Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қауын мен қарбыз

19 қазан 2018, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу (4 - сынып)
Тақырыбы: Қауын мен қарбыз
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды ертегі мазмұнымен таныстыра отырып, өз ойларын, пікірлерін еркін айтуға үйрету
Дамытушылық: Ертегіде кездесетін оралымды сөз мағынасын ұғындыру арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру, сабаққа қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Жер - ананың адамзатқа сый еткен байлықтарын бағалауға, достыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру
Көрнекілігі: суреттер, кестелер
Қажетті құралдар: оқулық, маркер
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, әңгімелеу, талдау, СТО, проблемалық сұрақтар

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Психологиялық дайындық: оқушылар назарын сабаққа аудару
Білер қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен,
Көп ұстазды көреміз.
Бәрінен де ізетпен,
Біздер сәлем береміз

2. Бүгін біз сендермен топқа бөлініп жұмыс жасаймыз, сабақ барысында көптеген жұмыстар атқарамыз
Топтарға бөлу: топ басшыларын сайлау
1 - топ бағбан
2 - топ қауын
3 - топ қарбызға бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау «Ормандағы оқиға»
Кубизм әдісі арқылы өткен сабақты бекіту
1. Ертегі авторы кім?
2. Екі ағаштың бір - бірімен ренжісуіне не себеп болды?
3. Қайың мен қараағаштың ашулануына тобылғының қандай сөздері әсер етті?
4. Тобылғының қылығы көз алдыңа қандай адамды елестетті?
5. Ертегіде қандай мәтел кездесті?
6. Бұл ертегіден ойыңа не түйесің?
4 - тапсырмадағы әріптер кестесінен ертегіде кездесетін ағаш аттарын тапқызу
Тобылғы, қайың, қараағаш, сексеуіл

ІІІ. Жаңа сабақ
1) Мағынаны тану.
Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не?
Халық арасында ауызша шығарылып, ұрпақтан ұрпаққа жеткен шығармалар халық ауыз әдебиеті деп аталады.
Халық ауыз әдебиеті

Ертегі
аңыз
батырлар жыры
бесік жыры
жаңылтпаш
айтыс
Соның ішінде біз бүгін ертегімен танысамыз.
Кейбір ертегінің шығарушы авторы белгілі болғандықтан, оны әдеби ертегі деп атайды.
Автор туралы мағлұмат беру.
Жолтай Әлмашев - 1957 жылы Жаңақорған ауданы Бірлік ауылында дүниеге келген. Жазушы, ғалым, филология ғылымының кандидаты, үкіметтік басылымдардың бас редакторы. Оның «Оянған өлке», «Біздің команда»,
«Жетім жұлдыздар», «Күлкі мен жас»атты шығармалары бар.
Қызығушылықты ояту

Жұмбақ шешейік:
Іші жұмсақ, сырты қатты,
Домаланған ала бас
(Қарбыз )

Етті - секер, сүті - тәтті.
Дәмді шырын даяр ас
(Қауын)
- Олай болса, бүгінгі біздің өтетін ертегіміз « Қауын мен Қарбыз» болмақ.
Қауын мен қарбызға түсінік беру:
Қауын
Қауынның отаны Египет деген тұжырым жасалған. Арабтар қауынды жерге түскен «Жұмақтың жемісі» ретінде таныған. Ол көбінесе итальяндықтардың сүйікті тағамы болған. Рим императоры Клавдий Альбин таңғы асқа 10 қауынды бірден жеген екен. Құрамында қант бар, дәрумендер өте көп. Қауын бүйрек, асқазан ауруларына ем. Беттегі безеулерді, секпілді кетіруге көмектеседі. Ет қайнап жатқанда қауынның қабығын салса ет жұмсақ болады.
Қарбыз
Қарбыздың отаны Оңтүстік Африка саналады. Қарбыздың Қытайдағы мәртебесі өте жоғары. Себебі, күні бүгінге дейін қытайлықтар қыркүйек айында «Қарбыз мерекесін» атап өтеді. Құрамында фруктоза бар, дәрумендер өте көп, азотты заттар бар.
Қарбыз - қан көбейтеді. Бүйрек, бауырдың жұмысын жақсартады. Дәнінен май алынады. Ішек құртын емдеп, қан тоқтатады.
уын мен қарбызға түсініктеме беріп кету
Сурет бойынша жаңа сабақты түсіндіру.

