Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

М. Дулатов Наурыз

04 наурыз 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың атауы: М. Дулатов Наурыз
Мақсаты: Өлеңнің мазмұнын ашып түсіндіру, мәнерлеп оқуға үйрету. М. Дулатов өмірімен таныстыру. Өлеңдегі ойды жеткізе білу қабілеттерін дамыту, Табиғат өзгерістерін түсіне білуге, қазақ халқының дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, Тірек - сызба, М. Дулатов суреті, ребус, Наурыз көрінісі.

Психологиялық ахуал
Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім.
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі!
Бүгін біз топпен жұмыс жасаймыз. Топ басшыларын сайлап аламыз. Топ басшылары бағалау парақшалары арқылы өз топтарын бағалап отырады.

Қызығушылықты ояту
Бүгінгі сабағымыз мынадай бөлімдерден тұрады.
І. Қайталау - сөз анасы
ІІ. Ой түбінде алтын бар, ойлай білсең табылар.
ІІІ Білгенге маржан - білмеске арзан
ІV. Ойға түстім ойландым.
V. Сәулең болса кеудеңде. Олай болса сабағымызды бастайық.

І - бөлім. Қайталау - сөз анасы. (Үй тапсырмасын сұраймын). Білімді жан - жақты тексеру
Өлең не жайында екен?
Мағынаны тану

Мағынаны тану
Жаңа сабаққа даярлық кезеңі ІІ. Ой түбінде алтын бар, ойлай білсең табылар. Ребус шешу
,, Р,
- Міне балалар ребусты шешу арқылы жаңа сабағымыздың тақырыбын ашып алдық. Бүгін біз М. Дулатовтың «Наурыз» өлеңімен танысамыз. Ақын, қоғам қайраткері, жазушы, көсемсөз шебері, қазақтың аса көрнекті ағартушысы. Туған жері — Сарықопа уезінің, Торғай облысының үшінші ауылы (қaзipгi Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897 - 1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады.

Оқулықпен жұмыс

Ой шақыру:
Бағанадан бергі жапсырмалауымыздың нәтижесінде жыл мезгілдерінің бірін бейнеледік. Бұл қай жыл мезгілі? Көктем. Ал көктемнің алғашқы айы қалай аталады? Наурыз. Наурыз дегенде есімізге не түседі. Наурыз айындағы мерекелер. Ұшып келе жатқан құстар, өрісте жайылып жүрген мал, жайқалып өсіп жатқан гүлдер. Қосымша:
- Наурыз қандай мейрам?
- Наурыз мейрамы - ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.
- Оқушылардың тізбектей оқуы
- Өлең не туралы?
М. Дулатов Наурыз жүктеу
2 129
0
  • 0
0 дауыс

Жаңалықтар
М. Дулатов Шешенің балаларын сүюі!
М. Дулатов Шешенің балаларын сүюі!
Жаңа сабақпен танысу; оқушыларға өлеңдегі негізгі ойды ұғындыру, түсініп дұрыс оқуға, қорытынды шығаруға машықтандыру. Отбасы ата - анаға деген сүйіспеншілік құрметтерін еске түсіндіру.
Етістікті қайталау, Болымды және болымсыз етістік
Етістікті қайталау, Болымды және болымсыз етістік
Етістікті қайталау, Болымды және болымсыз етістік. Өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтай отырып, етістік туралы берілген білімді әр түрлі материалдар - ойындар бойынша еске түсіру, талдау.
М. Дулатов «Қош келдің, Наурыз!»
М. Дулатов «Қош келдің, Наурыз!»
Оқушыларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру Диалог жүргізе отырып, сөздік қорын дамыту
Адам әрекетінің қоршаған ортаға әсері
Адам әрекетінің қоршаған ортаға әсері
Адам әрекетінің қоршаған ортаға әсері. Негізгі түйінді идея: Табиғатқа төнген қауіп туралы түсіну. Оқу мақсаты: Қоршаған ортаны қорғауға және сақтауға талпыну.
Қарсы мәндес сын есім
Қарсы мәндес сын есім
Тақырыбы: Қарсы мәндес сын есім
Міржақып Дулатов "Наурыз"
Міржақып Дулатов "Наурыз"
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Бейнеу селосы, Абай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нурмухаммедова Карлыга
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×