Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жауын - шашын. Суды қорғау

03 наурыз 2019, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Жауын - шашын. Суды қорғау.
Сабақтың мақсаты: Жауын - шашынның пайда болуын түсіндіру, түрлерімен таныстыру.
Міндетттері: а) білімділік: Жауын - шашын және оның түрлері туралы түсініктерін қалыптастыру; жауын - шашынның пайда болуы туралы түсіндіру.
ә) дамытушылық: Қосымша тапсырмалар, сөзжұмбақ орындату арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.
б) білімділігі: Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, табиғатқа деген қызығушылығын туғызу және оны
қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, тесттік тапсырмалар.
Көрнекілігі: Слайд, суреттер. (тәжірибе құралдары)

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Келген қонақтармен амандасу.
- Балалар, бүгін біздің сыныбымызға қонақтар келіп отыр. Қазақ халқымыз ежелден қонақжайлылығымен танылған, бізде өз қонақжайлылығымызды көрсетіп, қонақтарымызды жақсы қарсы алып, тамаша көңіл - күй сыйлайық.

ІІ. Жаңа сабақ. Ойға шабуыл.
- Оқушылар, өткен сабақта қандай тақырып өттік?
"Табиғаттағы су. Бұлт және тұман".
Сиқырлы сандық сұрақтары:
1. Табиғатта су қай жерлерде, қандай күйде кездеседі? (Жер шарының төрттен үш бөлігі, адам денесінің жартысынан көбі су құрайды. Өзен көлдер, мұхиттар, жауын - шашын).
2. Жел дегеніміз не? (Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуы)
3. Күн сәулесі нені қыздырады? (ауа түссіз, мөлдір болғандықтан жер бетін қыздырады.)
4. Бұлт қалай құралады? (Жер бетінен жоғары көтерілгенде ауа салқындайды. Оның құрамындағы бу ұсақ су тамшыларына немесе мұз түйіршіктеріне айналады. Олар шоғырланып бұлт түзеді.)
5. Бұлттың түрлері? (Шарбы, будақ, қабат).
6. Табиғатта су өте көп мөлшерде қайда кездеседі? (өзен, көл, мұхит).
Тәжірибе көрсету. Қайнаған суды шыны ыдысқа құйып, үстіне салқын тәрелкемен жауып қоямыз. Сонда, су буланып, тәрелке бетіне су тамшылары түзіледі.
Жер бетінен көтерілген бу салқындап, су тамшыларына айналады. Су тамшылары бірігіп ауырлайды да, жерге жаңбыр болып жауады.
Құрлық беті қатты қызғанда жерден көтерілген су буы ауаның салқын қабаттарында бірітіндеп су тамшыларына, одан да салқын қабаттарына жеткенде қар - мұз қиыршықтарына айналады. Осының нәтижесінде бұршақ жауады.
Қыста үлкен биікте су тамшалары қатып, әуелі ине сияқты мұз түйіршіктерін түзеді. Олар бір - біріне жабысып, қар ұлпасына айналады. Қар кристалдары әр түрлі, қайталанбайтын болып келеді.

Жаңбыр, қар, бұршақ - жауын-шашынның түрлері.

Сергіту сәті.
Жұмбақ шешу:
Етек жеңі жиналмай,
Дауыл тұрса дым қалмай,
Түйдектеліп көшеді,
Тоз - тоз болып өшеді
(Бұлт)
Жарқ - жұрқ етіп қанжары
Көк теңізді осады.
Жалт - жұлт етіп жон жалы
Арыстан даусын қосады.
(Найзағай)
Дауыл ақ дән ұшырып,
Шашып өтті аспаннан.
Шекемізді ісіріп,
Қаштық үйге сасқаннан
(Бұршақ)
Көктен жетеді,
Шөпке сүңгіп кетеді.
(Жаңбыр)
Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді. (Ауа)

Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолын тоңады. (Қар)

Құрлық бетіне түскен жаңбырдың біразы сіңіп, жер асты суларын құрайды. жиналған су енді еңіс жаққа қарай жылжып, өзен жағасында, сай табанында бұлақ түрінде ағып шығады. Бұлақ ылдиға қарай бір ізбен ағады. Оны жылға дейді. Жылғалар өзенге айналады. Өзеннің ағып шығатын жерін бастау дейді. Өзен ойысты бойлап ағады. Оны арна дейді. Жолда келіп қосылған ұсақ өзендерді саласы дейді. Көлге, теңізге қосылатын жерін сағасы дейді.
Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды көл деп атайды.
Судың ластануы туралы айтып өту.
Әр топ "судың ластануы" туралы сурет салу.
Өз ойларын ортаға салу: "Өскенде суды қорғау үшін қандай шаралар атқарар едің?"
Бекіту.
Тест тапсырмаларын орындау.
Сұрақтары:
1. Судың 3 күйі...
а) мөлдір, сұйық, түссіз
ә) сұйық, қатты, газ тәрізді
б) ерігіш, қатты, жылы
в) газдалған, мөлдір, сұйық.

2. Жаңбыр, қар, бұршақ - бұл...
а) жер асты сулары
ә) бұлт түрлері
б) тұман түрлері
в) жауын - шашын түрлері

3. Өзеннің көлге, теңізге барып құятын жерін не деп атайды?
а) сағасы
ә) бұлақ
б) бастау
в) арна
Жауын - шашын. Суды қорғау жүктеу
1 629
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстан аумағындағы атмосфералық жауын-шашынның таралуы
Қазақстан аумағындағы атмосфералық жауын-шашынның таралуы
Қазақстан аумағындағы жауын-шашынның таралуын сипаттау арқылы тақырыптық және кескін картамен жұмыс жасау барысында іскерлік дағдылары мен икемділіктерін дамыту
Қазақстан аумағында атмосфералық жауын-шашынның таралуы
Қазақстан аумағында атмосфералық жауын-шашынның таралуы
Қазақстанда жауын-шашынның таралуының әркелкілігін картамен жұмыс жасау. Ылғалдану коэффициенті туралы ұғымын қалыптастырып, географиялық есеп шығарту;
Қазақстан аумағында атмосфералық қысымның, жауын-шашынның таралуы
Қазақстан аумағында атмосфералық қысымның, жауын-шашынның таралуы
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аумағында атмосфералық қысымның, жауын-шашынның таралуы.
Атмосфералық жауын - шашын
Атмосфералық жауын - шашын
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының география пәні мұғалімі Амантаева Гүлсім Омарқызы
Жер асты суы. Құдық
Жер асты суы. Құдық
Қостанай облысы, Рудный қаласы, №19 орта мектебі ММ бастауыш сынып мұғалімі Дангилова Айгүл Бақытжанқызы
Қазақстан аумағындағы жауын-шашынның таралуы.
Қазақстан аумағындағы жауын-шашынның таралуы.
Қызылорда қаласы, Талдыарал елді мекені №215 орта мектебінің география пәні мұғалімі Нұрымбаева Ақмарал Тақырыбы: Қазақстан аумағындағы жауын-шашынның таралуы. Мақсаты: Оқушыларға жауын-шашынның таралуы туралы мағлұматтарын толықтыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×