Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


C. Сарғасқаев «Тәмпіш қара» повесінен үзінді

16 тамыз 2019, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиет 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: C. Сарғасқаев «Тәмпіш қара» повесінен үзінді
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сансызбай Сарғасқаевтың «Тәмпіш қара» повесінің үзіндісін оқыту арқылы соғыстан кейінгі жылдардағы ауыл тұрмысы, ондағы балалар өмірі, пионерлерге тән асыл қасиеттер туралы таным – түсініктерін, білім дағдыларын қалыптастыру; шығарманың тақырыбы мен идеясын, сюжеті мен композициялық құрылымын меңгерту.
Дамытушылық: Теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, шығармаға талдау жасату, повесть кейіпкерлері табиғатына талдау жасату, өзіндік ой – пікірлерін ортаға салдыру.
Тәрбиелік: Повестегі Ертай, Шаншатай, Бейсекүл образдары арқылы жас буындарды патриоттық рухта тәрбиелеу, жақсыны үйреніп, жаманнан жиренуге баулу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, суреттеу, салыстыру, әңгімелеу, сұрақ – жауап, талдау, СТО стратегиялары.
Сабақтың көрнекілігі: С. Сарғасқаев портреті, шығармалар жинағы.
Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Оқушылармен сәлемдесу
2) Кезекші мәлімдемесі
3) Сабаққа келмеген оқушыларды белгілеу
4) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Бауыржан ата» тақырыбында ойтолғау жазу.

ІІІ. Жаңа сабақ.
«Қызығушылықты ояту» сатысы
Сұрақтар:
 Пионер дегеніміз кім?
 Достық дегеніміз не?
Бүгінгі сабақтың осы бір лейтмотиві арқылы тақырыпты анықтап, дәптерге күннің жады мен тақырыпты жаздырту.

«Мағынаны тану» сатысы
 Сансызбай Сарғасқаевтың өмірі мен шығармашылығының басты қыры туралы әңгімелеу;
 «Октябрь балалары» газетінің шығу тарихына қатысты мәліметті таныс ету;
 «Тәмпіш қара» повесінің мазмұнына сатылай кешенді талдау жасату арқылы шолу жасау.
1925 жылдың 29 сәуірінде Жамбыл облысы, Красногор ауданы, Шарбақты селосында (қазіргі Қордай ауданы) дүниеге келген болашақ жазушы жастайынан жазуға құмар болған. Ауыл мектебінде әріп танып, жан - жағында болып жатқан құбылыстарды шебер суреттеп, көрген - білгенін, айналасындағы достары мен таныстарының өмірін, кейде қиялына ерік беріп, жастайынан әңгімелер жаза бастайды.
Сансызбай Сарғасқаевтың жастық шағы сұрапыл соғыс уақытымен тұспа - тұс келеді. Онда да ол Отан алдындағы борышынан жалтармай, 1942 жылдан, Жеңіс күнін тойлаған сәтке дейін қолына қару алып, жауға шыққан. Жазушының жазушы ретінде қалыптасуына осы қан майданның да әсері болған сыңайлы. Өйткені, жазушы шығармаларының көбінде сол жылдардағы халықтың күйзелісі мен кедейлігі тілге тиек болып отырған.

Жазушы көбіне балалардың арманы мен өмірін сипаттай отыра, сол кездердегі хал - ахуалды да астыртын жеткізіп отырады. Осы сарында жазушының «Сәуленің жаңа достары», «Бір көшенің бойында», «Сынған тіс», «Балалар», «Шындық», «Шыбық», «Жаймашуақ», «Тәмпіш қара», «Жұмбақ қыз» атты повестер мен әңгімелері жарық көрген. Сонымен қатар, жазушы соғыс жылдарының естеліктерінің етегімен «Бір отрядта» повесін жазған.

