Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жылдамдық, Уақыт, Қашықтық

14 қаңтар 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Төлепбаева Гүлмира Әбдіғапбарқызы
Қызылорда қаласы №7 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі

Тақырыбы: Жылдамдық. Уақыт. Қашықтық.
Сыныбы: 4
Мақсаты: 1. Білімділік: Өткен сабақта алған білімдерін пысықтау; жылдамдық, уақыт, қашықтыққа қатысты есептерді теңдеу құру арқылы шешу жолдарын үйрету; баланың ойлау қабілетін қалыптастыру, өзін-өзі бақылауға, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін,өзіндік іс-әрекетін, дүние туралы танымын дамыту. Өздігінен қорытынды шығаруға машықтандыру, пәнге қызығушылығын және белсенділігін арттыру.
3. Тәрбиелік: Білімнің әрқашан қымбат екенін түсіне білуге, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Типі: аралас сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу
Түрі: саяхат-сабақ
Көрнекілігі: интербелсенді тақта

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру Слайд №2
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.4-есеп /ауызша/ Слайд №3
1. Жылдамдық, уақыт, қашықтық қандай әріптермен белгіленеді екен?
2. Жылдамдық деген не? Уақыт неге тең? Қашықтық неге тең?
3. Формуласын жаз
«Ой біл тап!» ойыны. Өлшем бірліктерін дұрыс тап Слайд №4

ІІІ. Жаңа сабақ Слайд №5
- Бір су жаңа «Жигули» машинасы жаңа ғана заводтан шығып, қалаға қарай жол тартыпты. Ол өте әдемі, қатты да жүреді, бір орнында айнала да алады, тормозы да мықты екен. Тек қана оған ешкім де жол ережесін үйретпепті. Қалаға кіре берісте алдынан мынадай белгі шығыпты. Ол қандай белгі?
- Жаяу жүргіншілерге арналған белгі Слайд №6
Машиналар асықпас үшін, Слайд №7
Жаяу адам еркін жүру үшін,
Оларға көмек беру үшін,
Кезекшіміз жыл бойы.
- Сол белгінің тұсына келгенде жигули келе жатқан екі баланы қағып кете жаздапты. Олар кімдер екенін кітабымыздағы 1-есептен білейік. Слайд №8 Қарындасы – 8 (ж) -3 (ж) кіші
Ағасы - ?
Ш: 1) 8 + 3 = 11 (жаста)
2) х – 3 = 8
х = 8 + 3
х = 11
11 – 3 = 8
8 = 8
Жауабы: ағасы 8 жаста
-Енді алдынан мынадай белгі шықты. Бұл қандай белгі? Слайд №9
-Сағатына 60 км жылдамдықтан артық жүруге болмайды.
-Дұрыс. Ал біздің жигулиіміз қандай жылдамдықпен жүргенін білу үшін
3-есептің шартын оқиық. Есепті теңдеу құру арқылы шешейік. Слайд №10
V t S Слайд №11
Жүк м. 60 км/сағ
2 сағ.соң 300 км
Жеңіл м. ? км/сағ
Ш: 1) 300 – (60 * 2) = 180 (км)
180 : 2 = 90 (км/сағ.)
2) 2 * х + 60 * 20 = 300
2 * х = 300 – 120
2 * х = 180
х = 90
Жауабы: 90 км/сағ.
Осындай жылдамдықпен жүрген жигулидің жылдамдығы дұрыс болды ма?
- Жоқ. Енді жигулидің алдынан мынадай белгі шықты. Ол қандай белгі?
- Алда жол жөндеу жұмысы жүріп жатыр деген белгі. Слайд №12
Қолында күрегі бар белгі,
Алда: жұмыс жасалып жатыр дегені.
Ол жермен жүру шектеулі,
Жүргізуші, ол жерді айналып өт көргелі.
Ол жайлы 5-есептің шартын құрып, шешуін табайық. Слайд №13
Барлығы – 80 км
Ш: 80 : 5 + 80 : 4 = 36 (км)
І-күні – 5/1б
80 – 36 = 44 (км)
- ?
Жауабы: екі күнде 36 км, қалды 44 км
ІІ-күні – 4/1б
Қалды - ? км
Сергіту сәті Слайд №14
Оңға, оңға, түзу тұр,
Солға, солға, түзу тұр.
Артқа қарай бір қадам,
Алға қарай бір қадам
Жоғары-төмен қарайық,
Орнымызды табайық!
-Жигули қалаға кірген кезінде алдынан 6-есептегідей бірнеше қиылыстар кездесті. Ол қиылыстарды қандай геометриялық сызықтарға ұқсайтынын ажыратып көрейікші. /ауызша/ Слайд №1,16
а) кесінділер: ОК, ОЕ.
ә) түзулер: АД, СВ.
б) сәулелер: ОА, ОС, ОД, ОВ, ЕВ, КД, ЕС, КА.

