Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Геометриялық фигураларды кескіндеу

22 желтоқсан 2018, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Геометриялық фигураларды кескіндеу
Сабақтың мақсаты: «Геометриялық фигураларды кескіндеу» тақырыбымен таныстыру. Тақырып бойынша тапсырмалар орындату барысында оқушылардың танымдық, іздемпаздық қабілеттерін дамыту. Шапшаң есептей алуға баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, салыстыру, сұрақ - жауап, құрастыру
Көрнекілік: суреттер, дидактикалық материалдар, кеспе қағаздар

Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру
Психологиялық жағдаят тудыру
Сыныпта біздің тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккенді тоспаймыз.
Күнделікті қызықты,
Кезекті сабақ бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
№4 есепті балалардың дәптерлерін жинап алып, тақтаға шығару арқылы үй тапсырмасын қорытындылап тексеріп өтемін.

ІІІ. Жаңа сабақ
Ой қозғау – логикалық тапсырмалар.
Жұмбақтар шешу

От басында құмған,
Екі көзін жұмған.
/Мысық/

Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай – шу.
/Түлкі/
Отырдым мұнан барып оймауылға,
Ілінді екі аяғым байлаулыға,
Қолыма екі қайыс ұстап алып,
Жүргіздім қайда барсам айдауыма.
/Мінген ат/

Жұмбақтардың шешімдерін геометриялық фигуралардан жасалған суреттерді көрсетіп ілу.
Бұл суреттер қандай фигуралардан құрастырылған?
Неліктен үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы деп аталады? /әр фигураның қасиеттерін атату/

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
«Ұқсас пішіндерді тап»
Әр партада отырған екі оқушыға геометриялық фигуралары бар конверт пен геометриялық фигурадан құрастырылған суреттері бар суреттер тарату. Тапсырмаларды орындаған сайын суретке қарап қай сурет пішінге ұқсайтынын табуды сұрайды, пішінді және суретті қосуды ұсынады.
Оқушылар сабаққа қатысқан уақытта алдарына бағалау – фигураларды қойып отыру / «5» - шеңбер, «4» - шаршы, «3» - үшбұрыш/. Сабақтың соңында фигуралар арқылы қорытынды жасап, оқушылардың білімдерін бағалау.

Оқулықпен жұмыс
№ 1. Әр фигураның қабырғаларының ұзындықтарын өлше және жаз. Не байқадың?
Мұғалімі: Қайролла М. М.
Геометриялық фигураларды кескіндеу жүктеу
2 556
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ондық бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру
Ондық бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру
Ондық бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру.
Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу
Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу
нүктелі қағазда кесінділер, түзулер мен геометриялық фигураларды орны, қозғалыс және бағыты бойынша нұсқаулыққа сәйкес сызу.
Фигуралардың қиылысуы
Фигуралардың қиылысуы
Оқушыларға геометриялық фигуралармен қатар кесінді, түзу және қисық сызықтарды көрсете отырып, «қиылысатын» және «қиылыспайтын» фигуралар туралы түсінікпен таныстыру.
Геометриялық фигуралар. Периметр
Геометриялық фигуралар. Периметр
Өткен материалды қайталап; геометриялық фигураларды тану, олардың элементтерін атау, маңызды белгілерін анықтау, тіктөртбұрыштың периметрін табу, тіктөртбұрыш сызу білімін толықтырады.
Жануарлар туралы жұмбақтар
Жануарлар туралы жұмбақтар
Отырдым мұнан барып оймауылға, Ілінді екі аяғым байлаулыға. Қолыма екі қайыс ұстап алып, Жүргіздім қайда барсам айдауыма. |Мінген ат|
Геометриялық фигураларды әріппен белгілеу
Геометриялық фигураларды әріппен белгілеу
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Үнгітбаева Нұргүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×