Соғыс жылдарына дейін де, кейін де ол Красногор аудандық газетінде әдеби қызметкер, жауапты хатшы қызметтерін атқарды. Кейін алып шаһар Алматыны бағындырамын деген арманын арқалап, Абай атындағы ҚазПИ - дің студенті атанады. Жоғары білім алған соң, «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редакторлыққа дейін көтеріліп, ұзақ жылдар қызмет етті. Ал 1960 – 1968 жылдар аралығында «Лениншіл жас» газетінде, «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарған. Сансызбай Сарғасқаевтың кейіпкерлері көбіне ауыл балалары. Ол жас жеткіншектердің ой - арманы, қоғамдық пайдалы істері, өнер - білімге деген құштарлығы, бір - біріне адалдығы, достық қарым - қатынасы жайлы жаза отырып, жас ұрпақты адамгершілікке, шыншылдыққа, қайырымдылыққа баулиды. Шығармаларының дерлігі мектеп оқушыларының тыныс - тіршілігінен сыр шертеді.
Жазушының көптеген шығармалары орыс және басқа да туысқан халықтар тілдеріне аударылған.

Сансызбай Сарғасқаев қазақ балалар әдебиетінің қаламы қайратты, көрнекті өкілі ретінде өмірінің соңғы кездеріне дейін балалар баспасөзіне белсене атсалысып тұрды, жас әдебиетшілердің аяқтануына қамқорлық көрсетіп отырды.
Жазушы қазақ әдебиетіне сіңірген еңбегі үшін Қазақ Республикасының Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталған.
Сансызбай Сарғасқаевтың “Тәмпіш қара” повесінде отызыншы жылдардағы ауыл өмірі суреттелген. Повесть 9 бөлімнен тұрады:
Бөлімдері:
 «Танысу»
 «Тілеп алған азап»
 «Әзілі ме шыны ма?»
 «Өкініш»
 «Теке қарт»
 «Не болды бізге?»
 «Бұдан кейінгі күндерде …»
 «Ойламаған жерден»
 «Үш күн қалғанда» деп келеді.
Басты кейіпкер – тәмпіш қара Шаншатай. Повесте Шаншатайға тән әдептілік, ұқыптылық, еңбексүйгіштік қасиеттер көрінсе, Ертай бойындағы өнерге құштарлық, дүниені бала көзімен қабылдау қасиеттері танылады. Шаншатай бойындағы асыл қасиеттер – әдептілік, ұқыптылық, тазалық, кішіпейілділік пен сыпайылық әңгіме кейіпкерлері Ертай, Бисекүл, Иманбектерге ерекше әсер етіп, үлгі бола білсе, бүгінгі жасөспірімдерге де үлкен өнеге.

Пән мұғалімі: Жарылқасынова Гүлзат Баратбекқызы
C. Сарғасқаев «Тәмпіш қара» повесінен үзінді. жүктеу
2 357
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
С. Сарғасқаев «Тәмпіш қара» повесінен үзінді
С. Сарғасқаев «Тәмпіш қара» повесінен үзінді
Шығармадағы достықты, әділдікті, еңбексүйгіштікті өз бойында қолдану.
Шыбық. Сансызбай Сарғасқаев
Шыбық. Сансызбай Сарғасқаев
Оқушыларды Сансызбай Сарғасқаевтың «Шыбық» әңгімесімен таныстыру. Шығарманың мазмұны мен идеясын меңгерту. Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу.
Сансызбай Сарғасқаев. Шыбық
Сансызбай Сарғасқаев. Шыбық
Сансызбай Сарғасқаевтың өмірімен, шығармаларымен тереңірек танысу. Мәтінді тереңірек түсініп оқуға, талдауға үйрену, мәтіндегі түйінді ойды ашу.
С. Сарғасқаев «Тәмпіш қара»
С. Сарғасқаев «Тәмпіш қара»
Ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой - пікірін қалыптастыру.
Тәмпіш қара повесінен үзінді
Тәмпіш қара повесінен үзінді
Сансызбай Сарғасқаев өмірі мен шығармашылығы турасында қысқаша түсінік беру, повестен үзіндіні оқып, жоспар құруға дағдыландыру, жоспар бойынша түсінік айту, өз сөздерімен жеткізе білу мүмкіндіктерін арттыру;
Сансызбай Сарғасқаев «Тәмпіш қара»
Сансызбай Сарғасқаев «Тәмпіш қара»
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №165 С. Сейфуллин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Жанпейсов Қуаныш Сейтқұлұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×