- Қиылыста тұрған бағдаршам бізге мынадай ойын жіберіпті, қанекей, орнымыздан тұрып, ойнап көрейік. Слайд №17
Жасыл түс жанғанда – орнымызда тұрып жүреміз
Сары түс жанғанда сол аяғымызды көтереміз
Қызыл түс жанғанда тік тұрамыз.
- Жақсы, сендер бағдаршамның түсін жақсы меңгеріпсіңдер. Біз ойын ойнап тұрғанымызда жол ережесін бұзғаны үшін жол инспекторы жигулиді ұстап алыпты. Қанекей, 8-мысалды топ бойынша орындап, жигулиге жол белгілері жайлы түсіндірейікші. Слайд №18, 19
900:3*2=600
900:(3*2)=150
(900+100):2=500
900+100:2=950
(8000-4000):4=140
8000-400:4=7900

Әр бағандағы мысалдардың нәтижесін салыстырудан шығатын қорытынды: жақшалы өрнектерде жақша ішіндегі амал бірінші орындалады, жақшасыз өрнектерде алдымен көбейту мен бөлу, сонан соң амал таңбалары солдан оңға қарай орындалады. Слайд №20
Біз - жол белгілеріміз! Біздің әрқайсысымызды есте сақтау қиын емес...
Егер де біз 9-мысалдағы тапсырмаларды тез орындасақ, бізге жол инспекторының дайындаған тосын сыйын білеміз.
9-мысал Слайд №21
631 * 2 * 5 = 6310
86 * 50 * 2 = 8600
8 * 25 * 4 = 800
31 * 2 * 500 =310000
37 * 50 * 2 = 3700
27 * 4 * = 27000
- Бір мысалды орындау арқылы біз жигулиге бірнеше жол белгілерін үйреттік.
Сендерге риза болған жол инспекторы 2011 жылдан бастап 1 жылға арналған мынадай куәлік бермекші. Слайд №22
КУӘЛІК
Жол белгілерін жақсы меңгергені үшін 4 «Ә» сынып оқушысы ...
2011 жылдан бастап бір жыл бойы қоғамдық көліктерде тегін жүруіне болады. Жол инспекторы
- Балалар, мінекей көп оқып, көп білгеннің пайдасын көрдіңдер. Сендердің арқаларыңда жигули ертеңнен бастап қаладағы Автомектепте оқитын болды. Аман-есен жүрейік, жол тәртібін білейік. Слайд №23

ІҮ. Қорытынды. Бүгін сабақтан қандай нәтижеге жеттік. Мысалдар мен есептер шығардық, есептердің шешуін табу үшін теңдеу құрдық, сызық түрлерін қайталадық, жол белгілерін есімізге сақтап, жолда абайлап түруге тәрбиелендік. Слайд №24
Ү. Үйге тапсырма. 2, 4-есептер 119 бет, 10-мысал 120 бет, 7-есеп ауызша
ҮІ. Бағалау Слайд №26
27 772
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Бірқалыпты емес қозғалыс. Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды.
Жылдамдық. Уақыт. Қашықтық
Жылдамдық. Уақыт. Қашықтық
Жылдамдық, уақыт, қашықтықпен таныстырып, қозғалысқа берілген есептерді құрастыру және шығаруды үйрету.
Бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептер
Бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептер
Жылдамдық, уақыт, қашықтық байланысына сәйкес бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептерді шығаруға үйрету. Оқушылардың шамаларды байланыстыра есептей білуге, бөлу және көбейту амалдарын орындауға, теңдеу шешу, фигураларды салыстырудағы білім
Қашықтық, жылдамдық, уақыт
Қашықтық, жылдамдық, уақыт
Жылдамдық өлшем бірліктерімен таныстыру, уақыт қашықтық өлшем бірліктерін пысықтау, оларды есеп шығаруда пайдалануға үйрету. Жылдамдық пен уақыт белгілі болған жағдайда қашықтықты табуды үйрену.
Жылдамдық. Уақыт. Қашықтық
Жылдамдық. Уақыт. Қашықтық
Теміртау қаласы, №17 ЖББОМ бастауыш сынып мұғалімі Зиядина Айдана Манненқызы
Жылдамдық. Уақыт. Қашықтық
Жылдамдық. Уақыт. Қашықтық
БҚО, Ақжайық ауданы, Шабдаржап ауылы Харькин орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, әлеуметтік педагогы Мурзалиева Акмарал Муратовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×