Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ит пен мысық адамға қалай үйренді?

10 ақпан 2019, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ит пен мысық адамға қалай үйренді?
Сабақтың мақсаты: Әңгімені оқу арқылы мазмұны мен идеясын ашу.
Сабақтың міндеті:
Білімділік: Оқушыларға өлеңнің мазмұнын баяндай отырып, ана туралы ұғымдарын кеңейту.
Дамытушылық: Оқушылардың өлеңді талдау, салыстыру, болжау жасау арқылы қиялын дамыту, бірлесіп жұмыс жасай отырып, оқушының өз пікірін білдіруге, өзгенің ойын тыңдауға ойын дәлелдеуге баулу.
Тәрбиелік: Оқушыларды парасатты, сауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сөздік, (әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ - жауап)
Сабақтың көрнекілігі: ертегінің аудиосы, шал мен кемпір, тышқан, мысық, қасқыр ит суреттері.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, оқулықтарын түгелдеу.
ІІ. Өткен сабақты қайталау.
Үй тапсырмасы. Менің анам өлеңін оқу. Менің анашым шығарма, оқыту.

ІІІ. Жаңа сабақ
Иттер – нағыз етқоректі жануарлар. Тістерінің ішінде ең жақсы дамығаны – азу тісі. Алдыңғы аяқтарында 5 башай, артқы аяғында 4 башай болады.
Иттердің есту, көру, иіс сезу мүшелері өте жақсы жетілген. Үйретуге өте бейім болады. Жыныстық жағынан төбеті 10 – 12 айда, қаншығы 7 – 8 айда жетіледі, жылына 1 – 2 рет ұйығады. Буаздық мерзімі 58 – 65 күн, қаншығы 1 – 2, кейде 12 – 18 соқыр, саңырау, тіссіз күшіктер табады. Құлағы 5 – 8, көзі 10 – 14 күннен кейін ашылып, сүт тістері 20 – 30 күннен кейін шыға бастайды. Күшіктері енесін 1 – 1, 5 айдай емеді. Иттер 10 – 12 жылдай тіршілік етеді. Иттің белгілі бір қызмет атқаруға, аң аулауға үйретілген, сондай - ақ үйде сәндік үшін асырайтын тұқымдары болады. Қызмет иттері тұқымдарын армия, шекара күзеті, милиция істерінде, әр түрлі объектілерді күзетуге, мал бағуға т. б. пайдаланады. Иттің бұл тұқымдарына неміс овчаркасы (шығыс европалық), Кавказ овчаркасы, Орта Азия овчаркасы, орыстың оңтүстік овчаркасы, шотланд овчаркасы (колли), ротвейлер, эрдельтерьер, қара терьер, ризеншнауцер, Москва күзет иті және сүңгуір ит (ньюфаундлендтің отандық типі) жатады.

Мысықтың денесінен бас, мойын, тұлға, құйрық, алдыңғы және артқы аяқтарды ажыратуға болады. Аяқтары тұлғасынан екі жаққа тарбимай, тұлғаны тік көтеріп тұрады. Дене ұзындығы 46 - 191 см, құйрығы 15 - 91 см. Қуйымшағы шоқтығынан жоғары. Тырнақтары тартылған (суматр мысығынан басқаларында). Еркектері мауығу кезінде қатты таласып, ұрысып, шулайды.

Кейбір түрлері жылына 2 рет тұқым береді. Күшіктері (3 - 4 ұялас балалары болады) дәрменсіз, соқыр туады. Жыртқыштар ұсақ омыртқалылармен, балықпен қоректенеді. Мысықтың басында екі құлақ қалқаны көрінеді. Бұл - оған тән ерекшелік. Қарашығы жарық сәулесінің күшіне қарай өзгеріп тұратын бадырайған үлкен көз, қабағы мен үстіңгі ерніндегі ұзын қылшық, ешқандай түгі жоқ тақыр мұрыннан екі танау тесіктері көзге түседі. Мысық - өте саққұлақ жыртқыш. Қорегін аулағанда дыбысын сездірмей, саусақтарының ұшындағы тырнақтарын майлы табанына жасырып алып, білдіртпей жүреді. Ол алдымен жер бауырлап, лезде арқасын бүгеді және аяқтарымен қатты серпіле олжалайтын қорегіне қарай атылады. Осы тұста саусақ ұшындағы жасырылған өткір тырнақтар тарбия ашылып, құйрығы керіледі, құйрық мысықтың бағытын реттейтін бұлқын қызметін атқарады.

Балалар сендердің үйлерінде мысық немесе иттерін барма?
Бүгін біз мысық пен иттің адамға алғаш қалай үйренгендігімен танысамыз.

Кітаппен жұмыс.
Ертегіні оқыту.
Ертегіні тыңдату.

Дәптермен жұмыс.
Ит пен мысықтың пайдасын жазу.

ІV. Сабақты қорытындылау
V. Үйге тапсырма:
Ертегіні мәнерлеп оқу. Түсінігін айту. Күнделіктеріне жазып алады.
Рефлексия - Біз бүгін нені білдік?
- Алдағы уақытты нені білгің келеді?
Оқушылар стикерге ойларын жазады.

Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
Ит пен мысық адамға қалай үйренді? жүктеу
2 675
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тұңғыш ғарышкер Олжас Сүлейменов
Тұңғыш ғарышкер Олжас Сүлейменов
Оқушыларды тұңғыш ғарышкер туралы мәліметпен таныстыру. О. Сүлейменовтың «Тұңғыш ғарышкер» өлеңімен таныстыру. Өлеңнің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Бастауыш сынып мұғалімінің әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспары
Бастауыш сынып мұғалімінің әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспары
Өлең жолдарынан өзіндік ой түйіндеуге баулу. Өлеңнен бес асыл қасиет талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым екендігін түсіндіру. Жаман қасиеттер өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, мал шашпақ екенін ұғындыру.
Менің сүйікті мысығым
Менің сүйікті мысығым
Атырау обылысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, «Жасұлан» балалар бақшасы тәрбиеші Телманова Әсия
Мысық пен тышқандар
Мысық пен тышқандар
Бастауыш сынып мұғалімі: Ауданбаева Лаззат
Мақта қыз бен мысық (ертегі)
Мақта қыз бен мысық (ертегі)
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Б. Аманшин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Махамбетова Сандуғаш Сағынғалиқызы
Абай Құнанбаев "Адам болам десеңіз"
Абай Құнанбаев "Адам болам десеңіз"
Жаман қасиеттер өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, мал шашпақ екенін ұғындыру. Бірлесіп жұмыс жасай отырып, оқушының өз пікірін білдіруге, өзгенің ойын тыңдауға ойын дәлелдеуге баулу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×