Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Киімдер

02 ақпан 2019, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Киімдер
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың мақсаты:
1. Баланың киімдер туралы ұғымын молайту. Киім атауларын дұрыс әрі анық айтуға көрнекіліктер арқылы тәрбиелеу.
2. Танымдық процесстерін, логикалық ойлауын ойындар арқылы дамыту.
3. Сенсорлық қабылдауын түзету. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
4. Тазалыққа, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, әңгімелесу, д/ойындар, сұрақ – жауап.
Жұмыс түрі: жеке жұмыс
Құрал – жабдықтар: жыл мезгілдеріне сай киімдер, ұл мен қызға арналған киімдер, қима суреттер, пазлдар.
І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Баламен сәлемдесу
- Сәлеметсінбе? Қалай демалдың?
- Жақсы!
- Далада қай жыл мезгілі?
- Көктем! Бүгін көктемнің екінші күні!
- Бүгін қаншасы?
- Наурыздың екісі
- Жарайсың!
2. Сабаққа даярлық.
3. Жаттығулар қатарын жасату:
«Саусаққа арналған жаттығу»
«Қолдың ұсақ қимылын дамытуға арналған жаттығулар»

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау: «Көліктер»
1. Біз өткен сабақта көліктер туралы өттік. Қане қандай көліктерді білесіңдер: автобус, троллейбус, пойыз. камаз, кеме, қайық. ұшақ, тік ұшақ;
2. Балалар осы көліктерді топтастырайықшы:
су көліктері: кеме, қайық
әуе көліктері: ұшақ, тік ұшақ
жерде жүретін көліктер: автобус, троллейбус, пойыз. Камаз.

ІІІ. Жаңа тақырып: «Киімдер»
1. Өткен сабақпен байланыстырып киімдер тақырыбын өту. Көліктер секілді киімдерде адам үшін маңызды. Киімдер жыл мезгіліне сай 4 түрге бөлінеді: жаздық(көйлек, белдемше, жейде, туфли), қыстық(тон, күртеше, бәтеңке, малақай, бөкебай), көктемдік – күздік. Сонымен қатар ұл және қыз балаларға арналған киімдер болып бөлінеді. Бүгін біз осы киімдер туралы өтеміз.
2. Суретпен жұмыс.
Тақтаға ілінген суреттерді мұғалім таныстырады, атауларын атайды, қайталайды.
3. д/ойын:«Кімге арналған киім?»
Мақсаты: Балалардың зейінін, логикалық ойлауын дамыту.
Шарты: Ұлмен қыздың киімдерін араластырып қоямыз, бала кыздың киімінің үстіне гүлді, ұлдың киімінің үстіне жапырақ жабыстырады.
4. д/ойын: «Қуыршақты киіндір» (пазл)
Мақсаты: Ойлау қабілетін дамыту арқылы сөздік қорын дамыту:
Шарты: Пазлда ұл мен қыздың суреті салынған, қасында киім үлгілері берілген. Ұл мен қызды жыл мезгіліне сай киіндіру керек.

Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Қолымызды созайық,
Оңға қарай бір иіп
Солға қарай бір иіп
Белімізді жазайық
Шыңға қарай ұмтылып
Жираф болып тұрайық.

ІҮ. Жаңа тақырыпты бекіту:
1. д/ойын: «Анама көйлек сыйлаймын!!!»
М: Ойлау қабілетін, елестету қиялын, ұсақ моторикасын дамыту.
Ш: Ақ қағазға салынған көйлекті бояу. Қандай түспен бояғанын айту.

Ү. Қорытынды:
1. Мұғаліммен бірігіп киім атауларын атайды.
2. Балаға сұрақ қою арқылы сабақты қорытындылау.
- Балалар бүгін не туралы өттік?
- Саған сабақ ұнады ма?

ҮІ. Үйге тапсырма:
1. Киімдердің кескінін бояп келу.
Киімдер жүктеу
3 626
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көліктер
Көліктер
Мақсаты, міндеттері, білімділік: Балаларға көлік туралы түсінік беру. Олардың түрлерін танып, атауға үйрету Дамытушылық: артикуляциялық, тыныс алуын, ұсақ қол моторикасын, фонематикалық естуін, есте сақтауын дамыту. Тәрбиелілік: балаларды
Қолдың моторикасын дамыту
Қолдың моторикасын дамыту
Қолдың моторикасын дамыту
Қысқы киімдер
Қысқы киімдер
Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Әр мезгілде киетін киімдерді атай білуге, сауалнамалар өткізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Қысқы киімдер
Қысқы киімдер
Киім және киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету.
Жаздық киімдер
Жаздық киімдер
Жаздық киім түрлерімен таныстыру. Жаздық киімнің айырмашылығын байқап айтып беруге, маусымдық өзгерістерді байқауға үйрету. Өзіне - өзі қызмет ете білуге дағдыландыру. Ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.
Қысқы киімдер
Қысқы киімдер
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы №1 Жалпы орта білім беретін мектепте Мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі Абилдиева Гульшат Желдешовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×