Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бұлбұлдың әні

23 ақпан 2019, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі 3 сынып
Тақырыбы: Бұлбұлдың әні
Мақсаты: 1. Мәтін мазмұнын негізгі ойды ұғындыру. Таным мүмкіндіктерін анықтау.
2. Сөздік қорларын жетілдіру, елестету, өз ойларын еркін айта білу қабілеттерін дамыту.
3. Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы табиғатқа деген көзқарасын қалыптастыру. Табиғат қамқоршысы болуға тәрбиелеу.
Міндеттері: 1. Шығарманы талдап, негізгі ойды білу керек.
2. Дамыта оқыту стратегияларын қолдану арқылы шығарманы зерттеу, білімдерін кеңейту.
3. Топпен жұмыс істеу арқылы ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Әңгіме мазмұнына болжау жасау.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, музыка.
Көрнекілігі: Үнтаспа «Құстар үні» құстар суреті, жемшашарлар, семантикалық карта.
Әдісі: Сұрақ – жауап, топпен жұмыс, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттілік,

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
- Балалар, сендерді Ана тілі сабағында көргеніме өте қуаныштымын.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
«Еңбекпен тапқан тиын» ертегісіне әр топ берілген тапсырмалар бойынша дайындалды.
І топ Ертегі бөлімдеріне ат қою.
ІІ топ Ертегі мазмұнына байланысты мақал – мәтел әзірлеу.
ІІІ топ Ертегі мазмұнына көрініс әзірлеу.
Негізгі автордың ойы: «Еңбекпен келген зат болсын ол өте ыстық, қымбат, әрі бағалы.»
ІІІ Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту – бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастыру, яғни сабақта қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не білетінін анықтау.(Үнтаспа үні)
- Ненің үні? (құстар үні)
- Ендеше, бүгінгі сабағымыз нелер туралы болмақ?
- Құстар жайлы әңгіме оқимыз, жұмбақтар шешеміз, ән де айтармыз.
- Ал, кәнекей, құстарға ұқсап, бір сергіп алайықшы.

Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық.
Қолымызды жаяйық,
Құс боп қанат қағайық.
Жоғары төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
- Бүгін біз топпен жұмысымызды жалғастырамыз. Қазір топқа ат таңдап аламыз. Қай топ жұмбақ шешуін дұрыс тапса, сол құстың атын ұтып алады.
1. Қос қанатын иіп ап,
Жарға келіп қонады.
Қара киім киіп ап,
Балшықтан үй салады. (қарлығаш)
2. Бұл не деген шебер еді,
Ормандағы ағаштарды,
Тұмсығымен шегеледі. (тоқылдақ)
3. Қайталап атымды,
Ән салып аламын.
Кез келген ұяға,
Жұмыртқа саламын. (көкек)
1 – қадам Мәтін атын оқимын. Бұлбұл әні.
- Не жайлы болмақ? (Бұлбұл әні туралы)
- Біз осы мәтінді түсіну үшін қандай мақсат қоямыз?
*Мәтін мазмұнынан оқылатын үзінділерді мұқият тыңдау.
*Үзінді арқылы мәтін мазмұнына болжам жасау.
*Топпен жұмыс істеу ережесін ұмытпау: бір - бірінің пікірін тыңдау, өзара ортақ шешімге келу;
2 – қадам Мәтін басын тыңдау.
«Жолдасым Әбдеш екеуіміз тоғай аралап жүріп, бір бұтаның түбіне келіп, отыра кеттік.»
Тапсырма: Не себептен отыра кетті? (шаршады, тынығып алғылары келді, тамақ ішіп алу керек.)
3 – қадам «Таза ауада мамықтай жұмсақ көк шөптің үстіне жайғасып, өткен – кеткенді әңгіме еттік. Кейде бірнәрсеге таласып, керілдесіп те аламыз»
Тапсырма: «Әбдеш және мен» бөлімін негізге ала отырып, мәтінді бұлбұл үнін еститіндей етіп, жалғастырып жаз. (Үнтаспадан Құрманғазының «Бұлбұл» күйін тыңдату.)
4 – қадам «Осылай отырғанымызда, бір сиықсыздау, сарғыш, бармақтай құс бұтаққа қонып алып, дауысы дірілдеп, қарлыққандай қырылдап, сайрай бастады»
- Мына не бір дауысы, не бір түрі жоқ сұмпайы қырқылдап сөзімізге бөгет болды – ау, деп едім.»
Тапсырма: «Сиықсыз құс үні.» бөлімінде неге құстың бабы, жағдайы келмей тұр?
Себептерін айт, дәлелде.
5 – қадам «Осы отырған бұта тұсында ұясы болуы керек. Сондықтан жұмыртқасына тие ме деп қорқып, жүрегі дүрсілдеп, дауысы қалтырап, шабыттана сайрай алмай отыр.»
Тапсырма: Балалар қандай әрекет жасайды? Сен олардың орнында болсаң, не етер едің?
Мұғалім – жеке ойлану – жұппен жұмыс – жобалау кезеңдері арқылы мәтін мазмұнын пысықтайды.
- Мәтінді неше бөлікке бөлуге болады?
І бөлім. Әбдеш және мен.
ІІ бөлім. Сиықсыз құс.
ІІІ бөлім. Балапанның ұясын қорыған құс.
ІV бөлім. Шабыттана сайрау.
- Мәтін бөліктерін сақтай отырып, дауыстап оқиық.

