысы мен әрпі

12 қараша 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әліппе 1 сынып
Тақырыбы: С дыбысы мен әрпі
Мақсаты: С дыбысы әрпімен таныстыру.
Баланың сөздік қорын, тіл байлығын, ойлау дағдыларын дамыту;
Күтілетін нәтиже: Сөздерді салыстырып оқуға дағдыланады; тапсырмалар арқылы оқушылар жұмыс жасай отырып, алғырлыққа, тапқырлыққа байқампаздыққа, көркем жазуға; бір - бірімен қарым - қатынас жасауға; бірін - бірін тыңдауға, дәлелдеуге, ортақ шешімге келуге тәрбиленеді. Өз - өзін реттейді, дыбыстарды өзара ажырата біледі;
жаңа танысқан сөздерді өмірде пайдалануға үйренеді; сыни ойлауға үйренеді.
Керекті жабдықтар: түрлі түсті борлар; стикерлер; маркерлер; Әліппе, Атамұра» баспасы, 2012 жыл Ш. Әуелбаев, Ә. Наурызбаева, Р. Ізғұттынова А. Құлажанова
Тапсырмалар: Дыбыстық талдау жасату, буынға бөлу. ЖЖ; ТЖ; СЖ

Кіріспе.
Психологиялық дайындық
Шаттық шеңберін құру. Бір - бірімен сәлемдесіп, жылы лебіздерін білдіру.
Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Көк аспан!
Амансың ба, Жер Ана!
Амансың ба достарым!
Сендерді көрсем қуанам
Үлкенге де «сіз»
Кішіге де «сіз»
Баршаңызға құрметтеп
Бас иеміз біз - деп сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Тұсау кесу
Жуан және жіңішке дәрежелі сұрақтар.
- Қазір қай мезгіл?
- Күзде жапырақтар қалай өзгереді?
- Олай болса біз сендермен «Жапырақ теру» ойынын ойнаймыз. Әр жапырақ ортасындағы сұрақтарға жауап беру.
1. Әріп дегеніміз не?
(Әріпті жазамыз және көреміз)
2. Әріптің қандай түрлері бар?
(баспа, жазба және бас әріп, кіші әріп)
3. Дыбыс дегеніміз не?
(Дыбысты естиміз және айтамыз)
4. Дыбыстарды нешеге бөлеміз?
(Екіге бөлеміз. Дауысты және дауыссыз дыбыстар)
5. Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
(Екіге. Жуан және жіңішке)
6. Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?
(Үшке. Қатаң, ұяң, үнді)
7. Буын дегеніміз не?
(Қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады)
8. Сөз неден құралады?
(Сөз әріптерден құралады)

Жұмбақ жасыру.
Білезікке қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп? (С)

Оқулықпен жұмыс.
С әрпіне қатысты сөздерді оқыту. Түсіндіру.
Сынып сөзін талдау. Сы-нып сөзінде екі буын бар. С дыбысы сөздің басында кездесіп тұр.
сағат - уақытты көрсететін құрылғы.
сан - айтамыз, естиміз
сана - қимылды білдіру
санат - біліктілік көтеру, дәрежесі
саба - ұру, соғу қимыл
сабақ - дәріс
маса - жәндік
масақ - бидайдың масағы
самал - жел, леп
бас - дененің бір мүшесі
қос - жұп, іс - әрекет
дос - әрдайым қасынан табылатын адам
Оқулықтағы диалогты оқыту.
Сергіту сәті.

Ахбалина А.
С дыбысы мен әрпі жүктеу
1 590
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
М дыбысы
М дыбысы
М м дыбысы мен әрпін таныстыру арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық іс - әрекеттерін, шығармашылығын, сөздік қорларын дамыту.
И дыбысы мен әрпі
И дыбысы мен әрпі
И дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету. И дыбысы қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушылардың жалпы ой-өрісін, тілін дамыту. Дәрілік өсімдіктер туралы түсінік беру.
Ж дыбысы мен әрпі
Ж дыбысы мен әрпі
Олай болса біздер бүгін ж дыбысымен танысамыз. Балалар бәріміз бірге ж деп айтып көрейікші. Ж дыбысы дауысты ма әлде дауыссыз ба? Онда қандай текшемен белгілейміз? Ж дыбысы дауыссыз дыбыс айтылғанда қысқа, кедергіге ұшырап айтылады.
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әрпін таныстыру арқылы берілген сөздерді тізбектей оқыту
Х дыбысы мен әрпі
Х дыбысы мен әрпі
Қостанай қаласы, №11 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Есингожина Зибагүл Пішенбайқызы
З әрпі мен дыбысы
З әрпі мен дыбысы
№35 мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Курманова Лида Аманбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×