2) оқулықпен жұмыс -
мәтінді үш топ бөліп оқиды
1топ: Атайдың қауынды балаларға тіліп беруі
2 топ: Қарбыздың өкініші
3 топ. Балалардың қарбызды тауып алуы.
- Топтағы әр оқушы мәтін бөлігін өздері оқиды.

3) Дәптермен жұмыс:
Сөздік жұмыс
Түйнек - Өсімдіктің өніп шыққан жеміс түйіні
Түз тағылары - далада тіршілік ететін жабайы аңдар
Пәлек - қауын
ІV. Сабақты бекіту:
Сұрақ - жауап арқылы
- Қарбыз бен қауын қандай шешімге келді?
- Қауынды кім тауып алды?
- Қарт қауынның дәнін не істеді?
- Қарбыздың жағдайы не болды?
- Бұл ертегіден нені түсіндің?

V. Сергіту сәті Ойын «Жемістер, көкөністер»
Ағаштарда өсетін жемістерді атаса қолдарын жоғары қөтеру, жерде өсетін көкөністерді атаса қол шапалақтау.
Алма, қияр, шие, қарбыз, өрік, қызанақ, қауын

ҮІ. Сабақты қорыту: постер арқылы
1 - топ. Венн диаграммасы қауын қарбыз
2 - топ. Ертегі бойынша сурет салу
3 - топ. Семантикалық карта

VІІ. Үй тапсырмасын беру:
Үш топ та мазмұндауға дайындалу.
1 - топ. «Егер мен қарбыз болсам....» әңгіме жазу
2 - топ. Ертегіні сахналау
3 - топ. Ертегі бойынша сурет салу
VІІІ Бағалау
Қауын мен қарбыз. жүктеу
5 723
1
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жолтай Әлмашұлы. Қауын мен Қарбыз
Жолтай Әлмашұлы. Қауын мен Қарбыз
ертегіде кездесетін оралымды сөз мағыналары ұшырасатын үзінділерді талдау арқылы ойлау қабілеттерін жетілдіреді;
Ж. Әлмашев Қауын мен Қарбыз
Ж. Әлмашев Қауын мен Қарбыз
Өсімдіктердің тіршілігіне қызығушылық таныта отырып, Жер - Ана адамзатқа сай еткен байлықтарын бағалауды үйренеді.
Ж. Әлмашев Қауын мен Қарбыз
Ж. Әлмашев Қауын мен Қарбыз
Оқушылар ертегі мазмұнымен таныса отырып, өз ойларын, пікірлерін еркін айтуға үйренеді. Өсімдіктердің тіршілігіне қызығушылық таныта отырып, Жер - Ана адамзатқа сай еткен байлықтарын бағалауды үйренеді.
Қауын мен қарбыз
Қауын мен қарбыз
Ертегі мазмұнымен таныса отырып, өз ойларын, пікірлерін еркін айтуға үйренеді. Жер - ананың адамзатқа сый еткен байлықтарын бағалауға, достыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Ертегілер. Сатқын жапалақ
Ертегілер. Сатқын жапалақ
Халық ауыз әдебиетінің бірі ертегі жанрының ерекшелігімен таныстыра отырып, оқушыны адалдыққа, батылдыққа, нысапшылыққа тәрбиелеу; ертегідегі оқиға желісінің байланысын, ертегідегі кездесетін оралымды сөз мағынасын ұғындыру арқылы ойлау қабілетін,
Қауын мен қарбыз
Қауын мен қарбыз
Атырау қаласы, Жанаталап селосы, Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Иманғалиева Ботагөз
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
aiboll
aiboll Бас редактор 19 қазан 2018 20:28
0
Қарбыз туралы жұмбақ
Көк лағым көгенде жатып семіреді. (қарбыз)
***
Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты. (қарбыз)
***
Жасыл ала дөңгелек,
Бақшада жатыр дөңгелеп. (қарбыз)
***
Жерде жатып желіндейді,
Күз түскенше желінбейді. (Қауын)
***
Сары қозы, көк қозы,
Қарындары тоқ қозы.
Күздігүні көп қозы,
Қыстыгүні жоқ қозы. (Қауын - қарбыз)
×