Шығармашылық тапсырмалар:
*Халық болжамдары.
Табиғатты тылсым күшін бақылағыш халқымыз құстардың да қимыл - әрекетін қалт жібермей мынандай болжамдар айтады:
• Құстар ертемен жем іздеуге асықса,
күн жауынды – шашынды болады.
• Далада көкектің «ку - ку» деген дауысын жиі естісеңіз,
алдағы күн ашық болады.
• Бұлбұл ән салса, күн ашық.
Өзі көрінсе, үнсіз жүрсе жауын жауады.
Әр топ бұлбұлдардың түрлерін өзара оқу арқылы танысып, қысқаша түсінігін дәптерге жазады.

Көкқұйрық бұлбұл – Сайрауықтар тұқымдасына жататын көкқұйрықтар туысының Қазақстандағы жалғыз өкілі. Бұл Оңтүстік Сібір құсы Қазақстанда Оңтүстік Алтайдың таулы ормандарында кездеседі. Кішірек салмағы 20 г құс, дене мөлшері мен қылықтары отқұйрық және шыбыншы торғайларды еске түсіреді. Шақыру үні – қысқа сазды «фить» қазақстанда зерттелмеген.
Бұлбұлдың әні жүктеу
1 435
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай Құнанбаев ʻʻҚысʼʼ
Абай Құнанбаев ʻʻҚысʼʼ
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың Абай Құнанбаевтың өмір оның шығармалары туралы білімін кеңейту. «Қыс» туралы өлеңнің мазмұнымен идеясын ашу.
Мамытбек Қалдыбаев «Еліктің лағы»
Мамытбек Қалдыбаев «Еліктің лағы»
Әңгімені мәнерлеп оқуға дағдыландыру, оның мазмұнын түсіндіру, негізгі идеясын ашу, талдауға үйрету, мәтінмен жұмыс жүргізуге баулу.
Еңбекпен тапқан тиын
Еңбекпен тапқан тиын
Рөлге бөліп, оқуға төселдіру. Ертегіні сахналап көрсету. Сұрақ қою арқылы жан - дақты ойлауға үйрету. Дүниетанымын кеңейту, ойлау қабілеттерін, шығармашылық қиялдарын дамыту.
Құмдағы құпия
Құмдағы құпия
Оқушыларды мәтін мазмұнын түсіне білуге, мазмұнын ашу арқылы олардың сөздік қорларын толықтыру. Еңбек етуге, табиғатқа қамқорлықпен қарауға, қорғай білуге тәрбиелеу. Табиғатта болатын өзгерістер жайлы түсіндіре отырып балалардың ой - өрісін, қиялын,
Қыс. Абай Құнанбаев
Қыс. Абай Құнанбаев
Тақырыбы: Қыс. Абай Құнанбаев Мақсаты: Оқушылардың Абай Құнанбаев туралы білімін кеңейту. «Қыс» туралы өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу. Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау.
Еліктің лағы
Еліктің лағы
ШҚО, Аягөз қаласы, № 3 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш класс мұғалімі Нысанбаева Венера Кошербаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×