Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөйлем

15 қаңтар 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың сөйлем және оның түрлері, сөйлем соңынан қойылатын тыныс белгілері туралы алған білімдерін пысықтау
Дамытушылығы: Сөйлем түрін ажырата білуге дағдыландыру, тілдерін дамытып, сөздік қорын молайту. Сауаттылықтарын арттыру.
Тәрбиелілігі: Өз елін, жерін сүйетін азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Слайд топтамалары, сөзжұмбақ шешу

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық.
Қуан, шаттан!
Қуан, шаттан!
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
- Оқушылар көңіл-күйіміз қалай?

II. Үй тапсырмасын тексеру
134 - жаттығу. 1. Мәтінді түсініп оқы.
Жазықсыз сары биік, көкшіл қоныс, ақ көделі әдемі өлке мұнарланады...
Үзілмей, қатаймай, бір қалыппен желпи соққан салқын қоңыр жел қандай рахат! Осы желмен құлпыра толқып, су бетіндегі жыбыр қағып шалқып жатқан алкүрең көде мен селеу далалары... қандай! Сол даладан көз алмай, тоя алмай, үнсіз телміріп, ұзақ-ұзақ қарайды.
2. Қарамен жазылған сөз тіркестерінің байланысын сызба арқылы көрсет.
3. Бір сыңары күрделі сөзден жасалған сөз тіркесін ата.
III. Қайталау сабағы.

IV. Қызығушылықты ояту
«Сөзжұмбақ шешу»
1. Қырық пен екінің көбейтіндісі. (сексен)
2. Өз заманында «Қарлығаш би», «Қарлығаш әулие» атанған би (Төле би)
3. Етістіктің сұрағы. (қайтті?)
4. Көбейтуге кері амал. (бөлу)
5. Ең жақсы баға. (бес)
6. Тау басына жиналған мұз қалай аталады? (мұздық)
- Ендеше оқушылар қандай сөз шықты? (сөйлем)
- Бүгінгі өтетін тақырыбымыз – Сөйлем
(күннің жадын жазып, тақырыпты жазу)
- Енді назарымызды мына экранға аударайық.
«Бәйге» ойынын ойнап көрейік. Мына ұяшықтардың астында сөйлемнен өткенді қайталауға арналған сұрақтар жасырылған, сол сұрақтарға жауап беріп көрейік.
- Сөйлем деген не? Сөйлем неден құралады?
- Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
- Сөйлем қандай әріптен бастап жазылады және қандай тыныс белгі қойылады?
- Сөйлемнің неше түрі бар? Оларды ата.
- Жалаң сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір.
- Жайылма сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір?

V. Оқулықпен жұмыс
137 - жаттығу. Жұмбақты оқы, шешуін тап.
Қанатсыз құс маңып барады,
Көзінен жас тамып барады. (бұлт)
Жұмбақ неше сөйлемнен құралған? Әр сөйлемде неше сөз бар?

138 - жаттығу. Мәтінді тиіс дауыс ырғағымен оқы.
Қарамен жазылған сөйлемдерді көшіріп жазып, тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндір.

VI. Сергіту сәті
Төмендігі өлең жолдарын оқып, әрбір оқушы өзінің атының алдыңғы әрпінен байланысты өз-өзіне жақсы сөз айтады немесе жақсы, әдемі нәрселерге теңейді.
Кел балалар, келіңдер
Мына мені көріңдер.
Мақтанды деп ойлама,
Мен атыма сай бала.

VII. Топпен жұмыс.
Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдырып жаз.
1 - топ:
Қойлар жайылды.
2 - топ:
Асқар келді.
3 - топ:
Дана ойнады.
Жайылма сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талда.

VIII. Жаттығу жұмысы.
139 - жаттығу. Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқы.
Атамекен
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман.
Өлең не туралы?
Сөйлем соңынан леп белгісінің қойылу себебін түсіндір.

IX. Өзіндік жұмыс.
1 - тапсырма.
«Қандай сөйлемдер?» ойыны.
Мұғалім сөйлемдерді оқиды, оқушылар сөйлемге қанадай тыныс белгісін қою керек екенін анықтап, қолдарындағы таңбаны көрсетеді.(.?!)
1. 16 - желтоқсан Тәуелсіздік күніме?
2. Алақай! Ауылдан әжем келді!
3. Қыста аю не істейді?
4. Анам дүкеннен келді.
5. Мереке құтты болсын!
6. Күн суытты ма?
2 - тапсырма.
Адасқан сөздерден мақал құрастырып жаз.
1. Асырайды, тігіншіні, инесі
2. Шәкірт, озар, ұстаздан.
3. Жан, жақсы, семірер, сөзге.

X. Сабақты қорыту.
Тест сұрақтары арқылы ауызша жауап алынады.
1. Сөйлем дегеніміз не?
А) Адамның көңіл-күйін, сезімін білдіреді.
В) Аяқталды ойды білдіреді.
2. Сөйлемнің неше түрі бар? Атауын көрсет.
А) 3 - түрі, сұраулы, лепті, хабарлы сөйлем.
В) 2 - түрі, жалаң, жайылма сөйлем.
3. Сұраулы сөйлемді көрсет.
А) Сенде қарындаш бар ма?
В) Менде қарындаш бар.
4. Хабарлы сөйлем соңына қойылатын тыныс белгі.
А) (?) - сұрақ белгісі
В) (.) - нүкте
5. Лепті сөйлем дегеніміз не?
А) Адамның көңіл-күйін, сезімін білдіреді.
В) Бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлем.

XI. Үйге тапсырма: 140 - жаттығу.
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар биік шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Әрқашан болсын бойың да!
XII. Бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 732
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Сөйлем
Сөйлем
Сөйлем туралы түсініктерін нығайту. Сөйлем түрлері жайлы білімдерін толықтыру. Сөйлем түрлерін ажырата білуге үйрету.
Ш дыбысы мен әрпі
Ш дыбысы мен әрпі
Қызылорда қаласы, № 172 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жалғасбаева Ләззат Әбілбайқызы
Хабарлы сөйлем
Хабарлы сөйлем
Атырау облысы, Жылыой ауданы, №1 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Карағанды облысы, Осакаров ауданы, «Осакаровка кенті, № 1ОМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Габдуалиева Жанна Болатовна
Ғажайып төрттік
Ғажайып төрттік
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Құрма ЖОББМ Бөкен Қазбек Маратұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×